Сайтқа презентация қосу

Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультет

БӨЖ
Тақырыбы:Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері.

Орындаған: Толеуова Д. М. Топ:ВС-203 Тексерген: Серикова А.Т.

Жоспар:
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім ІІ. І. Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. ІІ.ІІ. Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Сазқұндызы ірілеу келген кеміргіштер қатарына жатады. Денесі құрылықта, суларда тіршілік етуге бейімделген, артқы аяқтарының бақайлары арасында жүзу жарғақтары болады. Денесінің түктері ұзын және жуан деп үшке бөледі. Жүндерінің реңі — қоңыр кошқылдау,біртүстес, ал бүйірі сарғыштау. Саз құндызы бір кездерде Оңтүстік Американың субтропикалық және тропикалык суларында мекендеген. XX ғасырда Солтүстік Американың оңтүстігінде, Қытайда қолда және торларда кебейтілуде. Сазқұндыздарын союға қабылдау тәртібі. Саз құндызының еті  және басқа өнімдері міндетті түрде ветеринариялық санитариялық сараптаудан өтуі шарт. Сойыс өніміне қабылдамас бұрын ветеринариялық куәлікпен танысады. Артынан сазқұндыздарына ветеринариялық тексерулер жүргізеді. Сояр алдында 12 сағат азықтандырмайды. Жабайы кәсіби жануарлар мен ауланатын құстарды аулау - аң аулау объектісі болып табылатын  жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түрі.


Топалаң
Топалаң. Ауыл шаруашылық жануарлары, жабайы аңдар және адамдардың аса жүғымтал індетті ауруы. Сойғаннан кейінгі диагностика. Сібір жарасымен зақымдалған жануарлардың ауруын патологиялық  үрдістердің нәтижесімен анықтайды. Септикалық формада ұша нашар қансызданады, серозды қабықтарда кан ұю байқалады. Көк бауыр ұлғайған, тіндері қою қоңыр түсті, қаны қою, ұйымаған. Бауыр, буйрек, жүрек ұлпалы дегенерация жағдайында, өкпесі тығыз, өліеттенген.


Ауруға қарсы жүргізілетін шаралар және сойыс өнімдеріне санитариялық баға.
Топалаңға (сібір жарасы) күдік туған жағдайда сою үрдісін дереу тоқтатады. Күдікті ұшадан көк бауырды, өзгеріске үшыраған ұлпалардан, зақымдалған лимфа түйіндерінен сынама алып бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жібереді. Нәтиже шыққанға дейін ұшаларды бөлек жерде оқшаулайды. нәтижелі болса, бактериологиялық зертгеуді  Бактериоскопия күтпей ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге өртеуге жібереді. Саз құндызынан қалған басқа да өнімдерді, шикізаттарды да міндетті түрде жояды.  Сау сазқұндызынан алынған, бірак сібір жарасымен жанасқан теріні 1% кремнефтористік натрий мен заласыздандырып, теріні 0,7% күкірт қышқылымен және 10% ас тұзында48 сағат ұстайды. Терілерді заласыздандырып болған соң 10% ас түзында 0,5% кальций содысында 1:4 сұйық қатынаста бейтараптайды. Бейтараптау реакциясының нәтижесін индикатор қағазымен анықтайды.


Топалаңмен зақымдалған ұшалар мен ішкі ағзаларды жойғаннан кейін бөлмені толык залалсыздандырады. Қызметкерлерді санитариялық-дәрігерлік қадағалаудың нұсқауымен санитариялық тексеруге жіберіледі. Басқа өнімдерді сойғаннан кейін 6 сағат ішінде қайнатып заласыздандырады. Егер бұл шара мүмкін болмаса, барлық ұшалар мен ішкі мүшелерді өртеу аркылы көзін кұртады. Бактериоскопиялық зерттеу теріс нәтиже берсе, өнімдерді бактериологиялық зерттеу нәтижесі шыққанша оқшаулайды. Сібір жарасы табылған зертханада, қалған өнімдерді тез арада  жойып, бөлмені жақсылап заласыздандырады. Сібір жарасымен зақымдалған ұшаның орнын 5% белсенді хлор бар хлорлы әкпен, ал еден, қабырғаларды 2% белсенді хлоры бар ерітіндімен залалсыздандырады. Бөлмені үш қайтара залалсыздандырады. Пышақ, шанышқы, мусаталарды, ілмектерді 30 мин қайнатып, 5% калцийденген соды да, ал қызметкерлердің киімдерін автоклавта залалсыздандырады.


Құтыру
 Құтыру. Адамдар мен жануарларда жіті турде өтетін, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын

вирусты ауру.  Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұша төмен қондылықта, теріде тістелген іздер болуы мүмкін. Ішкі ағзаларда гиперемия, қарынның іші бос, ішектердің кілегей қабығы қабынған, қанталаулар байқалады. Бас миы және оның қабырғалары ісінген, нүктелі қан құйылу кездестіреді. Диагнозды Бабеш-Негри денелерін табумен қояды.  Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Ауру жануарлар сойысқа жіберілмейді. Сойып қойған жағдайда ұшаны ішкі ағзаларымен өртеуге жібереді.

Сіреспе.
 Сіреспе. Адамдар мен жануарларда кездесетін жіті түрінде өтетін ауру.

Қоздырушының уыты етті, денені салдандандырады.  Сойғаннан кейінгі диагностика. Сіреспемен зақымдалған ұшада патологиялық - анатомиялық өзгерістер аса байқалмайды. Бұлшық еттің түсі піскен ет тәрізді болуы мүмкін, ал бауыр мен бүйректе дегенеративті өзгерістер, эпикардта қан жиналу байқалады.  Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Сіреспемен зақымдалған жануарларды союға жібермейді. Сойылып кеткен жағдайда ұшаны ішкі ағзаларымен бірге өртейді.

Геморрагиялық септицемия, пастереллез
Геморрагиялық Сойғаннан септицемия, пастереллез жіті түрде өтетін

 індетті ауру. Терісі бағалы аңдардан бұл індетке саз кұндызынан басқа құндыз, ақ кіс, өзен борсықтары және т.б. бейім.  эндокардта

кейінгі диагностика. Көк етте (плеврада), өкпеде, әр түрлі көлемдегі қан ұйықтары кездеседі. Кеуде қуысында іріңді жалқаяқ кездеседі. Саз құндызынын өкпесі ісінген, шеттерінде кан немесе сұр гепатизация байқалады. Бауыры жұмсақ, үлғайған, кейбір тұстары қоңыр қызылдан сарғыш қызылға дейін әртүрлі боялған. Бүйректер де солған, кескенде шырынды, ұлғайған. Сойыс өнімдерін ветеринариялык-санитариялық бағалау.  Сойыс өнімдерін шикі күйінде жіберуге тыйым салынады. Бұлшық етте дегенеративті өзгерістер болса, ұшаны барлық ағзаларымен утилизацияға жатқызылады. Патологиялық өзгерістер байқалмаса, бактериологялык зерттеуді жүргізгеннен кейін ғана тағамға қолдануға рұқсат етіледі. Салмонела жоқ болса, ұшаларды қайнатылған немесе қайнатылып-қақталған шұжық өндіруге жібереді. Терілерді нұсқаға сәйкес залалсыздандырады.

Вирусты геморрагиялық ауру
Вирусты геморрагиялық ауру - өте жіті өтетін індетті ауру. Ауруға аса сезімтал деп сазқұндыздар саналадьт. Сойғаннан кейінгі балау. Негізгі белгілері танаудан қан ағу,  жарып қарағанда тыныс алу, ас қорыту, бауыр. бүйрек, көк бауыр, жүрек бұлшык еттерінде геморрагия белгілері байқалады: Қан жеткілікті ұйымаған. Сонымен қатар катаралды гастрит кездеседі. Зертханалық балауда бастысы өлген жануарлардың бауырын тексереді. Диагноз нәтижесі оң болтан жағдайда шектеу койыладьт. Талаптарға сәйкес бұл шаруашылықтан ет, тері енімдері сыртқы саудаға шығарылмайды. .
 

 Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ауру және

ауруға күдікті саз қүндыздарын қанын шығармай өлтіріп, терісімен бірге өртеп жібереді. Клиникалық тұрғыдан сау құндыздарды етке сояды, ұшаны кайнатьш залалсыздандырады. Бас, аяқтарын, ішкі ағзаларын, қан және т.б. сойыс өнімдерін өртейді. Бөлмені, серуендеу алаңын, құрал-саймандарды, төсеніш, азық қалдықтарын, темір құралдарын жалынмен күйдіреді. Клиникалық сау, ауру саз құндыздарымен байланыста болмаса, вакцинациядан өткізеді. Терілерін тығыз, заласыздандырылған екі кабатты материалмен орап қайта өңдеуге жібереді

Листериоз.
 Листериоз. Жіті және сепсис түрінде өтетін індетті ауру,

ағзалар мен жүйке жүйелерінің зақымдалуымен сипатталады. кейіигі диагностика. Жүректің  Сойғаннан гипертрофиясы байқалады. Көк еттің ұлғаюы 1,5 есе болады, оның сірілі қабығының астында ақшыл-сұр некрозды ошақпен, бауырдың ұлғаюымен сипатталады.  Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық баға. Зақымдалған ағзалар мен басын утилизацияға жатқызады. Ұшаларды кайнатады. Теріні залалсыздандырып, сақтайды.

Туляремия.
 Туляремия.

Кемірушілердің, саз құндызының сонымен қатар адамдардың індетті ауруы. Лимфа туйіндерінің үлғаюымен және ұлпалы ағзаларда некрозды ошақтар болуымен сипатталады. кейінгі диагностика. Туляремияда ішкі ағзалардың  Сойғаннан лимфа түйіндері зақымдалады. Лимфа түйіндері 10-15 есе ұлғаяды, кескснде тығыз, ішінде сұр-сары түсті заттар көрінеді. Өкпеде, көк бауырда, кейде бауырда некрозды ошақ орындары байқалады. Бауыр ұлғайған, солған. Өкпелері қою қызыл қоңыр, шие түстес. Көк бауыр есе ұлғайған, бүйректе дистрофия мен гиперемия белгілері  2-3 байқалады.  Сойыс өнімдерін ветеринариялық-саиитариялық бағалау. Туляремия кезінде ұшаны, ішкі ағзаларымен, терісімен бірге өртеуге жібереді. ¥шамен, ішкі ағзаларымен, қанмен жанасқан барлық өнімдерді қайнату аркылы залалсыздандырады. Бөлмені 2,0 % ыстык күйдіргіш натрий ертіндісімен, ал жұмыс құралдарын 5,0 % калцийденген содамен 30 минут қайнатады. Жұмыс киімін автоклавтайды. Ауру жануармен байланыста болған адамдар бір жұма дәрігердің қадағалауында болуы тиіс. Терілердің аурумен зақымдалуы мүмкін деген күдік болса 2 ай бойы хлорпикринмен залалсыздандырады.

Салмонеллез.
 Салмонеллез. Ауыл шаруашылық малдарының жіті түрінде

өтетін, контагиозды ауруы. Саз құндызында ыстық көтерілу, асқорыту жолдарының қабынуымен, көк бауыр мен бауырдың дегенеративті өзгеруімен сииатталатын ауру.  Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшалар арық. Қарынның кілегей қабыктарында 0,3-0,5мм көлемде жаралар кездеседі. Бауыр босап, ұлғайған. Өт қабы ұлғайып, қою сұйыққа толы, көк бауыр 8-10 есе ұлғайып, қою қоңыр түстес. Нақты диагнозды бактериодогиялық зерттеу қорытындылары шыққанда қояды.  Сойыс өиімдерін встеринариялық-санитариялық багалау. Ішкі ағзаларды утилдейді. Ұшаларда өзгерістер байқалмаса. Кайнатып барып пайдалануға болады. Терілерді ережелерге сәйкес залалсыздандырады.

Колибактериоз.
 Колибактериоз. 1-5 күндік жаңа туған саз құндыздарыңда жиі

кездесетін індетті ауруы. Ауру іші өту, тыныс алу ағзаларын, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Аналықтары буаз болған жағдайда түсік тастайды немесе төлдерін өлі туады.  Сойыс енімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұшаны, бұлшык ет талшықтарында дегенеративті өзгерістер болмаса, қайнатып залалсыздандырады. Ішкі ағзаларды жойып жібереді. Ал бұлшық етте дегенеративті өзгерістер байқалса, онда дереу утилдеуге жібереді.

Некробактериоз.
 Некробактериоз. Ауыз қуысында, бауырда, өкпеде, іріңді некрозды ошақтар

болуымен сипатталатын қауіпті індетті ауру. кейіпгі диагностика. Негізгі патологиялық Сойғаннан анатомиялық ауытқулар некробактериозды ошақтар пайда болған мүшелерде инфилтрат, іріңді жара түрінде кездеседі.  Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Патологиялық өзгерісі бар мүшелерді жақсылап тазалаған соң, ұшаларды шектеусіз босатады. Терілерді оқшауланған жерде 2 жұмадай кептіреді. Некробактериоздың асқынған түрінде ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге утилдейді.

Туберкулез.




  

Туберкулез. Адамдарда, жануарларда, саз құндыздарында кездесетін созылмалы қауіпті, індетті ауру. Саз құндыздарында ауру жиі ұшырасады. қоздырғыштар ауа және азық арқылы беріледі. Сойғаннан кейінгі диагностика. Өкпені туберкулез ошақтарын шыктау үшін жарып қарайды. Бронхтарда жарып карағанда каверналар бар. Көк етте көптеген сұлы дәнінің көлеміндей түйіндер пайда болады. Кеуде қуысында сұйык жиналады. Өкпенің лимфа түйіндері ұлғайған, кескенде шырынды, туберкулез ошақтарының іші ірімшік тәрізді затқа толы. Көк бауыр. бауыр және порталды лимфа түйіндері ұлғаяды. Аурудың нақты диагнозы бактериологиялық зерттеу нәтижесінен кейін қойылады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұшалар мен ішкі ағзаларды утилдейді. Терілерді шектеусіз босатады. Тері жегіш (стригущий лишай) терілерде дөңгелектенген дақ түрінде кездесетін. теріні түлетіп, жүндерін түсіретін жүқпалы ауру. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Сойыс өнімдерін шектеусіз босатады. Терілерді 25,0% ас тұзымен, 1.0% кремнефторлы натриймен және 0,7% күкірт қышқылымен 48 сагат 1:5 қатынастағы сұйықпен залалсыздандырады.

ІІ.ІІ. Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері
Жабайы кәсіби жануарлар мен ауланатын құстарды аулау мынадай түрлерге бөлінеді:  кәсіпшілік аң аулау;  әуесқойлық (спорттық) аң аулау, ішінде ұлттық аң аулау. Кәсіпшілік аң аулау - кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнімді жеке пайдалану үшін ан аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау. Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Кәсіпшілік аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар: аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан  тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлегені туралы белгісі бар аңшы куәлігі;  рұқсат;  аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсаты;  аушы жырткыш кұстармен аң аулаған кезде - белгіленген тәртіппен берілген оларды тіркеу туралы құжаттар;  аңшылык шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;  аңшылык шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;  кәсіпшілік журналы болған кезде жол беріледі. Кәсіпшілік аң аулаудың ұжымдық (топтык) нысаны кезінде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшін жауапты тұлға тағайындайды.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұксат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлегені туралы белгісі бар аңшы куәлігі;  рұқсат;  аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;  аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - аңшылык атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсаты; аушы жырткыш құстармен аң аулаған кезде - белгіленген тәртіппен берілген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол беріледі.

ЖАБАЙЫ КӘСІБИ ЖАНУ АРЛАР МЕН АУЛАНАТЫН ҚҰСТАРДЫ АУЛАУ ТӘРТІБІ
Аң аулау уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиісті рұқсаттың негізінде жүргізіледі. Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аталық үйректер олжалауға аңшыда алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда жол беріледі.

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АҢШЫЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ
Аң аулау:  тегіс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;  ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа); қолдан жасалған құралдарды  (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қыскышты, қаусырманы);  аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында оның аумағында тұратын немесе келетін, он төрт жасқа толған жеке тұлғалар аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы белгісі бар аңшы куәлігі мен рұқсаты болған жағдайда рұқсат етілген олжалау құралдарын, аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып, аң аулау құқығына ие болады. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын колданып, аң аулау құқығына он сегіз жасқа толған жеке тұлғалардың аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда ие болады. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.

Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түріне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады. Аң аулау өнімдері болып жануарлардың терілері (мамық жүнді тері, тері шикізаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйізі, жұпары, өті, бас сүйектері, мүйіздері (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тістері және жануарлар денесінің басқа да бөліктері, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздері танылады. Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде аң аулау хаттамалары және жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.

АҢШЫЛЫҚ АЛҚАПТАР
Аңшылық алқаптар - бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін аң аулау объектісін білдіретін жануарлар түрлерінің тіршілік ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар. Аңшылық алқаптар: аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар  дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілген;  аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берілетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлінеді. Егер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүргізіледі. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарды тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластауға жол берілмейді.

ІІІ. Қорытынды
Саз құндызының еті және басқа өнімдері міндетті түрде ветеринариялық – санитариялық сараптаудан өтуі шарт. Сойыс өніміне қабылдамас бұрын ветеринариялық куәлікпен танысады. Артынан сазқундыздарына ветеринариялық тексерулер жүргізеді. Сояр алдында 12 сағат азықтандырмайды.

Олжалау мақсатымен жануарлар дүниесі объектілерін іздеу, аңду және ізіне түсу, олжалауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнімімен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен не осы Ережеде көрсетілген аң аулаудың басқа құралдарымен белгіленген аң аулау мерзімнен тыс кезде жүруі аң аулауға теңестіріледі. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты (бұдан әрі рұқсат) жоқ болған кезде көлік құралдарындағы және аялдау орындарындағы жануарлар немесе олардың бөліктері мен дериваттары заңсыз олжаланған өнімге теңестіріледі.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
 С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық-санитариялық 



 

сараптау». Алматы, 2013 жыл. Б. С. Сенченко. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продутов животного и растительного происхождения». Ростов-на-Дону, 1998 год. В. А. Макаров, В. П. Фролов, Н. Ф. Шуклин. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводста». Москва,1991 год. Дәріс материалдары. Ғаламтор желісі.


Пән: Ауыл шаруашылығы



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь