1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу 2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу 3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу

2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу

3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру

Орындаған:Калибекова Ж. Қ.

Тексерген:Жұманова Т. Г .

СЕМЕЙ 2015

Slide 2

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі

Жалпы ережелер

1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі - ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді.

2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы - өндірістік жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында немесе осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер атқарылатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі.

3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс беруші, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлердің өкілінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді. 5. Тізбе Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын есепке ала отырып бекітілген жұмыс берушінің штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге уәкілетті тұлға бекітеді және ол барлық құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.

6. Нұсқаулық, жабдықты өндіруші зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ, жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасы мен өндіріс жағдайларында баяндалған қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленеді.

Slide 3

"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" 1) тұлғаларды кәсібі бойынша жұмыстарын өздігінен орындауға немесе тиісті жұмысты орындауға (жас, жыныс, денсаулық жағдайы, нұсқау жүргізу) рұқсат берудің шарттары; 2) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар; 3) еңбек және демалыс режимін орындау жөніндегі талаптар; 4) қызметкерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамасы; 5) оларда мемлекеттік, салалық стандарттары мен техникалық шарттарын көрсете отырып, осы кәсіп үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын берудің нормалары; 6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар; 7) қызметкер білуге және жұмысты орындау барысында сақтауға тиіс жеке гигиена талаптары көрсетілуге тиіс.

"Жұмыс басталудан бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 1) жұмыс орнын, жеке қорғану құралдарын дайындау тәртібі; 2) жабдықтың, айлабұйым мен құралдың, қоршау, дабылдағыш блокталған және басқа да құрылғылардың, қорғаушы жерқосқыштың, желдетудің, жергілікті жарықтандыру жарамдылығын тексеру тәртібі; 3) бастапқы материалдардың (шалаөнім, дайындама) бар болуын және оның жай-күйін тексеру тәртібі; 4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдау тәртібі; 5) өндірістік санитария талаптары көрсетілуге тиіс.

"Жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 1) жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдері, технологиялық жабдықтарды, айлабұйым мен құралдарды пайдаланудың ережелері; 2) бастапқы материалдарды (шикізат, дайындама, шалаөнім) ұстау қауіпсіздігінің талаптары; 3) көлік құралдарын, ыдысты және жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптары; 4) жұмыс орнын қауіпсіз ұстау жөніндегі нұсқаулар; 5) нормативті технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды қалпына келтіру әдістері; 6) апатты жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер; 7) қызметкерлерді қорғау құралдарын пайдалану талаптары көрсетілуге тиіс.

Slide 4

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің тәртібін белгілейді.

2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.

Slide 5

Өндірістік жарақаттану. Өндірістегі оқыс оқиғаларды тіркеу, талдау және тізбекке алу

Өндірістік жарақат дегеніміз - қауіпсіздік техникасының талаптарын ескермегендіктен болатын жарақат.

Кәсіби ауру - қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы.

Жарақат (гр. Trauma жара, булшу) - қоршаган орта турлі факторларының әсерінен болған мушелерінің немесе улпаның анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы.

Зақымдану деп мынандай жаракаттарды айтамыз, мысалы, механикалық, химиялық, термиялық, акустикалық, психиатрлық және т. б. Дене закымдалуы ауыр, аса ауыр және жәй зақымдалу болып бөлінеді. Адам өміріне қауіпті зақымдалуға жататындар: 1 - бас суйегіне, омыртқаға, ішкі, кеуде ұлпанына енетін жарақат; 2 - бас суйек күмбезімен тубінің ашык және жабык, сыныктары; 3 - ауыр дәрежедегі ми жаракаты; 4- адам өміріне қауіптібас суйегіне ішкі қан құйылу; 5 - омыртка жотасының мойын белінің закымдалуы және т. б. Ауыр дене жарақатына адам өміріне барлык қауіпті дене жаракаттары жатады, оларға ауыр залалдар тигізген мынандай зардаптар жатады: көздің көрмей қалуы, саңырау болып қалу, немесе кез-келген мүшенің закымдалуы, психикалық ауру, денсаулыктын бұзылуына байланысты жұмыс кабілетінің үштен 6ip бөлігінің жарамсыз болып калуы.

Аса ауыр емес дене жаракаттарына, денсаулыктын бұзылу ұзақтығы үш аптадан жоғары (21 куннен аса) немесе жұмыс істеу кабілеттілігінің 10-нан 33% дейін төмендейтін өміріне аса қауіпті емес жаракаттар жатады.

Жеңіл дене жаракаттарына, денсаулыктың бұзылуы қысқа мерзімде (ұзақтығы 6 куннен астам, 6ipaқ 3 аптадан артық емес) немесе сәл ғана еңбек кабілеттілігінен 10% дейін айырылатын жаракат турін айтады.

Slide 6

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодекстің 37-тарауынан алынған үйінділер.

Өндіріске байланысты өндірістік жаракатты рәсімдеу реті, тіркеу және есеп беру сәйкестігі анықталады.

Әp6ip жазым туралы зардап шегуші немесе куәгер міндетті түрде жұмыс берушіге немесе жұмыс уйымдастырушысына хабарлауы қажет. Жазымды зерттеулер жұмысшыға қатысты, сондай - ақ маманданған дайындык алушыларға жургізіледі; оку орындарында окушыларға, олар аркылы маманданған тәжірибе бар, алғашкы маманданған жоспарды жүзеге асырушы окудан кейінгі маманданған білімі бар адамдарга немесе жұмыс 6epyшiгe жұмысты орындаганда; жұмысты орындауга шакырылган әскери кызмет-керлерге, әскери кызметі өтеуге катысы жок; соттын шешімімен еңбекке шакырылган бейнелерге; әскериленген апаттан кұткарушы бөліктердің жеке курамдары әскериленген кузет, төтенше салдарын кұткару бойынша еркіті топ мушелері мүлік пен адам өмірін сактау бойынша дулей зілзаланың зардаптары.

Еңбек ету барысында 6ip куннен Tinxi, одак да көп уакыт ішінде және туракты турде еңбек кабілеттігінен айырылу, немесе әлемге дейін алып келетін жұмысшының денсаулыгына зиян келтіру, өндірісте жазым ретінде карастырылады.

Жұмыс беруші зардап шегушіге алгашкы медициналык жәрдем беруге және оны денсаулык сактау уйымына жеткізуге міндетті, сондай - ак жазым болган орынын окиганы зерттеуді бастаганга дейін сактап кою кажет. Жұмыс беруші жазым туралы немесе жұмысшынын денсаулыгынын закымданганын дереу хабарлау керек:

1) еңбек жөнінде мемлекеттік органнын мемлекеттік еңбек инспекциясынын аумактык бөлімшелеріне,

2) қауіпті өндіріс нысаналарында жазымдар болган кезінде төтенше жагдайлардын алдын алу және оларды жою жоніндегі жергілікті органдарга;

3) жұмысшылар уйымын ұсынушыларына (кәсіподақ) ;

4) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік органға;

5) қызметкер өкілдеріне;

6) кызметкердің өмірі мен денсаулыгына зиян келтіргені ушін жұмыс берушінің азаматтык-кукыктык жауапкершілігі сактандыру шартын жасаскан сақтандыру уйымына.

Slide 7

Өндірістегі жазымдарды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері:

1. Жазымды арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік енбек инспекциясы органынын аумактык бөлімшесі курган комиссия мына қурамда жургізеді.

Төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы мүшелері - жұмыс бepyшi және қызметкерлердің өкілі.

2. Адам қайтыс болған топтық жазымдарды тергеп-тексеруді облыстын, республикалык маңызы бар каланын бас мемлекеттік енбек инспекторы баскаратын комиссия жургізеді;

3. Қayinтi өнеркәсіп объектілерінде болған жазымдар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардын алдын алу және оларды жою жоніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.

4. Қайтыс болган адамдар саны үш адамнан бес адамга дейін болса. топтык жазымдарды тергеп-тексеруді енбек жоніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам кайтыс болганда - Қазақстан Республикасынын Укіметі курган комиссия жургізеді

5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу ушін арнайы тергеп-тексеру жөншдегі комиссиянын торагасы уйымдардын мамандары. галымдар және бакылау-кадагалау органдары катарынан сараптамалык Kішi комиссиялар құруға құқылы

Slide 8

Жұмысшы киім - денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер. Арнаулы киімдер - сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын, былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып, белгілі бір қасиет алған киімдер жатады. Ведомствалық(салалық) киімдер - белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап, бір үлгімен тіктірген киім жатады. Мысалы: теміржолшылар формасы, орман шарушылығы қызметкерлері формасы, әскери форма, т. с. с. Технологиялық киімдерге - өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.

Slide 9 Slide 10

Еңбеккерлерді қорғау жабдықтары.

Топқа бөлінуі»- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

Айырушы костюмдер - ішіне жел толтырылған костюмдер, скафандрлер.

Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары - противогаз, респираторлар.

Арнаулы киімдер - комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, мыса тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.

Арнаулы аяқ киімдер - етік, мыса қонышты етік, туфли, галош, ботылар.

Қолды қорғайтын жабдықтар - қолғаптардың әр түрі.

Басты қорғайтын жабдықтар-дулығылар, малақай, қалпақ, т. с. с.

Бетті қорғайтын жабдықтар - бетперде, қорғаушы маска.

Есту органдарын қорғайтын жабдықтар - шуға қарсы киетін бас киім, құлаққа киетін аспап.

Көзді қорғайтын жабдықтар - әр түрлі көзәйнектер

Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.

Теріні қорғайтын заттар - сабын, арнайы ерітінділер, әр түрлі жағатын майлар.

Slide 11

Жыл маусымы

Жұмыс дәрежесі

Микроклимат көрсеткіштері

Температура

Салыстырмалы

Ылғалдылық, %

Ауа қозғалыс жылдамдығы

Суық және ауыспалы мезгіл

Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I, I I

20. . . 23

18. . . 20

17. . . 19

16. . . 18

60. . . 40

60. . . 40

60. . . 40

60. . . 40

0, 2 дейін

0, 2 дейін

0, 2 дейін

0, 2 дейін

Жылы мезгіл

Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I, I I

22. . . 25

21. . . 23

20. . . 22

18. . . 21

60. . . 40

60. . . 40

60. . . 40

60. . . 40

0, 2 дейін

0, 2 дейін

0, 4дейін

0, 5 дейін

Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері

Slide 12

Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тіркеу
Өндірістегі жазатайым оқиғалар
Тар мағынада еңбекті қорғау жүйесі
ФАКУЛЬТЕТ Дизайн, тестиль және киім технологиялары
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі
Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі жайлы
АКТ ТУРАЛЫ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz