ле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды


Slide 1

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

Орындаған: Серікқанова А. Д

Slide 2

Құрылған мерзімі: 15 мамыр

1931 жылы

Орналасқан жері: Алматы облысы

Slide 3

Іле Алатауының орталық

бөлігіндегі табиғат байлығын

қорғау және ғылыми - зерттеу

жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.

Құрылу Мақсаты:

Slide 4

Қорықтың ауданы: 73, 34 мың га

Slide 5

Климаты:

Жылдық орташа ауа температурасы 8, 9 0 С

Тау беткейінде 1, 5 0 С 3000 м - ге дейін

Ал биік тау беткейінде яғни 3000 м биіктікте 7 айға дейін созылады

Тау беткейлерінде суық ауа кезеңі 4 айға дейін созылады

Slide 6

Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400 - 5017 м биіктікте орналасқан Талғар тау жоталары енеді.

Slide 7

Алматы қорығының бір артықшылығы - тау беткейлерінде әр түрлі өсімдік белдеулерімен ұштасып жатуымен ерекшеленеді.

Slide 8

4 биіктік белдеуден тұрады.

Орманды дала белдеуі

1300-2600 м

Жабайы жеміс ағашты орман

1400-2800м

Субальпі белдеуі

2600- 3000 м

Мұз басқан құздар

3800 мден биік

Алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі

Тянь - Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орман

Жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады

Ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр

Slide 9

Қорықта өсімдіктердің 1300 - ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар

Slide 10

Шренка шыршасы

Солтүстік Тянь - Шанның

басты биоценозы, эндемигі. Қарағай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, өте сирек кездесетін ағаш. Теңіз деңгейінен 2800 - 3100 м биіктікте өседі. Биіктігі 250 см - ден 50 м - ге дейін, жуандығы 2 м - ге жетеді. Діңінің қабығы - қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2 - 3, 5 см, ені 2, 0 мм-дей. Мамыр айында гүлдейді. Тұқымы -майда, қоңырқай түсті, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз - қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу, содан кейін тез өседі. 250 -300 жыл жасайды. Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға азаюына байланысты, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Slide 11

Сиверс алмасы

Раушангүлділер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік - шығысындағы тау сілемдерінде кездеседі. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени туыстың жабайы туысы. Түр пішінінің алуантүрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмімен ерекшеленеді. Популяцияның көпшілік мөлшері Алматы қорығында қорғалады. Одан басқа қорық, қорықша, парктерде қорғауға алынған.

Slide 12

Жануарлар дүниесі:

Қорықтың жануарлар дүниесі алуантүрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200 - ден астам құстардың түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь -Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық сүзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғақшалар мекендейді.

Slide 13

Қорытынды

Алматы қорығының негізгі

міндеті - осы өлкедегі табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту. Қорықта халық шаруашылығы үшін маңызы зор шырша орманы, тау жағдайына төзімді жануарлардың жаңа тұқымдарын шығаруға негіз болатын табиғат байлығының әр алуан түрлері қорғалады. Қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстардан басқа, осы өлкенің табиғат байлықтары - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, таудың сұлу көрікті орындарын өз қалпында сақтап, келер ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Алматы қорығының негізгі ғылыми міндеті - Іле Алатауы қойнауындағы табиғат кешенін қорғай отырып, оны жете зерттеу болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Наурызым ормандары
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Қорықтар орналасуы картасы
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ
Бастауыш мектепте дүниетану танымжорықтарын ұйымдастыру
Дала зонасы
Ұлттық саябақтар
Экологиялық сараптама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz