Нуклеопротеидтер метаболизмінің бұзылыстары: несепқышқылды диатез, құстардағы подагра және төлдердегі несепқышқылдық инфаркт


Slide 1

Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: несеп қышқылды диатез, құстар подаграсы, төлдің несеп қышқылдық инфарктісі

Тексерген:Нуркенова М. К.

Орындаған:Даутбаева Д. С.

Тобы:ВС -203

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Нуклепротеид алмасуының бұзылуы:

Несеп қышқылды диатез

Құстың подаграсы

Төлдің несеп қышқылдық инфарктісі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

кіріспе

Нуклеопротеидтер - нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.

Slide 4

Гликопротеидтер

Нуклеопротеид

Фосфопротеидтер

Липопротеидтер

Хромопротеидтер

Металлопротеид

Күрделі белоктар

Slide 5

Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуының негізгі себептері:

Организмге пуриндердің сыртқы ортадан келіп түсуі күшеюі;

Олардың организмнің өзінде көп түзілуі;

Пуриндердің ыдырау өнімдерінің несеппен бөлініп шығуы қиындауы;

Нуклеопротеидтер қалдықтарының бүйректен басқа ағзалардан бөлініп шығуы бұзылуы.

Slide 6

Нуклеопротеидтер организмнің өзінде түзіледі және организмге азық құрамында сырттан келеді. Нуклеин алмасуының ақырғы өнімі-несеп қышқылы және оның тұздары сыртқа негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы несеп қышқылды диатез және несеп қышқылды инфаркт түрінде байқалады.

Slide 7

Несеп қышқылы

Slide 8

Несеп қышқылды диатез

Несеп қышқылды диатез-(грек. diathesis-бейім, бейім болу) нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы салдарынан несеп қышқылы мен оның тұздарының қанда көбейіп(гиперурекемия) мүшелер мен өрмелерге шөгуі. Көбінесе құстарда, әсіресе тауық тектестерде, сирегірек сүтқоректілерде (ит, т. б. ) кездесетін дерт. Бұл дерт күнделікті азық тым мол, оның құрамында нәруыз көп болған жағдайда, мысалы, рационда көк шөп пен витаминдік азық жетіспей, құс ұзақ уақыт жануар тектес азықпен, құнарлы жеммен азықтандырылғанда байқалады. Бүйректің зақымдануы да осы дертке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Slide 9

Несеп қышқылды диатез

Slide 10

Микроскоппен зерттегенде несеп қышқылы кристалл түрінде, ал оның тұздары аморфты зат түрінде көрінеді. Бұл заттар шөккен жерде өрме ыдырап өледі де, қабыну процесі басталады, осыған байланысты сол араға гистиоциттер, лейкоциттер және алып торшалар жиналады. Зақымданған жердің айналасында дәнекер өрме торшалары көбейеді, талшықты дәнекер өрме пайда болады.

Slide 11

Несеп қышқылды диатездің түрлері

Ішкі мүшелер (висцералдық) диатез;

Буын диатезі немесе подагра;

Аралас диатез.

Slide 12

Висцералдық несеп қышқылды диатез

Висцералдық несеп қышқылды диатез тек құста кездеседі.

құстың көкірек-құрсақ қуысының ылғалды қабығы, ауалы қапшықтары, бүйрек, баыр, талақ, ішек, жүрек, өкпе, т. б. мүшелер зақымданады. Сырттай қарағанда олардың үстін

борға ұқсаған ақшыл масса немесе кристалл ұнтағы басқан.

Бүйректе, бауырда, ұйқы безі, жүрек еті, қаңқа еттерінде, эндокардта, жуан арналы қан тамырларының интимасында,

тері астында және безді қарында несеп қышқылы мен оның тұздары - ураттар ақшыл нүкте, дақ және жолақ, бір біріне жабысқан түйін сияқты болып көрінуі мүмкін. Зақымдалған мүшенің, әсіресе бүйректің көлемі ұлғаяды.

Slide 13

Висцералдық несеп қышқылды диатез

Slide 14

Құстың подаграсы

Буын диатезі немесе подагра (грек. podagra - аяқ үшін қақпан) - майда буындарға несеп қышқылының натрий тұздарының шөгуіне байланысты туындайтын патология. Көбінесе бұл дерт құстарда, әсіресе, тауықтарда жиі кездеседі. Құстың секе буындары зақымданады. Олар қатайып, табиғи пішінің жояды, жуандайды. Буын тұсында бор сияқты өте нығыз құрғақ затқа немесе қаймақ тәріздес қойыртпаққа толған түйіндер (подагра томпақтары), буын шеміршегінде некроз ошақтары, ойылымдар пайда болады. Олардың айналасы қабынып, мүнда алып торшалар жиналады, талшықты дәнекер өрме өседі. Бұл ауру құстарға белогы көп азықтарды берумен тікелей байланысты.

Slide 15

Құстың подаграсы

Slide 16

құстың Подаграсы

Несеп қышқылы жиналып қалған жердегі ұлпа некрозға ұшырап, айналасында қабыну реакциясы өрістейді және көп ядролы алып торшалар топталып қалады. Бірте-бірте некроз ошағы қауашақтанады (инкапсуляция) . Осы өзгерістер нәтижесінде буындар айналасында үлкендігі жаңғақтай түйіндер пайда болады (tophi urici) .

Slide 17

Төлдің несеп қышқылдық инфарктісі


Ұқсас жұмыстар
Нуклеопротеид алмасуының бұзылыстары және несеп қышқылы диатезінің патологиялық анатомиясы құстар мен жаңа туған төлдерде
Подагра: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емі
Подагра: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Инфаркт: себептері, түрлері және патоморфологиялық өзгерістері
Балалардағы диатез: патогенезі, клиникалық көріністері және емдеу
Подагра және семіздік кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік көмек
Ветеринариялық тромбоз және инфаркт: түрлері, патогенезі және салдары
Нуклеопротеиндер мен металлопротеиндердің құрылысы, функциялары және алмасу бұзылыстары
Тұқым қуалайтын ауруларда моносахаридтер мен дисахаридтер метаболизмінің бұзылулары: галактоземия, фруктоземия және лактоземия
Құстардағы гистомоноз және ветеринариялық-санитариялық алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz