М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология факультеті
15- дәріс
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы
Қазіргі әуезовтану ғылымының бағыт-бағдары, соңғы зерттеулер

Дәріс мақсаты:
М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығының зерттеу тарихымен, зерттеген ғалымдардың монографияларымен таныстыра отырып оқыту.
Дәріс міндеті:
М. Әуезовтың еңбектерін жан-жақты зерттеп, ерекшеліктерін анықтау

“М. Әуезов - өз дәуірінің айнасы, келешекті кескіндеуші” Ш. Пужоль

М. Әуезов шығармашылығы жайлы пікірлер:
“Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Менің ойымша “Абай” эпикалық романы - 20 ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен ерекше ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын”
Луи Арагонн
М. Әуезов - сайын дала жыршысы”
А. Фишлер

1917 - 1927 жылы аралығында Әуезовтің зерттеу мақалалары, алғашқы әңгімелері, драм. шығармалары жарық көріп, драматург, прозашы, публицист және қоғам қайраткері ретінде танылып, бірегей дарын екенін байқатқан кезі. Осы кезеңде
“Еңлік - Кебек” пьесасы туралы С. Мұқановтың (“Тілші”, 2. 10. 1925),
Мұстафаның (“Еңбекші қазақ”, 18. 3. 1928)
“Бәйбіше - тоқал” хақында Даниалдың (“Ақ жол”, 23. 12. 1923; “Сана”, 1924, ғ 2-3),
Ғ. Сағдидың (“Ақ жол”, 16. 12. 1923),
Смағұлдың (“Еңбекші қазақ”, 31. 1. 1926), т. б. мақалалары жарияланды
1-кезең

Әуезовтанудың екінші кезеңі Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы мен Абайтану саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты. “Абай” романының жарық көруіне орай (1942), бұл шығарманы Қазақ әдебиетінің зор табысы деп бағалаған Б. Кенжебаевтың, Е. Ысмайыловтың, Т. Нұртазиннің, Ғабит Махмұтұл Мүсіреповтің, т. б. пікірлері жарияланды. Романның 2-кітабы жарық көрген соң (1947), одақтық мерзімді басылымдарда В. Жирмунскийдің, Л. Климовичтің, З. Кедринаның, М. Фетисовтың, П. Скосыревтің, т. б. мақалалары басылды. Соғыстан кейінгі жылдары идеол. қысым қайтадан күшейе түсті де, Әуезовтің шығарм. тағы да сын нысанасына айналды.
2-кезең

Әуезов драматургиясынан кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, көлемді моногр. зерттеу жұмыстары жазылды
3- кезең

Әуезовтің әдеби мұрасын толық қамтып, әлем жұртшылығына таныту мақсатында күрделі ғыл. -зерттеу жұмыстары (естеліктер жариялау, Жазушының эпистолярлық мұрасын жинақтау, әр салалы библиогр. көрсеткіштер даярлау, шығармаларын шет ел тілдеріне аудару) жүргізіліп, көптеген игі істер тындырылды. “Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасы” (“Ғылым” баспасы, Алматы, 1997), “Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармаларының шежіресі” (“Ғылым” баспасы, Алматы, 1997) деп аталатын ұжымдық еңбектер жарық көрді. Жазушының алты томдық (1957), он екі томдық (1967), жиырма томдық (1987) шығармалар жинағы жарияланып, елу томдық толық шығармалар жинағын шығару қолға алынды (1997) .
Қазақ Жазушыларының арасында әлем халықтары тілінде ең көп басылым көргені де, танымалысы да М. Әуезов шығармалары болып отыр. “Абай жолы” эпопеясын француз тіліне аударған Луи Арагонның: “Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Менің ойымша “Абай” эпикалық романы - 20 ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен ерекше ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма кеңес әдебиеі туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын”, - деп бағалауы Ә-дың әлемдік деңгейге көтерілгенін танытты.

Басылым
Әуезовтің Абайтану, фольклортану, Қазақ әдебиеті тарихы саласында жазған ғылыми еңбектері қайта басылып, зерттеушілер назарын өзіне аударумен келеді. Ғұлама ғалымның Қазақ ауыз әдебиеті, “Манас” эпосы, Абайтану жөніндегі ғылыми зерттеулері туралы моногр. еңбектер жазылды, жүздеген мақала, зерттеулер жарияланды. (М. Мырзахметұлы, т. б. ) .

Дереккөздер
Кедрина З. С., Мұхтар Әуезов, М., 1951;
Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов, А., 1957;
Лизунова Е., Мастерство Мухтара Ауэзова, А. -А., 1968;
Ауэзова Л. М., Исторические основы эпопеи “Путь Абая”, А. -А., 1969;
Мухтар Ауэзов - классик советской литературы. Сб., А., 1980;
Мырзахметов М., “Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары”, А., 1982;
Ахметов З., Поэтика эпопей “Путь Абая” в свете истории ее создания, А. -

Назарларыңызға
рахмет !
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz