Фольклор зерттеу әдісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Орындаған: Амангелді А. А. Е - 415 топ
Тексерген: Серикова Н. У.

Жоспар
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері
Фольклор зерттеу әдісі
Жазбаша зерттеу әдісі
Археологиялық зерттеу әдісі
Түздік зерттеу әдісі
Тарихи педагогикалық анализ әдісі
Әлеуметтік зерттеу әдісі
Салыстыру әдісі
Педагогикалық эксперимент
Халықаралық құбылыстарды теориялық зерттеу
Өзім тандаған этнопедагогикалық зерттеу әдісім

1
Этнопедагогика - педагогиканың бір саласы болғандықтан, педагогиканың әдістері мен қоса өзіндік жеке әдістері бар. Этнопедагогиканың ғылыми әдістері бұл ақпаратты алу мүмкіндігі. Бұл этнопедагогиканың заңдылықтарын, мақсаттарын айқындайды.

Фольклор зерттеу әдісі
2

Өзіндік ерекшелігі бар қызықты әдістердің бірі. Бұл әдісте халықтардың мәдениеті, тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі көрініс береді. Халықтардың киім-кешек, құрал-жабдықтар, наным - сенім, сондай - ақ тұтастай өнерін атау үшін қолданылады.
1846 жылы ауыз әдебиеті аталу үшін фольклор сөзі халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, жаратуышысы да - ХАЛЫҚ. Сондықтан ол халықтың өз еншісі болып табылады.


Жазбаша материалдық зерттеу
3

Маңызды әдістердің бірі болып табылады. Ақпараттың алуан түрлілігі мен сенімділігінен бағаланады. Жазбаша материалдар негізінде халықтардың өзі жазған тарихи жазбаларында немесе ескерткіштерінде қолданылады. Мысалы; Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері.
Тоныкөк
Күлтегін

Археологиялық материалдар
4

Этнокалық тарихты қайта жаңғырту үшін этнопедагогикада археологиялық материалдарды зерттеу әдісі қолданылады. Халықтың ежелгі тарихына байланысты материалдық мәдениеттің ескерткіші. Оған ежелгі қалалар, қалашықтар, қоныстар, қалдықтар, ескерткіштер, салт-дәстүр құрылыстар, адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер, таста, үңгірде қашалған жазулар, жекеленген қазбалардың орны жатады.

5
Түздік әдісі

Зерттеуші халық туралы кең мағынада, көлемде мәлімдейді.

Тарихи педагогикалық анализ әдісі
6

Барлық педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылады. Халықтың білімін, мәдениетін, ғылымын зерттейді.

Әлеуметтік зерттеу әдісі
7

Барлық әдістермен тығыз байланысты. Халықтың білімін әлеуметтік тұрғыда бағалайды. Этникалық қоғамның тәрбиесі мен білім әдісінің білімін зерттейді.

8
Салыстыру әдісі

Әртүрлі халықтардың ұлттық тәрбие ерекшеліктерін, заңдылықтарын, даму деңгейіндегі айырмашылықтарын зерттейді.

9
Педагогикалық эксперимент

Оқу мен тәрбиеге байланысты ғылым негіздерінің әдісі. Оның мақсаты - қазіргі оқу мен тәрбиелік жүйенің этнопедагогикада қолданылуын зерттеу.

10
Халықтық педагогикалық құбылысты теориялық зерттеу

Теориялық анализ ретінде педагогикалық құбылыстың жекелей, белгілерін анықтады. Анализ негізінде жеке факторларды топтастырады, жүйелейді, олардың ортақ және жеке ерекше режелерін тағайындайды. Яғни ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, мәдени - экономикалық, психологиялық, тілдік тұтастық қажет. Бұл негізгі белгілердің бірі болып табылады.

11
Мен, Фольклорлық зерттеу әдісін тандадым.
Ол жоғарыда айтып кеткендей, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, сенім-нанымын зерттейді.
Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

Қыз ұзату
Қызды алып қайту үшін жеті не оданда көп адам келуі мүмкін, бірақ жалпы саны тақ болуы міндет. Құда‑құдағилар алдымен келеді де күйеу мен күйеу жолдасты қыздың жеңгесінің өзі барып ертіп келеді. Күйеу мен күйеу жолдас ауылға жаяу келеді және үлкен үйді баса ‑ көктеп өтуіне рұқсат жоқ.

Тұсау кесу
Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз‑қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң‑тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала‑құла шуда жіптен екі‑үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі.
Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғышқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшінақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.
қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен - осы тұсауы кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан‑ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағылаға жолма, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе кесіп‑құртуға тырыс дегені. Бұл - екінші себебі. Біріншісі - баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу

Той малы
Ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі. «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М. Ж. Көпеев) . Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

Сәукеле кигізу - салт болып саналады. «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар ау» (жар жар) . Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді. Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре бес жүз байталға бағалаған.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz