Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы



СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Амангелді А. А. Е - 415 топ
Тексерген: Серикова Н. У.

ЖОСПАР
Халықтық педагогика
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы
Қазақтың мақал-мәтелдері
Қазақтың жаңылтпаштары
Қазақтың нақыл сөздері
Қазақтың ырымдары
Аңыздар

Халықтық педагогика қазіргі педагогика мен ежелгі педагогикалық мәдениетті біріктіреді.
1926 жылы “Халықтық педагогика” деген атау-ұғымды алғаш ұсынған С. Т. Виноградов: “Халықтық педагогика - тұлғаны қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы, яғни халықтың тәлім - тәрбие тәжірибесі”, -деген.
Халықтық педагогиканың мақсаты: ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.

Г. Н. Волков
“Халықтық педагогика - халық ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, балалар ойындарында, т. б. көрініс тапқан педагогикалық деректер мен тәжірибенің жиынтығы, біртұтас ұлттық мәдениет. Халық педагогикасы таза халықтық тәжіриебеге негізделген тәжірибенің эмпирикалық түрі және ол педагогиканың ғылыми зерттеу обьектісі”

Халық педагогикасы мен этнопедагогикасының байланысы

М. И. Стельмахович
“Халықтық педагогикаға нақты бір этностық қауымға қатыссыз эмпиризмдік педагогикалық білімдер мен құралдар енеді. Этнопедагогика нақты бір этносқа қатысты, оның ұлттық ерекшелігін көрсететін ппедагогикалық дәстүрмен байланысты. Педагогика еңбекшілердің тұрмысы және санасымен байланысты болғанда халықтық сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан келгенде, халықтық пен ұлттықта халық пен ұлттың тәрбиелік мүдделері бар” (М. И. Стельмахович. Традиции и тенденции развития семейной этнопедагогики украинского народа. -Киев, 1989ж. )

С. А. Ұзақбаев
“Халықтық педагогика - ұрпақтан - ұрпаққа, көбіне, ауызша түрде халық шығармашылығы арқылы берілген тәрбие мен оқыту саласындағы халықтың білімдері, іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы. Олардың негізінде белгілі бір әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер қалыптасты” (Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие. - Алматы, 1993ж. )

Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.

Жаңылпаш ойын - сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.
“Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.

Заңгер меңгергенді,
Дәрігер меңгере ала ма?
Дәрігер меңгергенді,
Заңгер меңгере ала ма?
Өрісінде жүз бір өгіз,
Сұрап алдық біз бір өгіз.
Сұрадыңыз сіз бір өгіз . . .
Есебін ап біз жүреміз.
Досым тойға араласты,
Көшім қойға араласты.
Қойға араласқан бала
Қойшыға қой қораласты.
Анау арал қай арал
Қайыңды арал, талды арал
Ішінде бұзаулы ала марал
ЖАҢЫЛТПАШТАР

А. Байтұрсынов
«Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тiл келмейтiн, иә тiл басқа сөз қылып бұзып кететiн сөздердiң басын құрап, келiстiрген шығарма жаңылтпаш деп аталады»

Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
«Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық»
«Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық»
«Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»

Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
Ердің жаксысы Елімен ойласады. Әйелдің жаксысы Ерімен ойласады.
Ынтымаксыз елді - Ұрысы билейді. Ынтымакты елді - Дұрысы билейді.
Ел болатын жігіттер, Ел намысын жыртады, Ел болмайтын жігіттер, Елін ұрлап кұртады.
Акылсыз адам айкай келеді, Жан-жағын жайпай келеді. Акылды адам жай-жай келеді, Жан жағын байкай келеді.
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, Білімінде.

Күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды.
Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тұтас дүние.

Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл . . .
Абай Құнанбаев
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Абай Құнанбаев
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Абай Құнанбаев

Мен қазақтардың арасында қысқа уақыт болған шағымның өзінде бұл халықтың талай асыл қасиеттерін көрдім.
Э. П. Зиннер
Қазақ меймандос халық, ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді, асының дәмдісін соның аузына тосады. Олар ерекше ақкөңіл, жігерлі де, сергек адал жандар.
А. И. Левшин
Қазақтар сондай сүйкімді, сондай байырғы, әрі қарапайым, мен оларды көргенде не болғанымды білмей кетемін.
Т. Г. Шевченко

Жас келіндерге және дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар.

Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді.
Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді.
Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.
Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.

Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар

Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді.
Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.

Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды. Бұл -«сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын» деген ырымнан туған ежелгі салт. Егер сәби үй иелерінен суық рай көріп, кейіген кейіппен қайтса, «бұл шаңырақтан - бақ, төрден - бақыт, дәннен - ырыс кетеді» деп ырымдалады.
Халқымыз үйге келген кісіге астан дәм татырмай жібермейді. Ертеде қазақтар бар болса, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар ұсынатын болған. Асты қадірлейтін қазақ «дәм-тұзымды тат, расынды айт» дейді. Қастандық қылған біреу жайлы «дәм-тұзыма тапсырдым» дейді. «Татқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» деп өлеңдетеді.

Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, аттан түйе, дөнен өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет тураған соң, пышағын өзі сүртіп, қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, пышағын сұрамайды. Сұраса, «қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.

АҢЫЗДАР

Фольклор жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1 - томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады.

Қазақ аңыздарының
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАР РЕТІНДЕ СУРЕТТЕЛЕДІ.

Жер ана туралы аңыз
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz