Сайтқа презентация қосу

Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма және метатіл формуласы көмегімен сипаттау

Тақырыбы: Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма және метатіл формуласы көмегімен сипаттау.

Орындаған: Бабаева Ш. Қ Тексерген: Арғынғазина Ж.Н. Тобы: Т-313

Жоспар: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Алгоритмдік тіл туралы түсінік 2.Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. 3.Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма және метатіл формуласы көмегімен сипаттау. 4.Метатіл ұғымы III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Алгоритмдік тіл (ағылш. algorіtmіc — алгоритмдік және language — тіл) — ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл. Ол белгілер (символдар) жиынтығынан (Алгоритмдік тіл алфавитінен), синтаксистік ережелер мен семантикалық анықтамалардан құралған. Алгоритмдік тілдің негізгі белгілері латын не орыс алфавиттері әріптері, қандай да бір таңбалар мен шартты белгілер болуы мүмкін.

Сөздер, сөз тіркестері (фразалар, сөйлемдер) , кестелер мен кестелер жүйесі алгоритмдік тілдің құрылымы болып табылады. Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге асырылатын алгоритмдік тіл машиналық тіл деп аталады.

Алгоритмдік тіл табиғи тілден бірмәнділігі мен айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу машинасына алгоритмдік тілін пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы — процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу, машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар, формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т.б. жұмыстарды атқарады. Алгоритмдік тілдің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана (мыс., алгол, кобол, лисп, Пл/1, Фортран, Паскаль т.б.) кең тараған. Алгол 1958 Кобол 1960 Фортран 1955

Симула 1967

Пл/1 1965

Бейсик 1965

Алгол-68 1968

Паскаль 1970

Ада 1979

Тілдің алфавиті Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады. Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады: атаулар (идентификатор); цифрлар; айыру белгілері; арнайы символдар. Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді. Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады. Программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адамқызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны – осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттіліқ пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.

Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады. Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады. Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады. Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және эллипс кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал эллипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады.

Арифметикалық амал белгілері: (+) – қосу; (-) –азайту; (*) – көбейту; (/) – бөлу. DIV – және (логикалық көбейту) операциясы; MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1; Логикалық амал белгілері: AND – және (логикалық көбейту) операциясы; OR – немесе (логикалық қосу) операциясы; NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы; XOR – арифметикалық немесе амалы; SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру; SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру; Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады. Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}. Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Логикалық амал белгілері: And — және (логикалық көбейту) операциясы; or — немесе (логикалык косу) операциясы; x and y > 0 not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы; true – ақиқат false - жалған div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді. mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді. ‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі := — меншіктеу белгісі ; — операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.

Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі – оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программалау тілі – компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады. Программалау тілі үш құраушының: алфавит, синтаксис және семантика бірлігі болып табылады. Тілдің алфавиті – тілдің сөйлемдерін жазуда пайдаланылатын, тілдің барлық символдарының жиынтығы. Тілдің синтаксисі – тілдің сөйлемдері мен оның құрамдас бөліктерін құру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы. Тілдің семантикасы – тілдің синтаксисі бойынша құралған оның құрылымын түсіну ережесін анықтайды.

Программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы Программа құрылымы Паскаль тілінің программасынан блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді бөлімі. Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Синтаксис пен семантиканы мазмұндау үшін түрлі құралдар қолданылады. Осылайша тіл синтаксисін формалдық грамматика, ал семантиканы атрибуттық грамматика көмегімен мазмұндауға болады.

Прогамма синтаксисі:  Program - программаның аты;  label - белгілер бөлімі;  const - константалар бөлімі;  type - типтер бөлімі;  var - айнымалылар бөлімі;  procedure, function - процедуралар мен функциялар бөлімі;

Объект-тілді сипаттау үшін метатіл қолданылуы қажет. Бірақ метатіл оъект-тілдің құрылымын бірмәнді анықтау үшін формальді тілдің бірқатар қасиеттеріне ие болуы керек. Бұдан, метатіл алдымен өзі сипатталуы қажет, бұл үшін дәл сол сияқты тіл қажет әрине, мұндай процесстің ешқашан бітпейтіндігі туралы ой қалыптасуы мүмкін. Бірақ кез-келген метатілді сипаттау үшін табиғи тілді қолдануға болатыны дәлелденген. Осылайша формальді тілді құру үшін табиғи тілдің құралдарымен метатілді сипаттау қажет, содан кейін метатіл арқылы формальді тілді сипаттау қажет. Метатілдерді сипаттаудың екі нұсқасын қарастырайық. Ең кең тараған метатілдердің бірі - Бекус-Наур нотациялары. БекусаНаура формасында сөйлем құру үшін әмбебап метасимволдар қолданылады: { <, >, ::=, | }. Алғашқы екі метасимволды «бұрыштық жақшалар» деп атайды – олар терминді емес сөздерді қоршауға қажет. «::=» символы «анықтама бойынша бар» деп оқылады; «»"символы – «немесе». Бекус-Наура формасында жазылған сөйлемдерде бұрыштық жақшаларда тұрған терминалды емес символ объект-тілдің құрылымы анықтайтын роль атқарады. Бекус-Наур формулаларында әмбебап метасимволдардан айрықша объект-тілдің алфавитінен терминалды символдар қолданыла алады. Формальді тілдің терминалды символдары ешнәрсемен шектелмейді.

Ғылымдардың метатілі – тіл ретіндегі математиканың дамуындағы үлкен роль атқарған бірқатар теориямен ішкі құрылымын зерттеген, математикалық логика болды. Информатиканың әсіресе оның формальды алгоритмдік тілдер теориясы және, мәліметтер базасы мен білімдерді және тағы басқаларды аудару сенімді бөлімдерінің дамуы ғылым пәндерінің дамуына, теңдеуіне формальдануына және құрылымдануына алып келеді. Өз кезегінде тілдік құрылымдарды модельдеудің бірқатар сөйлесу тілдерін формальдаудың құрылымдаудың алуан түрлі мәтіндер мен сөздіктерді талдау мен құрудың – соның ішінде оларды автоматты түрде құрудың мүмкіндігі туды.

Қорытынды: Алгоритмдік тілде программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны – осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттылық пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Балапанов Е.Қ,Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ жаңа информациялық технологиялар.;Алматы,Джагамбек и С,2008 ж 2.Макарова Н.В.Информатика: Учебник / под р.проф.Макаровой Н.В. - М.:Финансы и статистика, 1997. 3. Девис У. Операционные системы,- М.: Мир, 2009г. 4. “ Microsoft Office 11.0 “ , Эд Ботт, БИНОМ, М , 2011 г. 5.Балапанов Е,Бөрібаев Б,Бекбаев А т.б,.Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша сөздігі.;Алматы;Сөздік-Словарь,2008.


Пән: Педагогика



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь