Cаң ырауқұ лақ тар


Slide 1

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Тақырып:Cаңырауқұлақтар

Орындаған:Базар. Х

Тексерген:Мирашева. Г. О

Тобы:БТ-407

:

Slide 2

МАЗМҰНЫ

1. Cаңырауқұлақтар

2. Табиғат және адам өміріндегі маңызы

3. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

4. Саңырауқұлақтың көбеюі

5. Қалталы саңырауқұлақтар

6. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 1-дай түрі кездеседі

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оныризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.

Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері - көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.

Slide 4

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, олардыбактериялар қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажеттіминералды тұздарға өте бай болады.

Slide 5

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Бозарған арамқұлақ - дүние жүзі статистикасы бойынша ең көп ажалды улану туғызатын саңырауқұлақ.

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында қантты заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін болса да кездестіруге болады. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар.

Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда ақ саңырауқұлақтар топталып өседі. Бұл саңырауқұлақ тіпті шөл және шөлейтті жерлерде де кездеседі. Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының астында түтікшелері бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінде өсетін ақ саңырауқұлақтармен шатастыруға болмайды. Арышқұлақтар - қарағайлы, шыршалы орманда, терекқұлақ көктеректің түбінде өседі. Ал жеуге жарамды ақ жерқұлақтың (белый трюфель) денесі топырақтың үстіңгі қабатында дамыды. Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок) саңырауқұлақтары да жеуге жарамды.

Slide 6 Slide 7

Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқүлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік ортада кез болған споралар тез арада көбейіп, жаңадан гифтер түзеді.

Саңырауқүлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алатын болса, кейбіреулері ерекше клеткалар-ойдийлер арқылы көбейеді. Ойдийлер, гифтер жеке клеткаларға бөлінгенде пайда болады және одан қоректік ортада жаңадан саңырауқүлақтар өсіп шығады. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдармен көбеюіне (мәселен, картоптың түйнекпен өсуі) үқсайды.

Slide 8

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР СИСТЕМАТИКАСЫ

Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңы-рауқұлақтарды негізгі бес класқа бөлуге болады. Олар: архимицеттер, фикомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер және жетілмеген саңырауқұлақтар .

Архимицеттер. Бұлардың ерекшелігі гсол, мицелийі болмайды, болса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар. Көбіңесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангийде түзіледі. Бұл саңыраукұлактардың бірқатары жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді закымдайды.

Фикомицеттер. Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангийде споралар түзіледі, ал жынысты жолмен кәбейгенде зооспоралар пайда болады, оның 700-ге жуық түрі бар.

Бұл класқа табиғатта кең тараған мукор саңырауқүлағы жата-ды. Мукор - тағамдық заттарды бұзатын саңырауқүлақ. Әсіресе ол нан, жеміс және овощ тағамдарын зақымдайды. Мукор ылғал тартқан қойма қабырғаларында көп кездеседі. Бұның кейбір түрлері адам мен жануарларды ауруға үшыратады. Көптеген мукор саңырауқүлақтары қантты спирт және органикалық іқышқылдарға айналдырады, сондықтан олардың кейбіреулерін тамақ әнеркәсібінде қолданады.

Сонымен қатар, бұл класта фитофтора және плазмопара деп аталатын ауыл шаруашылық дақылдарын (картоп, помидор, жүзім) зақымдайтын түрлері бар.

Аскомицеттер. Бүлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Конидий арқылы көбейеді жынысты жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және түрлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомицеттер техникалык мақсатта қолданылады.

Slide 9

Қалталы саңырауқұлақтар


Ұқсас жұмыстар
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Галогендердің жалпы сипаттамасы
Қорытынды мектепте практика ретінде конференция мектепте
BROUGHT INTO CONFORMITY ОЙЛАН ТАП БЕКЕТІ
Қайтымды процесс
Scorm пакеті мысалы
Шығармашылық ұғымы жөнінде
Қазақ тілі
Постимпрессион изм өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz