Аяқ киім гигиенасының ережелері
Презентация қосу
Аяқ киім
гигиенасының
ережелері
Орындаған: Бекбаева М
Тексерген: Нұрымхан Г.Н.
Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып
табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық
өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан
сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан
құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы
аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын
атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің
дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс
белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген
ауруларының және деформациясының себебі болып
табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер
шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық,
қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті
киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық,
спорттық т.б.
Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ
киім болып табылады, ол, суық пен жылу,
ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан,
жәндіктер мен жануарлардың шағуынан
қорғайды.
Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен
параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы
қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі
қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді
қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты
шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар
бөлінетін көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден
қорғауы керек.
Аяқ киім үшін барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал
- табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен
орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш
болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын
қабатын түзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан,
оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта
теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын
қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді
тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану
арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің
табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем
емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады.
Киізден жасалған пималардың жылу
сақтайтын қасиеті теріден де жоғары
болып табылады, бірақ
олар тез су болады және
Балалардың аяқ киімі
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала
организмін метеорологиялық қолайсыз
әсерлерден және механикалық жарақаттанудан
сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға
қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның
микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті
температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы
керек.
Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған
гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының
ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына
қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға
қойылатын талаптардан тұрады.
Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста
болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-
ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі
бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және
ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету
қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы
керек.
Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып
табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және
жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің
иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған ая қ
киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға
арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған
мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік
аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы
пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты
алынады.
Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлы ғын
жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ
киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің ая қ
киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.
Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10
жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм,
13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой жеткен
қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) ая қ киім киіп ж үру,
ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан,
зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасыны ң иіні
ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Биік
өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай
жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан
жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.
Қоныш - аяқ киімнің формасын сақтау үшін өкше жағына
орналасқан, аяқ киімнің үстіңгі жағының негізгі деталі. Аяқ
киім қонышы өкшенің деформациясының алдын алып,
табанның алға қарай жылжуын болдырмауы үшін қажет.
Қонышты даярлау үшін қалыңырақ табиғи теріден жасайды.
Аяқ киімнің бас жағы- бақайлар мен бақайларға дейінгі
буындардың үстін жауып тұратын үстіңгі бөлігі. Аяқ киімнің бас
жағында оның формасын сақтау үшін астары мен сыртқы
қабатының аралығына арнаулы қаттылау келген деталь салынады
және ол бақайларды жарақаттанудан сақтайды.
Балалар аяқ киімін қозғалуға кедергі келтірмейтіндей етіп,
аяқтарына мықтап бекітуге арналған бекітпелері болуы керек. Ол
үшін әр түрлі бекіткіштер: аяқ киімнің бауы, жылжымалы
“молния”, арнаулы жабысқыштар т.б. қолданылады. Мектепке
дейінгі жастағы балаларға бекітпесі жоқ, жылдам шешіліп қалатын
үсті ашық аяқ киімдер жасауға болмайды.
Аяқ киімнің массасы бекітпелерінің түріне, конструкциясына және
пайдаланылған материалдарына байланысты болады. Б әтеңкелердің массасыны ң
нормасы шолақ бәтеңкеге қарағанда - 10гр., сәбилер аяқ киімдеріне қара ғанада
- 15гр., естиярларға - 20гр., балалар ая қ киімінен - 15гр., мектептік - 25гр., ұл
балаларға - 30гр. ұлғаяды.
Жылдың барлық мезгілінде киілетін балалар аяқ киімі табиғи теріден жасал ғаны
дұрыс. Жаздық аяқ киімге теріден басқа, әртүрлі тоқыма материалдардың өзі
немесе олардың терімен араласқан қоспалары пайдаланылады.
Жылыландырылған аяқ киімдердің үстіңгі жағы мауыты, шұғадан, драп,
жартылай жүн, жүн материалдардан, киізден т.б. жасалады. Астарлыққа таби ғи
тері және мақта маталар пайдаланылады.
Балалар аяқ киімін жасау үшін полимерлік материалдар немесе химиялы қ
талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін. Со ңғысы
санитарлық нормалар мен ережелерде регламенттеледі.
СанНменЕ көрсетілген материалдарды өндірісте тек қана санитарлы қ-
гигиеналық бағасына байланысты қажетті рұқсат берілгеннен кейін ғана
пайдалануға болады. Ол үшін зерттеу жүргізетін мекемеге өнімнің саны 10-нан
кем болмайтындай үлгісі, зерттелетін материалдардың ғылыми-техникалы қ
құжаты (3 м2 ) және технологиялық процесстің тәртібі әкелініп берілуі тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz