МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ


Slide 1

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК

ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ

Slide 2

Марқакөл қорығының шығу тарихы

Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы. - Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-ын құрғақ жер, ал 44450 га- ын көл алып жатыр.

- Әкімшілік орналасуы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр.

Slide 3

Қорық үш бөлікке бөлінген:

Қорық орналасқан аумағына байланысты үш бөлікке бөлінген:

3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан

1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр;

2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды;

Slide 4

Қорықтағы негізгі зерттеу объектілері:

Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері, олар - Солтүстік Сібір таулары үшін қалыпты болып саналатын биік таулы ауданның балқарағайлы, самырсынды және шыршалы ландшафтары; Марқакөлге ғана тән майқан, хариус, талмабалық, теңгебалық түршелерінің жергілікті бірегей балықтар әлемі, құрамына біздің республикамызда, тіпті дүние жүзінде сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлердің көптеген қатары кіретін бай және сан алуан құстар мен сүт қоректілер.

Slide 5

Табиғи жағдайы:

Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты, гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы) : Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.

Slide 6

Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері:

Slide 7

Фауна және жануарлар дүниесі, сирек және аса бағалы түрлер.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе қазіргі кезде де аз зерттелігендердің қатарында қалып отырған омыртқасыздар әлемі сан алуан

Омыртқасыздардың су фаунасы әжептәуір зерттелген: қалқыма су организмдерінің 60 түрі,

су түбі организмдерінің- 136 түрі,

тұщы су малюскаларының- 11 түрі ұсынылады.

Қос мекенділердің ішінен сүйіртұмсық бақа, анда- санда кәдімгі құрбақа кездеседі.

Slide 8

Марқакөлге ғана тән балықтар:

Slide 9

КЛИМАТЫ:

Slide 10 Slide 11

Көлге құятын өзендердің ішіндегі ірілері:

Slide 12

өсімдіктер әлемі, сирек және аса бағалы түрлер:

Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып келеді. Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады. Мезофит тобы көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі психрофиттердің санының көп болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде гидрофиттер мен гигрофиттердің болуы ірі су қоймасының ашылуымен байланысты. Петрофиттер жартастың жалаңаштануымен, а ксерофиты және мезофиты- оңтүстік далалы беткейлермен ұштастырылады.

Slide 13

Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің жергілікті түрі жоқ. Бірақ мұнда:

сияқты алтайлық жергілікті түрлер өседі.

Сирек кездесетін құс түрі

Slide 14

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі байқалады:

Slide 15

Қорық аумағында көптеген бағалы өсімдік түрлері өседі. Олар:

марал тамыры,

алтынтамыр,

тиынтақ,

дала шұғылығы,

кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық,

жұқа жапырақты бадан,

алтын шоқсары,

кәдімгі киікоты,

шілтер жапырақты шайқурай,

қара жидек,

итбүлдірген (қызылжидек),

итмұрын

Slide 16

Қорықтың қазіргі жағдайы және міндеттері:

Марқакөл көлі- қазірге дейін әлемнің ең таза су қоймаларының бірі. Оның таза суының деңгейі 5-9 метрге дейін барады.

Суда хлорлы органикалық пестицидтер мүлдем жоқ деуге болады.

Көл жағалауларында қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың болуы қорықтың қорғалу аймақтарындағы уылдырық шашатын өзендердің аммиак қосындылары мен автокөліктердің жанар- жағар май материалдарымен (көктемде және күзде фермер шаруашылықтарынан тау өзендеріне лас сулар ағып құйылады) ластануына әкеп соғады. Бұл тек қана уылдырықтамаларға ғана емес көлдің таза суына да қауіпті. Сондықтанда еліміздің табиғи байлықтарын сақтай білейік!!


Ұқсас жұмыстар
Марқакөл көлі
Марқакөл қорығы
Қазақстанның қорықтары
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Табиғат ескерткіштері
Марқакөл қорығы туралы
Наурызым ормандары
Жануарлар дүниесін қорғау
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Ақсу - Жабағалы қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz