Ферменттердің әсер ету механизмі мен ферменттік реакциялардың кинетикасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Махмутбек Г.

Топ: БТ-201

Тексерген: Кабденова А. Т.

Ферменттер әсерінің кинетикасы

Slide 2

Ферменттер дегеніміз жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің клеткалары жасап шығаратын биологиялық катализаторлар.

Апофермент + ақуызды емес бөлігінен:

- Алифаттық қосылыстар

- Ароматты қосылыстар

-Витаминдер және олардың туындылары

-Нуклеотидтер мен нуклеозидтер

-Металл иондарынан тұратын екі компоненттті ферменттер.

Ферменттер

Қарапайым

Күрделі

Белоктық бөліктен (апофермент)

тұратын бір компонентті ферменттер.

Slide 3

Ферменттердің әсер ету механизмі

Химиялық реакциялардың жылдамдығы реакцияға түсетін молекулалардың соқтығысу жиілігіне байланысты. Ал соқтығысу жиілігі молекулалардың концентрациясы мен ортаның температурасына байланысты. Температураның артуына қарай молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы да артады, бұл молекулалар соқтығысуының жиілігіне әсер етеді.

Тірі клеткаларда зат алмасу процестердің жүрісін ферменттер тездетеді.

Slide 4

Реакцияның өтуі үшін молекулалар активті күйде болуы қажет, басқаша айтқанда, оларда реакция үшін қажетті энергияның біршама артық қоры болуы тиіс. Мұндай энергияны активация энергиясы деп атайды. Фермент осы реакцияға қажет активация энергиясын кемітеді.

Slide 5

Активация энергиясын кеміту үшін фермент реакцияға ұшырайтын заттың яғни субстраттың молекуласымен бірігіп комплекс түзеді. Комплексті қысқаша Ф + С (фермент+субстрат) деп белгілейді. Бұл комплекстің түзілуіне әлдеқайда аз мөлшердегі энергия қажет.

Slide 6

Фермент + субстрат аралық комплексін түзу кезінде субстрат молекулалары біраз деформацияға ұшырайды, сондықтан реакцияның активация энергиясы кемиді. Бұл деформация субстраттың молекула ішілік байланыстарын әлсіретеді және молекуланы белгілі бір реакцияға неғұрлым қабілетті етіп шығарады. Комплекстің түзілуі спектрлік методтардың жәрдемімен дәлелденген.

Slide 7

ФЕРМЕНТТІК РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ КИНЕТИКАСЫ

Ферменттік реакциялардың кинетикасы деп ферменттің әсерімен жүзеге асатын химиялық реакцияның жүру жылдамдығын айтады.

Реакция жылдамдығы дегеніміз - белгілі бір уақыт өлшемінде реакцияда әрекеттесетін заттардың немесе фермент әсерімен түзілген реакция өнімінің концентрациясының өзгеруі.

Slide 8

Химиялық реакцияларды топтастыру үшін мыналар негіз болады:

1. Реакцияға қатысатын молекулалардың саны. Молекулалардың санына қарай реакцияларды мономолекулалы, биомолекулалы және үш молекулалы деп бөледі.

2. Реакцияның кинетикалық сипаттамасы, соның ішінде реакцияның реті. Реакциялар ретіне қарай нөлдік, бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік деп бөлінеді.

Slide 9

Назарларыңызға

Рахмет


Ұқсас жұмыстар
Ферменттердің құрылымы, әрекет ету механизмі және кинетикасы
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі, катализ және ферменттік катализ: ферменттердің әсер ету механизмдері мен организмдегі рөлі
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі, катализ және ферменттердің әсер ету механизмдері мен организмдегі рөлі
Химиялық тепе-теңдік пен катализ: ферменттік катализдің организмдегі рөлі, ферменттердің жіктелуі және әсер ету механизмдері
Химиялық реакциялардың кинетикасы, катализ және фармакокинетикалық параметрлер
Химиялық процестер мен реакциялардың кинетикасы: түрлері, заңдылықтары және жылдамдыққа әсер ететін факторлар
Ферменттер: құрылымы, қызметі, классификациясы және ферментативтік реакциялардың кинетикасы
Ферменттер: құрылымы, әсер ету механизмі және жіктелуі
Ферменттер: құрылымы, әсер механизмі және биохимиялық маңызы
Интерферон: түрлері, әсер ету механизмі, препараттары және медицинадағы қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz