Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

БӨЖ

Тақырыбы: «Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек »

Орындаған :Абдрахимов Б

Тобы : ВС-303

Тексерген :Ахметжанов О. Н.

Slide 2

Жоспар

Күйік және оның түрлері

Күйік кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек

Slide 3

Күйік және оның түрлері

Күйік деп - термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік энергияның әсерінен туындайтын ағзалар мен тіндердің спецификалық зақымдарын айтады.

Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды термиялық, химиялық, электрлік және сәулелік күйіктерден ажыратады. Жалпы хирургиялық аурулардың 2% -ын күйіктер кұрайды және олардың ең жиі кездесетіні термиялық күйіктер болып табылады.

Slide 4

Күйіктер жалынның, қызған металлдың және газдың, жанар сұйықтардың, жанармай қоспалары мен сәулелер энергияларының әсерінен пайда болады. Сондықтан әсер етуші себептерге байланысты күйік мынадай түрге жіктеледі:

- жоғарғы деңгейдегі қызудан - 83% (жалын, бу, қайнаған су) ;

- химиялық - 8% (қышқылдар, негіздер, олардың қоспалары) ;

- электірлік -6% (тиген жерінде терең күйік тудырады, өте жоғары жылу пайда болады) .

- cәулелік - 3% (күн сәулесінен, кварц, рентген, радиоактивті заттардың әсерінен) .

Slide 5

Химиялық күйік

Денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады

Slide 6

Термиялық күйік

Денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық суықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, тікелей әсерінен болады

Slide 7

Сәулелік күйік

Ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді.

Slide 8

Күйік дәрежесі

Күйік дәрежесі

Анықтамасы

Алғашқы көмек

І дәрежелі күйік- Күлдіреп іспейтін күйік

Терінің қызарып, домбығып ісінуі. Ешқандай тыртық қалмай, тез жазылып кетеді

Егерде күйіктің орнында басқа жарақат болмаса, күйген теріні таза сумен жуады, зақымданған жерді спирт, арақ немесе әтірмен, әлсіз (сұрғылт көк) марганец қышқылды калий ерітіндісімен сүртеді, стерилденген құрғақ таңғышпен орап тастайды

Slide 9

ІІ дәрежелі күйік- Күлдіреп ісетін күйік

Іші сұйыққа толатын бірнеше көпіршіктер пайда болады, ішіне су толады

Зақымданған жерді стерилденген құрғақ таңғышпен орап немесе стерилденген бинтпен жауып ұстайды. Бұл мақсатқа арнайы пакеттерді пайдаланады. Есте болатын жағдай: күлдіреп тұрған жерді өз бетімен жармайды, кез-келген дәріні жағуға болмайды,

Slide 10

ІІІ дәрежелі күйік- Терең күйік

Күйген жердің барлық қабаттарындағы жасушалардың жансыздануы

Зардап шеккенді сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді өте таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз

Slide 11

ІV дәрежелі күйік- Өте қауіпті күйік

Тері астындағы тіндер мен ағзалардың, сіңір бұлшықеттердің, сүйектің, ішкі ағзалардың қатты зақымдануы

Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет.

Slide 12

Жалпы алғашқы ветеринариялық көмек.

Күю процессы кезінде ең алдымен жоғарғы температураның әсерін тоқтату керек. Күйік шалған жерді байыппен күйген жүннен, шөптен, жерден тазартып жуамыз. Ауырсынуды басу мен қабыну процесстеріне жол бермеу мақсатында суық басып, спиртті заттар, натрий перманганатының қою қызыл (1-3% -дық) ерітіндісін, риванол ерітіндісін (1:500) қолданамыз. Ал шошқалар күйген кезде тек осы айтылған ерітінділермен ғана өңдеу керек, терісін механикалық жолмен тазарту ауырсынуды жоғарылатады.

Slide 13

Мазьды орамдар тиым салынады. Қажет болғанда жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер егіледі. Жануарларды жылы, жақсы желдетілетін жерлерге орналастырады, тыныштық жағдай жасап, біршама порциялармен жақсы сіңірілетін белоктық, дәрумендері зор азықтармен азықтандырады, қалауынша салқын тұз қосылған су береді.

Slide 14

1. Бияшев Қ. Б. және т. б. Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 2000. -167 бет

2. интернет желісі

https://kk. wikipedia. org/wiki/

Пайдаланған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Радиациялық күйіктер
Химиялық күйіктер
Күйік шалғандағы халық емі
Күйік шогы
Күйік түрлері
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Күйіктің жіктелуі
Күйік туралы
Қан кету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz