ДЭЕМ бағдарламалық жасақтамасы: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар


Slide 1

ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар.

Slide 2

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны

Slide 3 Slide 4

ДЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

1) жүйелі программалық жасақ;

2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.

Slide 5

Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) утилиттер;

2) операциялық жүйелер;

3) сервистік программалар.

Slide 6

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган операциялық жүйелерге МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты программалық жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ДЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады. Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Slide 7

Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Slide 8

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды. Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар: - мәтін редакторлары; - графикалық редакторлар; - электрондык, кестелер; - оқыту және ойнау программалары; - информациялық жүйелер және т. б.

Slide 9

Назарларыныңға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ДЭЕМ-нің бағдарламалық жасақтамасы: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйенің құрылымы мен жіктелуі
ЭЕМ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар
ЭЕМ программалық жасақтамасы: жүйелік, қолданбалы және аспаптық құралдар
ЭЕМ архитектурасы: жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы мен классификациясы
ЭЕМ-нің программалық жабдықтамасы: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйенің құрамы
Компьютерлік бағдарламалардың жіктелуі: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар, драйверлер мен бағдарламалау тілдері
Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету: операциялық жүйелер, қолданбалы және жүйелік программалар, утилиталар мен драйверлерге шолу
Компьютерлік бағдарламалардың жіктелуі мен олардың өзара әрекеттесуі: жүйелік және қолданбалы бағдарламалар, бағдарламалау құралдары
Бағдарламалық жасақтаманың технологиялық сипаттамалары және жүйелік құрамдастары
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің классификациясы мен негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz