Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы


Slide 1

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Slide 2

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Мұхтар Шаханов

Slide 3

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы

Халық шаруашылығының

тоқырауы

2. Қазақ тілінің жағдайы

Семей полигонындағы

жарылыстар

КОКП V пленумы.

Д. Қонаевтың кетуі,

Г. Колбиннің билік

басына келуі.

“Қазақ ұлтшылдығы” айдарын

таққан М. Соломонцев

болды. 1990 жылдың

21 мамырында КОКП ОК

“Қазақ ұлтшылдығы”

айдарынан бас тартты.

“Қазақстандағы 1986 ж.

желтоқсанның 17-18-гі

оқиғаларға қатысқаны үшін

жауапқа тартылған

азаматтарды ақтау

туралы” Н. Ә. Назарбаев

Алматы. 1991 жыл.

12 желтоқсан

Қозғалысты басу үшін

“Метель - 1986” атты

оперативті жоспар.

3200 адам.

11 өрт сөндіруші.

15 БТР қатысытырылды.

1. Ұлттың өзін - өзі тану

сенімінің оянуы

Одақтас

республикалардың

егемендігіне

сипаттама берді.

Социалистік

құрылыстың күйреуі.

Slide 4

Сол кездегі бейнекөріністен үзінді

Slide 5

ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫ

Қайрат

Рысқұлбеков

Ләззат

Асанова

Сәбира

Мұхамеджанова

Ербол

Спатаев

Slide 6

1981 - 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984 - 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді.

1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Осы жылы 16 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. . Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков - ең жоғары жаза - өлім жазасы - атуға бұйырылды. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

(13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы - 21 мамыр 1988, Семей қаласы) - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. 1973 - 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды.

Slide 7

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Рысқұлбековтың анасына халық қаһарманы белгісін тапсыруда

Slide 8

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей.

Slide 9

Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қ-нда болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған.

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27. 07. 70, Алматы облысы ПанфилоD ауданы Ақжазық а. - 25. 12. 86, Алматы) -1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан

Slide 10

1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. 1986 жылдың 19 желтоқсанында Өскемен қаласындағы әмбебап дүкенінің маңайына жиналған жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, ізгі-тілек, ниетін білдіруге барған. 16-желтоқсан күні өткен жиналысқа анасымен бірге барған Сабира атып тұрды Ол: (Саңқ-саңқ етіп) -Бәріне кінәлі мен. Алаңға мен үгіттеп апардым . Оларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, -деп таймастан. Күтпеген жерден кесіп айтқан Сабираның сөзінен жұрт тынып қалды. Оларды семсердей сөздің сесі басты. -О, не дегенің, қызым-ау, - деген анасының шарасыз даусы ғана естілді. Кенеттен Сабира жиналысты тастай салып жүгіре жөнелді. Дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сабира Мухамеджанова жатаханың 5-қабатынан құлап өледі. Үлбіреген қызғалдақ мезгілсіз қиылды.

Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны-Сабира Мухамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы Ленин жолы атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды

Slide 11

Сол жақтан санағанда 2 қатарда жетінші тұрған Сәбира 1 сынып оқушысы .

Slide 12

Сәбираның 8 сыныпты үздік бітірген аттестаты

Slide 13

Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны - Ербол Сыпатаев. 1986 жылдың 18- желтоқсанында сағат 20- да ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының екінші курс студенті Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздын екінші бөлімшесінде туып өскен. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. Мектепті жақсы бітіріп, қазақ әдебиетіне ерекше бейімділігі жөнінде мақтау қағазын қоса алды. Әскер қатарында жүргенде де, институтта да мақтау қағазымен мадақталды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
Діни экстремизм: психологиялық аспектілер
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан оқиғасының сипаты
Әдебиет пен өнер
Желтоқсан оқиғасының салдары
Желтоқсан көтерілісі туралы
Көтеріліс хронологиясы
Қазақ халқының азаматтық соғыстағы сұлтаны кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz