Жануардағы тері және олардың туындылары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жануардағы тері және олардың туындылары.

Орындаған: Кәрімова Е.

Токижанова Н.

Тексерген: Сатиева К. Р

Топ: Бл - 309

Семей 2015

Slide 2

TEPI ЖАБЫНЫ - Integumentum commune

Tepi жабыны немесе жалпы жабын жануарлар организмінің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Жалпы жабын теріден және одан дамитын мүшелер тері туындыларынан түрады. Олардың күрылысы организмдердің тіршілік ортасы мен ондағы тіршілік жағдайларына байланысты. Мысалы, суда, қүрлықгатірші- лік ететін жануарлардың, үшуға бейімделген құстардың тері жа- бындары қүрылысы жағынан сол ортаға бейімделу ерекшелік- терімен сипатталады. Үздіксіз өзгеріп отыратын сыртқы орта әсер- лерімен түрақты әрекеттесу жануарлар тері жабыны мүшелері қүрылысының мейлінше күрделенуіне ықпалын тигізеді.

Slide 3

Эпидермис

Дерма

Шел қабаты

Slide 4

Терінің маңызы

Tepi (cutis) дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тән өткізгіштік қасиетімен және тамырлар мен жүйкелердің жақсы жетілуіне байланысты, организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының түзілуіне толық жағдай тудырады. Сондай-ақ, ол жүйке жүйесінің рецепторлы /сезімтал/ алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері көптеген сезімтал жүйке үштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы жарық, жылу, суық, сипап сезу, механикалық ауырту т. б. тітіркеністерді қабылдап, әмбебап сезім мүшесі қызметін атқарады. Сезім мүшесі ретінде ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады.

Тері жабыны денені механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақгайды. Оның сыртқы бетінің қалыпты жағдайдағы Рһ - реакциясы қышқылдық орта (3, 2 - 5, 2) . Бүл орта ауру тудырушы микробтардың өніп-өсуіне қолайсыз. Тері микроорганизмдер мен әр түрлі бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Ол дене қүрамындағы судың шамадан тыс буланбауын да қамтамасыз етеді. Жылы қанды жануарлардың тері жабыны дене қызуын (темпе- ратурасын) реттеуге белсенді қатысады, яғни ол дененің қызуын түрақты бір деңгейде үстап және реттеп отырады. Терінің аталмыш қызметі, оның ыдырау өнімдерін тер арқылы сыртқа шығару қыз- метімен тікелей байланысты. Тер күрамында белоктық зат алмасудың ыдырау өнімдері, улы заттар, зат алмасудың аралық енімдері, артық түздар мен су болады. Демек, тері жабыны денедегі зат алмасу процестеріне үлкен белсенділікпен ат салысады.

Slide 5

Тері жабыны - түзуші мүше. Теріде тері майы және мүйіз түзі- леді, қанның, майдың, судың, ас түзының артық қорлары сақта- лады, аз да болса тыныс алуға (1-2%) қатысады. Көптеген фермент- тердің (70 -ке жақын) қатысуымен тері эндокриндік қызметті де атқарады. Сонымен кдтар, ол жүқпалы ауруларға қарсы иммунды- биологиялық қорғаныс процестеріне тікелей ат салысады. Мал дәрі- герлік жүмыстарды жүргізуде жануарлар терілерінің алатын орны ерекше. Біріншіден, жануарлар ауруларының көптеген түрлерін теріге әр түрлі реакциялар қою арқылы анықтауға /диагноз қоюға/ болады. Ал, екіншіден, мал дәрігерлік емдеу жүмыстарының көптеген түрлері терімен тікелей байланысты. Ортаның маусымдық өзгерістері де жануарлар тері түктерінің әр түрлі деңгейде түлеуіне, тері қабаттары қалындығының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Теріде мүйізді зат - кератин, коллаген және эластин белоктары /ақзаттары/, імеланин пигменті, тері майы, тер түзеледі.

Жануарлар терілері өте бағалы шикізат. Өндеуден өткен жануар- лар терілерінен бағалы тондар, былғары дайындалады. Тері түкте- рінен жүн, түбіт, қыл қырқылады. Жүннен және түбіттен қымбат кездемелер мен тоқымалар тоқылады. Қылдан әр түрлі шаруа- шылық бүйымдары, қылшық жүннен киіз, үй киіздері, текемет, сырмақ, кілем, алаша, үй және ер-түрман әбзелдері дайындалады. Мүйізден және мүйіз тұяқтардан бағалы түймелер, тарақтар, әр түрлі үй жиһаздары, ер-түрман әшекейлері жасалынады. Жүн шайырынан өр түрлі шипалық сықпа майларды дайындауға пайда- ланылатын зат - ланолин бөлініп алынады. Қаракөл қозыларынан бағалы елтірілер дайындалады. Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен әр түрлі тамақ өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмүздақ, қүрт, қымыз, айран, шүбат т. б. ) өндіріледі.

Slide 6

Тер бездері: эккринды және апокринды

Айырмашылықтары:

шеткі бөлімдердің орналасуы мен диаметрі;

ұзындығы;

тері түрлерінің дәрежесі .

ШФ - шаш фолликуласы

МБ - май безі

АТБ - апокринды тер безі

ЭТБ- эккринды тер безі

ША- шығарушы ағым

ШФ

МБ

АТБ

ЭТБ

ША

Slide 7

Терінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Тері құрамының 70% -ы судан түрады. Қүрғақ затының негізін коллаген белогі қүрайды. Тері қүрамындағы органикалық заттардан көп кездесетіні липид (май) . Ол денедегі барлық липидтің 2% -ына тең. Мысалы, терінің 5% -ы бейтарап май және май қышқылдары, 0, 17% -ын холестерин қүрайды. Тері қүрамына сілтілі металдар калий, натрий, магний, кальций және металл емес бром, фтор, йод, фосфор т. б. химиялық элементтер кіреді. Денедегі ас түзының

1/3 теріде болады. Tepi берік те серпімді мүше. Оның мүйізді қабат- тары мен туындылары электр тоғын өткізбейді. Жарақаттанудан соң, оның қалпына келу процесі жедел жүреді.

Slide 8 Slide 9

Эпидермис (epidermis) - терінің сыртқы ең жүқа теріүсті қабаты. Ол жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын қүрайды. Эпидермис көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден түрады. Эпидеристің қалындығы, қүрылыс ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, түқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке үштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мүрын, ерін қаңсарларының теріүсті қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады.

I - кератиноциттер (85%)

1 - базальдық қабат

2 -терінің тікенді қабаты

3 -терінің түйіршікті қабаты

4 -терінің жылтыр қабаты

5 -терінің мүйізді қабаты

II - меланоциттер (10%)

III. А -Лангерганс жасушасы (3%)

III. Б - лимфоциттер

IV -Меркель жаушалары

Slide 10

Десквамация - мүйізді қабаттың жаңаруы.

I - базальды кератиноциттер

1 - базальды мембрана

2 - тонофибриллалар

II - тікенді кератиноциттер

3 - десмосомалы тікеншелер

4 - кератинды тонофибриллалар

5 - кератиносомдар

III - түйіршікті кератиноциттер

6 - кератогиалиндық гранулалар

8 - пикнотинды ядро

IV - мүйізді қабат

7 - мүйізді қабық

Slide 11

Дерма (derma) немесе нағыз тері қабаты (corium) терінің ең қалың қабаты (98-99%) . Ол өз кезегінде сыртқы емізікше және ішкі торлы қабаттардан күралған.

1. Емізікшелі қабат

- емізікшелерді қалыптастыратын, борпылдақ талшықты ұлпа. Тері бетінде олар сызықтарға ұқсайды.

Жасушалар: фибробласттар, макрофагтар, ұлпалық базофилдер, тегіс миоциттер. тканевые базофилы, гладкие

Талшықтар: коллагенді (I, IV, VII), созылмалы, ретикулярды (коллаген III) .

1

1

2

Slide 12

2. Торлы қабат

- тығыз байланыстырушы ұлпа.

терінің меншікті қабатындағы торлар эпидермис бетіне белгілі бір бедер сызықтар береді, бұл бедерлер әсіресе саусақ ұштарында жақсы көрінеді. Осы қабаттағы тығыз дәнекер ткань теріге бекемдік және беріктік берсе, ал серпімді, коллагенді талшықтары - серпімділік қасиет береді және астында жатқан май қабатымен байланыста болады. Терінің ет тканьдері де болады.

2

1

Slide 13

Теріасты қабаты немесе шел қабаты (tela subcutanea) тері дермасының торлы қабатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып түртын терінің төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз етумен қатар, дене қызуын реттеуге кдтысады. Қоңды жануарларда шел қабатында қор ретінде май үлпасы жиналады. Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің әр түрлі аумақгарында қорланады (өркеш, қүйрықт. б. ) . Бүл қабатпен ірі қан және лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы қор ретінде сақталады.

Slide 14

Терінің дамуы

Жануарлар онтогенезінде тері эпидермисі сыртқы үрық жапырақшасы эктодермадан, нағыз тері /дерма/ мезодерманың дерматомынан, теріасты қабаты - шел мезенхимадан дамиды. Іштегі дамудың алғашқы кезеңінде эпидермис бірқабатты эпидермоциттерден қалыптасып, соңынан оның құрылысы күрделеніп, көпқабатты эпидермиске ауысады. Қүрылысы жағынан күрделену процесі мезодерма сомитінен қалыптасқан дермотом мен мезенхимада да қатар жүріп, олардан дерма мен шел қабаттары жетіледі. Іштөлінің даму мерзіміне қарай тері қабаттарымен қатар тері туындылары да күрделеніп жетіле бастайды. Осы кезеңдерде эктодермадан тері түктері мен бездері, майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз дами бастайды. Іштөлі терісі мен оның туындыларының қалыптасу процесі жылқы мен сиырда 4- 4, 5 ай, қойда 2, 5-3, 5 ай, шошқада 2 ай мерзім ішінде негізінен аяқталады.

Slide 15

Тері туындылары

Slide 16

Түк (рііі) омыртқалы жануарлардың ішінде тек сүтқоректілерге тән тері туындысы. Түк әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Тіпті, бір организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақгарында қүры- лысы әр түрлі түктер кездеседі. Мысалы, түйе терісінде қасиеттері әр түрлі 5 түрлі түктер өсетін тері аймақгары ажыратылады. Түкті жабын жануарлар терісін сыртынан жауып, организмді суықган, ылғалдан, әр түрлі механикалық және т. б. әсерлерден қорғап, денедегі жылылықтың сақгалуын қамтамасыз етеді. Үй жануарларында тері түктерінің бірнеше түрлері кездеседі: кылшық, қыл, түбіт, жүн, ал пішіні мен мөлшеріне байланысты үзын, қысқа, жуан, жіңішке түктерге ажыратылады.

Тері түктері орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты: жабынды, үзын және сезімтал түктер болып үш топқа бөлінеді. Жабынды түктер теріні сыртынан жауып түрады. Жылқы мен сиыр терісінің жабынды түктері қылшық, қой мен түйеде қылшық пен жүн талшықтары, ешкіде қыл мен түбіт. Биязы жүнді қой терісіндегі түктер тек жүн талшықтарынан түрады. Үзын түктерге жылқыдағы кекіл (cirrus capitis), жал (juba), шаша (cirrus pedis), жылқы мен сиырдағы қүйрық (cirrus cauda), ешкідегі сақал жатады. Сезімтал немесе синуозды түктер сезімтал жүйке үштарына бай болады. Олардың түк баданасы басқа түктерге қарағанда тереңде орналасады. Сезімтал түктер жануарлардың түмсық, иек аймақтарында және көздің айналасында жекеленіп орналасады.

Slide 17

Түктің теріге кіретін жерінде тері воронка құрайды. Воронкада шаш бос орналасқан. Терең бөлімдерінде шаш тығыз қабықтармен қоршалған. Түктің өзінде:

1) Милы зат - меланин дәндеріне бай, куб пішінді жасушалардан құралған. Жасушалар арасында ауа көпіршіктері болады.

2) Қыртысты зат - пигмент дәндері бар созылыңқы жасушалардан құралған. Пигмент дәндері жасушалардың арасында да кездеседі.

3) Кутикула - қиғаш бағытталған бір қатар мүйізденген жасушалардан құралған.

Slide 18

Түктің дамуы

Тері түгі эпидермистен дамиды. Бастапқы кезде тері түктері дамитын түстарда эпидермисте эпидермоциттер белсенді түрде бөлініп көбейе бастайды. Эпидермис қалындап, астындағы мезенхимаға төмен қарай бойлай өсе бастайды. Эпидермис өсін- ділерінің үштары жуандап, түк баданасына айналады. Мезенхимадан бадана ішіне түк емізікшесі еніп, үздіксіз көбею сатысындағы эпителиоциттерді қоректік затпен қамтамасыз етеді. Түк баданасы эпителиоциттерінен түк сабағы түзіліп, эпидермис өсіндісінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де, түк фолликулының өзегін жасайды. Осы кезде эпидермис өсіндісінің орта тұсынан май бездері жетіліп, олардың өзектері түк фолликулы өзегімен жалғасады. Эпидермис өсіндісінің эпителиоциттер қабаты өз кезегінде сыртқы және ішкі түбір қынаптарына ажырайды. Түк түбірінің сыртындағы мезенхимадан түп қапшығы және онымен байланысқан түк көтергіш ет будасы дамып жетіледі.

Slide 19 Slide 20

Май бездері (glandulae sebaceae) терінің емізікше қабатында орналасады. Ол қүрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий қүрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған борпылдақдәнекер үлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Безді торшалар - гландулоциттерге сөл бөлу үшін қажетті заттар борпылдақ дәнекер үлпасындағы қан тамырларымен келеді. Бездің шеткі жағында бөліну арқылы көбейіп жатқан жас торшалар орналасады. Без ортасындағы ірі гландулоциттерде торша ядросы болмайды. Олардың цитоплазмалары қоймалжың майлы секретке толып, үлкейіп жарылады (голокринді бөліну) да, майлы секретке айналады. Май безінің секреті тері майы (sebum) - эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқпен мүйізде болмайды.

Slide 21

Тер бездері (glandulae sudoriferae) қүрылысы қарапайым түтікше бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді безді эпителий қүрайды. Секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай бүзылып, олардың сөлге толған апикальды (қуысы жа- ғындағы бос үшы) үшы үзіліп, тер тамшысына айналады (апокринді бөліну), не олардың бүтіндігі бүзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады (мерокринді бөліну) . Безді сыртынан бір қабатта орналасқан, пішіні себетке үқсас миоэпителий торшалары қаптап жа- тады. Без көпіршігінің (альвеоласының) куысы терге толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығып, жинал- ған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Терді бөлуге керекті заттар без сыртындағы борпылдақ дәнекер үлпасындағы қан тамырлары арқылы жеткізіледі. Түкті теріде бездің шығару өзегі түк қынабына, ал түксіз теріде ол тікелей терінің сыртқы бетіне ашылады. Тер безінің секреті тер арқылы денеден артық су, түздар, дәрі-дәрмектер, белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т. б. организмге керексіз заттар шығарылады. Сонымен қатар, ол тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып, оларды кеуігі қалудан сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге де қатысады.

Slide 22

Сүт безі (glandulae lactiferae) желін (uber) сүтқоректілер сыныбына (класына) жататын жауарларға тән тері туындысы. Желін әр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамиды. Ол іштөлінде төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы аякдар аралығында бірнеше жүп төбешік ретінде эпидермистен қалып- тасады. Бездің стромасы мезенхимадан дамиды. Жануарлардың түрлеріне байланысты төбешіктер әр түрлі дәрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан қалыптасады. Сүт безі күрылысы жағынан күрделі көпіршікшеүтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және стромадан қүралады. Паренхиманы сүт безінің безді бөлігі, ал строманы паренхима бөлікшелері аралықтарындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақдәнекер үлпасы қүрайды.


Ұқсас жұмыстар
ЭФФЕРЕНТТІК СОМАЛЫҚ ЖҮЙКЕЛЕРІ ТАМЫРЛАРЫ МЕН ТЕРІ
Ингаляциялық наркоз
Ұрық жапырақшаларының туындылары
ООФОРИТТІ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Аңдардың терісі және оның туындылары
Микробқа қарсы дәрі дәрмектер. Антисептиктер мен дезинфекция
Салицил қышқылын медицинада қолданылуы
Гаструляцияның негізгі әдістері
Қызу басқыш заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz