Компьютерлік вирустар, антивирустар


Slide 1

Компьютерлік вирустар, антивирустар

Орындаған:Иембергенова Ж. Е

Тексерген:Жаксыгулова Д. Д

Slide 2

Жоспар:

1) Вирустар

2) Антивирустар

3) Ақпараттық қауіпіздік

4) Ақпаратты қорғау

Slide 3

Компьютерлік вирус ұғымы

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады.

Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар:

1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру; 4) компьютер дұрыс жұмыс

жасауына тосқауыл қою;

Slide 4

Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Зиянсыз - компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.

Қауіпсіз - диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.

Қауіпті - компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.

Аса қауіпті - бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

Slide 5

Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:

Файлдық вирустар - . com, . exe, . sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.

Жүктелуші вирустар - кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.

Макровирустар - Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.

Желілік вирустар - компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!

Slide 6

Ең алғашқы вирус 1986 жылы «Brain» (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус «Мен сені сүйемін!» деген аттағы файлмен таралды.

Slide 7 Slide 8

Вирус мақсатына қарай - насихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы, бейсауат деген вирустар бар. Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.

Детектор программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.

Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды

Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.

Slide 9

Антивирус

Антивирус (латын тілінен анти - қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -- Антивирус аты айтып тұрғандайкомпьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципы: Компьютерді(C; D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу. Компьютердегі(C; D) өзіне сәйкес қимыл орындамайтын немесе вирустанған файл-программаларды табу, олардың қауіптілік дәрежесін анықтау

Slide 10

Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою. Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr. Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.

Slide 11

Антивирустык программалардың түрлері

1) Avast! Free Antivirus 6. 0. 1352 бұл антивирусының негізгі ерекшеліктері:

- Вирусқа қарсы тексеру өте жылдам және компьтердің ресурстерін көп қажет етпейді.

- руткиттерге қарсы қорғаныс

- шпиондық программалардан қорғаныс.

2) Cognitive CuneiForm 12.

CuneiForm - бұл программаның көмегімен сіз кітаптан, газеттен, басқа жерден сканер арқылы алған мәтінді ворд прогараммасына түсіріп, сол жерде өңдей аласыздар. Айталық сізге тез арада үлкен көлемде ақпаратты жазып, өңдеу керек, ал уақыт болса тапшы. Не істеу керек?Әрине бұл программа осындай тапшы адамдарға арналған.

Өндіруші: Cognitive Technologies Ltd.

Лицензиясы: Freeware

Қолдайтын системалары: Windows XP, Vista, Win7

Интерфейс тілі: Орысша

Slide 12

3) PC Tools AntiVirus 2012 PC Tools AntiVirus Free Edition программасы шпиондық және басқа да вирустарды тауып жояды. Бұл антивирустың бір қасиеті ол автоматты түрде сіздің компьютеріңізді бақылап отырады және сізге вирус кірсе оны бірден тауып жояды. PC Tools Antivirus сізге вирустардан және трояндар мен зиянкестерден жақсы қорғаныс ұсынады. Антивирустық базасын тез жүктейді. 4) AVG AntiVirus Free AVG Anti-Virus Free Edition - танымал антивирус, үйде пайдаланушыларға толық тегін. Вирустық базасын өте тез жүктеуімен, қолдануының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. AVG Anti-Virus Free Edition мына компонентерінен тұрады: сканер, монитор, электрондық поштаның сканері және автоматты түрде вирустық базасының жаңартылуы. Өндіруші: Grisoft Inc Лицензия: Freeware Қолдайтын системалар: Windows XP, Vista, Win7 Интерфейс тілі: Орысша 5) Delete doctor Delete doctor әмбабап программалардың бірі болып табылады. Ол арқылы сіз неше түрлі өшірілмейтін файлдарды жоя аласыз. Мысалы:аты дұрыс жазылмаған, бүлінген, қорғалған, вирустар қалдырған файлдарды жоюға болады. Пайдалану өте қарапайым.

Slide 13

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық қауіпсіздік - мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары менқоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Slide 14

Ақпаратты қорғау

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесінжасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Slide 15

Ақпараттық қауіпсіздік

Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз - бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. Қауіптердің жіктелуі:

Пайда болу табиғатына қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи -бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т. б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы - оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі.

Ниеттілік дәрежесіне сәйкес кездейсоқ және қасақана болып бөлінеді. Кездейсоқ қауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақана қауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады. Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады.

Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі:

қауіп көзі - табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар; қауіп көзі - адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу; қауіп көзі - рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік; қауіп көзі - рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу;

Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді:

қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп. Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталғанмикрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу; қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы, білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциялды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау.

АЖ-ге әсер ету дәрежесі бойынша пассивті және активті қауіптер деп бөледі.

Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады.

АЖ ресурстарына қатынау тәсілі бойынша былай бөлінеді:


Ұқсас жұмыстар
Вирустар және антивирустар
Вирустардан қорғайтын программа
Компьютерлік вирустар жайлы
Вирустар. Антивирустар
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Вирус түрлері
Компьютерлік вирустар және антивирустар
КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР ТУРАЛЫ
ВИРУСТАР КОМПЬЮТЕРДІ ВИРУСТАРДАН
Вирустар мен антивирустар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz