Екі жақты жазу мен бухгалтерлік шоттар


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Екі жақты жазу мен бухгалтерлік шоттар

Орындаған: Рыскалиева А.

Топ: УА-405

Slide 2

Бухгалтерлік есеп шоты - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.

Шот - бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы - бухгалтерлік баланс құрылады.

Slide 3

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін

«Т - шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады:

атауы;

сол жағы - дебет;

оң жағы - кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Шоттың атауы

Дебет

Кредит

Slide 4

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.

Сс=Са+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым.

Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың әсерінен сомалардың өсуі

Дебет бойынша айналым жиыны

Шаруашылық операциялардың әсерінен сомалардың кемуі

Кредит бойынша айналым жиыны

Есептік кезең соңындағы қалдық (Сс)

Дебет

Кредит

Slide 5

Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі. Сс=Са+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.

Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет

Кредит

Шаруашылық операциялардың әсерінен сомалардың кемуі

Дебет бойынша айналым сомасы

Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың әсерінен сомалардың өсуі

Кредит бойынша айналым сомасы

Есептік кезең соңындағы қалдық (Сс)

Slide 6

1494 жылы екіжақтылық жазу жүйесін ойлап тапқан ғалым -математик, францискандық монах Лөонардо да Винчидің досы Лука Пачоли еді. Лука Пачоли өзінің он бірінші трактатында «счеттар және жазулар жөніндегі» тоғызыншы бөлімінде «Арифметикалық сомалар, геометрия, пропорция және салыстырмалық» жөніндегі үғымдарға түсінік берген.

Slide 7

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Slide 8

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді.

Slide 9

Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

Slide 10

Қаржылық салымдар

Капитал шоттары

Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері

есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:

Slide 11

Инвентарлық шоттар - негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған.

Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.

Slide 12

Қаржылық салымдар шоттары - басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Slide 13

Ақшалай шоттар - ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.

Slide 14

Ссудалық шоттар - еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Slide 15

Есептік шоттар - есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.

Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.


Ұқсас жұмыстар
Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық қүралдары мен олардың құрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы
ДЕБЕТ КРЕДИТ
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жайлы ақпарат
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп шоттары
Активтік шот
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп
Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар
Бухгалтерлік есеп және екі жақты жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz