ЛИЗИНГ


Slide 1

ЛИЗИНГ

ОРЫНДАҒАН: ҚАСЕНОВА ӘСЕЛ

ТОП: ФН - 305

Slide 2

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

ЛИЗИНГ сөзі ағылшын тіліндегі LEASE - жал сөзінен шыққан.

Slide 3

ТАРИХЫ

Slide 4

Қазақстанда қаржылық жалгерлік едәуір кеш - 90-шы жылдардың басында пайда болды. Сондықтан лизинг тарихы Батыста жарты ғасырды еңсерсе, Қазақстанда небары 15 шақты жылдан бері есептеледі. Дегенмен, елімізде лизингтің артықшылықтарын түсініп-бағалайтын кәсіпорындар саны күн өткен сайын артып келеді. Инвестиция тапшылығы, ұзақ мерзімді қаржыландыру қиыншылықтары мен өндірісті жаңартудың өткір қажеттілігі жағдайында қаржылық жалгерлік өнеркәсіп пен сауданы дамытудың тиімді құралына айналады.

Slide 5

ЛИЗИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Өндірістік қуаттылықтарды айналымдық қаражатты жұмсамастан жаңарту;

80%-ға дейін қаржыландыруды қамтамасыз ету;

Мүлік лизинг алушы кәсіпорынның балансында көрсетіледі;

Лизинг келісімшартының әрекет мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін;

Лизинг бойынша сыйақы түгелдей шегерімдерге жатқызылады;

Алғашқы іске пайдалану жылындағы қосарлы амортизация нормасы;

Лизинг келісімшарты әрекет еткен мерзім ішінде ҚҚС біркелкі мөлшерде есептеледі;

Лизинг берешекті өтеу кестесін жасау тұрғысынан аса икемді болып келеді;

Лизингтің заты лизинг келісімшарты аяқталғаннан кейін лизинг алушының меншігіне беріледі;

Сатып алынып отырған лизинг заты лизинг мәмілесінің бірден бір қамтамасыздығы болып табылады.

Slide 6 Slide 7

Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Жедел лизингке мынандай белгілер тән:

лизинг келісімшарт уақыты мүліктің қызмет көрсету уақытынан аз болмағандықтан лизинг беруші мүліктің құнын бір келісімшарттың түсуі есебінен орнын толықтыруды есептемейді;

лизинг мүлкі бірнеше рет жалға беріледі;

лизинг арнайы лизинг алушының мүлікке өтініш жазуы бойынша емес, ал лизингтік компаниямен жалға беріледі;

лизингтік мәміленің екі жақты сипаты болады - лизинг алушы және лизинг беруші;

техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру бойынша міндеттемелер лизингтік компанияға жүктеледі;

лизинг алушы егер бұрын қарастырылмаған жағдайлар мен пайдалануға жарамаған жағдайда келісімшартты бұзуы мүмкін;

мүліктің келісімшарты уақыты біткеннен кейін, лизинг берушіге қайтарылады;

қосымша лизинг - лизинг алушы (қосымша лизинг беруші) үшінші тұлғаға (қосымша лизинг алушыға) төлемақыға кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға және иелікке береді, лизинг берушіден бұрын алған келісімшарт бойынша лизингті және лизинг затын құраушыны келісімшартқа сәйкес өз уақытында береді.

Slide 8

Қаржылық лизинг - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Slide 9

ЛИЗИНГ

Мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша

Мүлік түрі бойынша

Қайтарымдылық дәрежесі бойынша

Амортизация шарттары бойынша

Қызмет көрсетулер көлемі бойынша

Нарық секторы бойынша

Лизингтік төлемнің сипаты бойынша

тура

жанама

Қозғалмайтын мүлік лизингі

Басқадай мүліктің лизингі

Толық қайтарымды лизинг

Толық қайтарымсыз лизинг

Толық амортизацияланатын

Толық амортизацияланбайтын

таза

Толық қызметтер жиынымен

Толық қызметтер жиынтығынсыз

ішкі

сыртқы

экспорттық

импорттық

ақшалай

компенсациялық

аралас

Е. Чекмареваның лизинг түрлерінің сыныпталуы

Slide 10

ЛИЗИНГ

ЕКІЖАҚТЫ

ТУРА ЛИЗИНГ

ҚАЙТАРЫМДЫ ЛИЗИНГ

“САТУ” НЫСАНЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ

ҮШЖАҚТЫ

КАПИТАЛДЫ ЛИЗИНГ

ТУРА ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ

ТАЗА ЛИЗИНГ

БАС ЛИЗИНГ

РОТАЦИЯЛЫҚ ЛИЗИНГ

ВЕНДОР-ЛИЗИНГ

КӨПЖАҚТЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГ

МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЗИНГ

ЛЕВЕРИДЖ ЛИЗИНГ

ТОПТЫҚ ЛИЗИНГ

СУБЛИЗИНГ

Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы мен санына байланысты лизингтің түрлері

Slide 11

Лизинг қатысушылары

Slide 12

Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

Slide 13

Лизингтік операция

1 - банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;

2 - лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;

3 - жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;

4 - лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;

5 - жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;

6 - лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;

7 - лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Slide 14

лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептелінеді:

Мұндағы:

ЛТ - лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА - ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ - лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ - лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС - лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

Slide 15

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Лизинг алушы
ЛИЗИНГ- инвестицияны орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Лизинг туралы
Лизинг – Шағын бизнестің үлкен болашағы «Байлық көзі иелену құқығында емес,пайдалану құқығында жатыр»
ҚР-дағы лизингтік қызмет және оның дамуы
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Жарғылық капитал Банк несиелері
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz