Тәрбиесі


Slide 1

Қазақстан Республиксының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №3

Тақырыбы: Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Орындаған: П - 307 топ студенті

Насырова Д.

Тексерген: Мазтаева Л. С.

Семей, 2015 жыл

Slide 2

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның

болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі

дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен

басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы

өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала

тәрбиесі - салғырттыққа, себеп-сылтау

іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық

ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың

саналық көзқарасы және осы принциптерге

негізделген мектеп және отбасы арасындағы

тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс

қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер,

жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.

“Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т. б.

Slide 3

“Ауыр жағдайдағы балалар” қатарына мынадай критерийдегі балаларды жатқызуға болады:

ата-анасының қарауынсыз қалған балалар,

мүгедектер,

физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар,

ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының,

экологиялық және техногендік апаттардың, басқа елден еріксіз қоныс аударған “босқындардың” балалары,

зорлық- зомбылық көрген балалар,

бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар,

“қиын” балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі,

аз қамтылған отбасындағы балалар,

әр түрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар.

Slide 4

Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар А. Макаренко, С. Шацкий, А. Выготский, П. Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеді.

В. Трифанов зерттеулеріндегі “қиын” бала анықтамасы - күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.

Ал, А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.

Көріп отырғанымыздай “қиын” топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.

Slide 5

Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.

Бақылау әдісі.

Әңгімелесу әдісі

Сауалнама жазу

Сұхбаттасу әдісі

Тест әдісі

Құжаттарды тексеру

Slide 6

Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.

Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.

Әңгімелесу әдісі - бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.

Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс.

Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін: сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды) өз бетімен жауап беру тура жауаптар жанама жауаптар

Сұхбаттасу әдісі - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал: қарапайым жағдайда сөйлеу баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу жауап беру мүмкіндігін есксру; белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту; үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.

Тест әдісі - стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.

Құжаттарды тексеру - бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі: жеке, жанұялық және сыныптық т. б.

Алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже) негізделген және негізделмеген

Slide 7

«Қиын» оқушыларды анықтау алаңы:

- Отбасы жағдайы (рейд, әңгіме, кездесу түрлерінде) ;

- Еңбекпен қамтылмауын қамту;

- Сабаққа қатысуын қадағалау;

Slide 8

«Қиын» оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлері:

- Ата-анасымен байланыс жасалды;

- Тәртібі «қиын» оқушылар мен жағдайы «қиын» отбасылар бақылауға алынды;

- Қамқоршы мұғалімдер бекітілді;

- «Қиын» оқушыларға жеке портфолио арналды;

- Жеке картотека жүргізілді (әңгімелерді тіркеу) ;

- Психологиялық зерттеулер жасалды;

- Еңбекпен қамтылуға ықпал жасалды;

- Іс-шараларға тартылды.

Slide 9

Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСҚА
Сынып жетекшінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Экономикалық Отбасы тәрбие
Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Тәрбие түрлеріне сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz