Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО №2

Тақырыбы: Өндірістік эстетика. Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері

Орындаған: Разина А. С. П-409

Тексерген: Жуманова Н. Т.

Семей 2014

Slide 2

Техникалық эстетика.

Техникалық эстетика-қозғалыстың ғылыми-әдістемелік негізін жасайтын және пәндік ортаның негізінің қалыптасуының әлеуметтік, эстетикалық, функциональдық, эргономикалық, техникалық аспектрлерін зерттейтін ғылыми пән. Техникалық эстетиканың әлеуметтік -мәдени рөлі адамдардың еңбек, демалыс және тұрмысының қолайлы жақтарын жасау болып табылады.

Өндірістік эстетика техникалық эстетиканың бөлігібола отырып, өндіріс мәдениетін көтеру, еңбектің қолайлы жағдайларын жасау мақсатында өндірістік кәсіпорындардың заттық ортасын эстетикалық жетілдіруін, қалыптастырудың негізгі ережелерін, принциптерін, әдістерін әзірлейді.

Техникалық эстетика еңбек процестеріе көркем бастау енгізеді, бұл еңбек рухын көтереді, өндіріс жағдайында адамға оң сезімдердің тәсілдерін әзірлейді.

Техникалық эстетика еңбек процесінде ағза қызметіне зиян әсерлерді азайтады және жүйке шаршауын төмендетеді, себебі ол техникалық пәндерге, экономикаға, эргономикаға, сәулетке, көркем өнерге сүйене отырып, адамды ыңғайлы, жетілген және әсем техникамен қоршайды.

Техникада барлық жағдайда қолданатын әсемдік формалары жоқ, әр жұмыс орнының, әр машинаның мазмұнға сәйкес түрі бар. Құрамдалатын кез келген нысан әлемдік танытуы қажет. Бұл тек механикалық тетіктер емес, бұл “адам-машина”жүйесінің өзара қатынастары.

Slide 3

Еңбекті эстеттеудің үш түрі бар

еңбек процесін эстеттеу

еңбек өнімін эстеттеу

жұмыс ортасын эстеттеу

Slide 4

Жұмыс процесін эстеттеу өндіріс мәдениетін және еңбек мәдениетін қамтиды. Өндіріс мәдениетінің талаптары өндірістің өз процесімен, бұйымдардың сыртқы безендірілуін қоса отырып, өндірістің көп түрлі технологиясымен аяқтай отырып, техникалық құжаттаманың жобалануы және қойылуынан бастап, өз процесімен қанағаттандырылуы қажет.

Жұмыс күшін эстеттеу кең міндеттер кешенін қамтиды, еңбек өнімділігінің өсімінің елеулі резервтерінен тұрады.

Еңбек өнімін эстеттеу көркем безендендіркуге негізделеді. Еңбек өнімі соңғы түрде және тұтастай әсем болумен бірге, оның әрбір материалының машинаға, бөлшекке, затқа, құралға айналуы да әдемі болуы қажет. Еңбек өнімін эстетикалық маңызды әдістерінің біріоның көркем дизайны болып табылады.

Көркем құрастыру -адам қызметінің саласы, оның мақсаты, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыратын үйлесімді зат ортасын жасау; бұл процесс тұтастай мазмұн мен сапаның диалектикалық өзара байланысындағы бұйымдардың түрлерін жинақтау және өнеркәсіп бұйымының ең оңтайлы формасын іздестіру болып табылады.

Көркем құрастыруда компазиция, көлемдік-кеңістіктік құрылым сияқты ұғымдарды пайдаланады.

Slide 5

пропорциялар

масштаб

ырғақ

қарсылықты түстер

реңк

симметрия

асимметрия

Бұйымға мөлшерлік пен үйлесімділік беретін негізгі құралдар

Slide 6

Пропорциялар формалардың тұтас және өз арасындағы бөліктердің өзара мөлшерін көрсетеді. Пропорциялар форманы үйлестіру құралы болып табылады.

Масштабтылық-белгіленген өлшемде заттың жасалатын шамасының белгіленген қатынасы. Масштаб-бұл бір заттың екінші затқа немесе бірнеше затқа олармен салыстырғандағы өлшемі.

Ырғақ-элементтерді қайталау, кезектестіру, күшейту, азайту жолымен көрінісін және байланысын қамтамасыз ететін компазициялық құрал.

Қарсылықты түстер-элементтерді қарама-қарсы көлемі, түсі және т. б. көрсету үшін пайдаланылатын компазициця құралы. Ол салыстырылатын элементтердің функциональдық және құрастыру ерекшеліктерін белсендірек көрсетуге көмектеседі.

Реңк(нюанс) -элементтердің формасы, мөлшері, түсі және т. б. бойынша контрастқа қарама-қарсы компазиция құралы.

Симметрия -оське немесе ортаға компазиция элементтерінің ұйымдастырылу принципі

Асимметрия-бұрыс орналастыру.

Slide 7

Нұсқаулардың түрлері:

Кіріспе нұсқау

Бірінші нұсқау

Қайталама нұсқау

Кезектен тыс нұсқау

Арнайы нұсқау

Slide 8

1. Кіріспе нұсқау - Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жаңадан алынатын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы программа бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық қызметкер жүргізеді. Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары, жарақаттанған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы басқа жағдайлар.

Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді. кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) өндірістегі қауіпті және зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.

2. Бірінші нұсқау - Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамен келген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мастер немесе басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процесспен, құрал-саймандармен, жұмыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт және электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады. Нұсқау өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 ауысым бойынша мастердің (бригадирдің) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркеледі.

Бірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйретеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қәуіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.

Slide 9

3. Қайталама нұсқау-мамандақ дәрежесі мен еңбек стажына

қарамай барлық жұмысшылармен өткізіледі. Мамандықтардың

өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілуі керек.

Бұл нұсқаудың мақсаты - жұмысшылардың еңбек қорғау

ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады.

Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек. қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.


Ұқсас жұмыстар
Тар мағынада еңбекті қорғау жүйесі
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі жайлы
Еңбекті қорғау
Еңбек қорғау әдістері мен түрлері
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы
1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу 2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу 3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру
Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі
ДИЗАЙН ЖУНУСҚАНОВА АЙСҰЛУ
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz