Егістік қыша


Slide 1

Тақырыбы: Егістік қыша

Slide 2

Жоспар

Кіріспе 1. Арам шөптерге жалпы сипаттама

Негізгі бөлім 1. Егістік қышаның биологиялық ерекшеліктері 2 . Морфологиялық ерекшеліктері 3. Егістік қышаның таралу аймағы 3. Зияндылығы 4. Өсу және даму ерекшеліктері 5. Есептеу әдістемесі 6. Күресу шаралары Қорытынды

Slide 3

Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органикалық заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді.

Жалпы сипаттамасы

Slide 4

Арам шөптердің ішіндегі едәуір зиян келтіретіндердің бірі егістік қыша. Егістік қыша (Горчица полевая, Sіnapіs arvensіs) айқышгүлділер тұқымдасына жатады. Егістік қыша паразитті емес ерте пісетін жаздық арамшөп өкіліне жатады.

Егістік қыша

Slide 5

Биологиялық ерекшеліктері

Slide 6 Slide 7

Еліміздің барлық аймағында таралған, әсіресе қара топырақта көп кездеседі, жаздық дақылдарға көп зиянын келтіреді. Егістік қыша көбінесе еліміздің солтүстік және оңтүстік аймақтарында кеңінен таралған.

Таралуы

Slide 8

Қ

Дамудың негізгі фазалары: көктеу, сабақтану кезеңі (көктеуден сабақ пайда болғанға дейінгі кезең), гүлдену фазасы (гүлдеудін басынан аяғына дейінгі кезең), пісіп жетілу фазасы (гүлдеудің соңынан пісіп біткенге дейінгі кезең) . Қышаның ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өсіп шығу қабілеті күшейеді. Қышаны ерте еккен жағдайда оның биіктігі 57 - 70 см және екінші рет еккенде 78 - 93 см-ге дейін жетеді. Ауа-райы өзгерген жағдайда 43 - 50 см-ден 120 - 130 см өзгереді. Өсімдіктегі бұршаққының саны, оның өнімділігін көрсетеді.

Өсуі мен дамуы

Slide 9

Қ

Егістік қыша егістікте (әсіресе дәнді дақылдар) үлкен зиян келтіреді. Бұл арам шөп топырақтан қоректік заттарды және ылғалды сұлыға қарағанда 2 есе, арпаға қарағанда 6 есе сіңіреді. Крестгүлді жарық - Plasmodiophora brassica ауруын тудыратын негізгі маңызды өсімдік, сондай-ақ крестгүлді өсімдіктердің зиянкестерін (көбелек, капуста масасы) тудырушылар болып табылады.

Егер егістік қыша жем шөпке араласып кетсе, онда сүттің сапасын төмендетеді. Ал арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса, онда шошқаларды уландырады. Жаздық бидаймен бірге өссе, егістікке қауіп төнеді.

Егістікте зияндылығы

Slide 10

ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Slide 11

Танаптардың егістік қышамен ластануын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар: 1) шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау, 2) санау арқылы анықтау, 3) санау және салмағын өлшеу әдiсi, 4) қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдiсi. Онда ұшақтан, тiкұшақтан видеожазу немесе телерепортаж жүргiзiледi де, дайындалған жадығаттар жерде өңделедi.

Егiстiктiң ластануын шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау әдiсi үлкен алқаптарды тез тексеруге мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл әдiстiң дәлдiгi төмен болады. Танаптың ластануын санау әдiсiмен анықтау үшiн оның ұзын қиғашы бойынша жүрiп отырып бiрдей қашықтықтан соң аумағы 0, 25 шаршы метр (50х50 см) рамаларды салып есептеу жүргiзедi. Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 есептеу жүргiзедi. Ол үшiн раманың iшiндегi арамшөптердің әр түрiн бөлек санап есептеу қағазына жазады (1-үлгi) . Анықтауды аяқтағаннан кейiн 1-үлгiдегi көрсеткіштердi шаруашылық бойынша дақылдардың арамшөптермен ластану ведомосіне ауыстырады (2-үлгi) . Екiншi үлгiдегi мәлiметтер негiзiнде танаптарды ластану деңгейiне қарай топтарға бөлу әр шаршы метр жердегi арамшөптердің санына қарай жүргiзiледi.

Slide 12

Танаптардың әр шаршы метрiнде бiр және одан көп көп жылдық арамшөп болғанда гербицидпен өңдеу ұсынылады, бiр жылдық арамшөптер - 6 және одан көп болғанда гербицид пайдаланған тиiмдi. Егiстiктерде карантиндi арамшөптер болғанда олардың санына қарамай өңдеу жүргiзедi .

Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдiсi арқылы анықтағанда арамшөптердi тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ массасын өлшейдi.

Олардың зияндылығын анықтаудың негiзiне егiстiктiң әр шаршы метр жерiндегi өсімдіктердің жалпы биомассасында арамшөптердің үлесi қанша болса, алынатын өнім сонша мөлшерге төмендейдi деген қағида алынған. Жоғарыдан қарап анықтау әдiсiн қолданғанда дәлiрек болуы үшiн оларды жердегi санау әдiсiнiң нәтижесiмен салыстырылады. Ластану деңгейiн анықтау бес баллды шкала бойынша жүргiзiледi, мұнда 1 балл егiстiктiң ауданының 10% арамшөптер алғанда қойылса, 2 балл - 11-25, 3 балл - 26-35, 4 балл - 36-55, 5 балл - 56-75 % болғанда қойылады.

Slide 13

Ластану деңгейінің сипаттамасы

Ластану деңгейі

Балл

Егiстiкте жекелеген арамшөптер кездеседi

Шамалы

1

Арамшөптер егiстiкте аз мөлшерде кездеседi және мәдени өсімдіктердің арасынан аса байқалмайды

Орташа

2

Егiстiкте арамшөптер көп, бiрақ мәдени дақылдар басым

Күшті

3

Арамшөптердің саны мәдени өсімдіктерден көп

Өте күшті

4

Егiстiктердiң ластануын бағалаудың шкаласы

Slide 14

Есептеу аяқталған соң осындай картаға енгізіледі.

Slide 15

Күресу шараларын жоспарлау

Күресу шаралары

Slide 16

I. Агротехникалық шаралар

1. Сүрi танаптарды өңдеу.

2. Күзгi топырақ өңдеу.

3. Топырақты көктемгі өңдеу.

4. Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.

5. Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.

II. Химиялық шаралар

1. Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.

2. Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

4. Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

III. Биологиялық шаралар


Ұқсас жұмыстар
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Шалғам үшін қажетті топырақ
Өсімдік улары
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері
Қостанай облысы Павлодар облысы
Солтүстік қазақстан экономикалық ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы туралы ақпарат
керемикалық материялдар-құлыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz