Бетон толтырғыштарының түрлері
Презентация қосу
Бетон толтырғыштарының
түрлері.
Орындаған: Ақчабарова Алуа, ПСМ-
311
Тексерген: Садвакасова Г.О
Толтырғыштар - белгілі бір түйіршікті құрамдағы бетонның
құрамдас бөлігі болып табылатын, яғни тұтқыр зат және сумен
араласқанда бетон түзетін табиғи немесе жасанды материалдар.
Толтырғыштардың бағасы бетонды және темірбетонды
конструкциялардың бағасынан 30-50 % жетеді. Сондықтан да
толтырғыштарды меңгеру, дұрыс таңдай білу, олардың рационалды
түрде өндіруі мен пайдаланылуы халықшаруашылықта маңызы
бар.
Түйіршіктер мөлшері ГОСТ берілген аралықта болады. Бетон
құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп
тас тәрізді мықты дене құрайды. Дұрыс таңдап алынған
толтырғыштар негізінде ең аз цемент шығындаумен экономикалық
тиімді бетон алынады және толтырғыштар каңқасы бетоннның
техникалық қасиеттерін жақсартады.
Шығу тегіне байланысты толтырғыштар 3 топқа
бөлінеді
табиғи жасанды
өнеркәсіп қалдықтарынан алынған
Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын механикалық қайта
өңдеумен алады. Оларға гранитті, диабазды, диоритті, ізбес тасын,
жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды жатқызамыз.
Мрамор
Гранит
Диабаз
Гранит – Жер қыртысында ең көп
тараған кристалдық магмалық тау
жынысы,толық кристаллы, жаппай
түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл
құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық
таужыныстардың жиынтық атауы.
Гранит кварцтан, калийлі дала
шпаттарынан (ортоклаз, микроклин),
қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан
(биотит, мусковит) тұрады.
Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш.
салм. 2,5 – 2,7 г/см3. Граниттердің минералдық құрамы негізінен
алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдарды ң азын-
аулақ мөлшерінен тұрады.
Жасанды толтырғыштар ретінде шикізаттан және өнеркәсіп
қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен
алынатын арнаулы дайындалған материалдарды қолданады.
Бұларға жататындар керамзит пен оның түр-түрлері, термозит,
шлактық пемза жатады.
Шлактық пемза
Керамзит
Керамзит (грек. keramos – саз) – ұсақ
түйіршікті, кеуек құрылымды, жасанды
жеңіл бетон толтырғыш. Түйіршік
өлшемдері 5 – 40 мм болып келеді.
Оңай балқитын көпірмелі саз
балшықты айналмалы пеште (1100 –
1200С) күйдіру арқылы алынады.
Керамзит жеңіл бетонды құралымдар
мен бұйымдар, жылу оқшаулағыш
толтырма, ыстыққа төзімді бетондар
және майламалар дайындауға
пайдаланылады.
Керамзит -бетонды қабырғалық панельдер (бетонының беріктігі 5 –
10 МПа және орташа тығызд. 850 – 1400 кг/м3) темір-бетон
бұйымдары зауыттары мен комбинаттарында шығарады
Бетонда майда және ірі толтырғыштарды қолданады. Майда
толтырғыштар ретінде түйіршіктер мөлшері 0,16- 5мм аралы ғында
табиғи немесе жасанды құмды пайдаланады. Ұсақ толықтырғыш
ретінде табиғи немесе жасанды кұм пайдаланылады. Т үйіршік
өлшемі 0,14–5 мм, тығыздығы р>1800 кг/м3. Жасанды құмды ты ғыз,
ауыр тау тілімдерін ұсақтау арқылы алады. Құмның сапасын
бағалауды оның тығыздығын, түйіршік арасының бостығын,
ылғалдылығын, түйіршік құрамы мен ірілік модулін анықтайды.
Сонымен қатар құмның басқа да сапалық көрсеткіштерін түйіршік
пішінін, кедір-бұдырлығын зерттейді. Ірі толтырғыштар
түйіршіктері 5-70 мм аралығында болатын ұсақ тас және ша ғал тас
болып екі топқа жіктеледі.
МемСТ 8267-82 талабына сәйкес ірі толтырғыш сапасы мынандай
көрсеткіштермен - тығыздығымен, түйіршіктік ж әне минералды қ құрамымен,
түйіршік пішінімен, беріктігімен, мықтылығы нашар т үйіршік м өлшерімен,
аязға тұрақтылығымен, қуыстылығымен, кеуектілігімен аны қталады.
Тығыздығына байланысты
1. тығыз (Pm > 2000кг\м3),
2. кеуекті ( Pm < 2000кг\ м3) толтырғыштарға жіктеледі.
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда,
жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, я ғни
ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын
төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау
операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын
жақсаруына және де, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын
азайтуға ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа, аяз ға, және
жер сілкінуге төзімділігін асырады.
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетондардан жасалған
қабырға конструкциялары қалыңдығы кірпіштен көтерілген сондай
конструкцияларымен салыстырғанда 2 есе жұқа және энергия
сыйымдылығы шамамен 1,3 рет кем.
Бетон қоспалары стационарлы бетон зауыттарында немесе
қозғалмалы бетон араластырғыш қондырғыларда дайындалады. Бетон
қоспасының сапасына, дайындау процесіндегі оны ң араласу сапасы
әсер етеді.
Араластыру ұзақтығы бірнеше минутқа созылады. Қажет болған
жағдайда бетон қоспасын 5 сағаттан кейін қайтадан араластыру ға
болады. Бетон қоспасын даярлауда құрамындағы материалдың өлшемі
маңызды роль атқарады. Бетон қоспасын тығыздаудың кең тараған
әдісі – вибрациялау. Бетон қоспасын вибрациялағанда онда ғы үйкеліс
төмендейді, аққыштығы жоғарылайды, қоспа ауыр тұтқыр с ұйы қты қ
түріне өтеді және өз салмағымен тығыздалады. Тығыздалу процесінде
бетон қоспадан ауа шығарылып бетонның беріктігі артады. Бетонны ң
беріктігін, суыққа төзімділігін, су өткізбейтіндігін жо ғарылату үшін
бірінші вибрациялаудан кейін 1,5-2 сағаттан кейін қайта
вибрациялайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz