ҚР Экспорты мен Импорты




Презентация қосу
Сөж
Такырыбы: ҚР Экспорты мен Импорты

ОРЫНДАҒАН: АСҚАР Е.А
ТЕКСЕРГЕН:ТЕМИРГАЛИЕВА
А.С

ТОБЫ: ГУ-307
Қазақтандағы экспорт
Соңғы он жылда Қазақстанда болған экономикалық қайта
құрулар өзінің нәтижелерін беруде. Жаңа жүз жылдықтың
басталуымен экономикалық өсім сәйкес келіп, еліміз
жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың жемісін
көре бастады.
Жалпы ішкі өнім нақты өсімі алғаш рет 13,2% құрады. Бұл өсім
өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы өндіріс өсімінің
жоғарғы қарқындарының есебінен қамтамасыз етілді.

Байланыс қызметінің көлемі 38,5% өсіп, бөлшектік тауар
айналымының көлемі 14,2% жетті.

Өндірістің айтарлықтай өсуі тау-кен өндірісінде (17%) және
өңдеу өнеркәсібінде (14%) байқалды. Мұнай мен газ өндірудің
көлемінің ұлғаюы көмірсутегі шикізатының экспортынан түсетін
кірісті былтырғы жылдың деңгейінде сақтап тұруға, ал дайын
өнімді өндірудің ішкі өндірісінің дамуы тұтыну нарығының өсуі
жағдайында импорттың көбеюін тежеді.
Жалпы экономикалық өсімге жағымды әсер еткен негізгі факторларды да
айта кеткеніміз жөн болады.

─ еліміздегі берік саяси тұрақтылық;

─ жекелеген тауар рыноктарындағы әлемдік бағаның тиімді жағдаяты мен
қолайлы инвестициялық климат;

─ жеке кәсіпкерліктің жаппай дамыуы, импорт алмастыру саясаты мен
отандық тауар өндірушілердің бәсекелік артықшылықтарының артуы;

─ халықтың өмір сүру деңгейінің жақсару нәтижесінде ішкі сұраныстың
артуы;

─ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдеріне қарағанда
экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны;
Таяу жылдарда Қазақстанның болашағы ірі
мұнай-газ кеніштерін зерттеп, игерумен
байланысты өте зор. Осы себептен де отандық
эканомиканы дамытудың жақсы бір мүмкіншілігі
туып тұр.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің рыногы.Кеңес
Одағы ыдырағаннан кейін, жаңа тәуелсіз мемлекеттер екі
бағытты таңдады: біріншісі – бұл өздерінің шикізат
ресурстарындағы кемістікті барынша алып тастау, екінші — бұл
әлемдік рынокқа қайта бағытталу.
Қазақстан импорты
Қазақстанның тәуелсіз дамуының басынан-ақ ашық экономика
старетигиясы жүзеге асырылуда. Елдің сыртқы саудасы тиімділігіні ң
талдауы сауданың жалпы экономикалық өсу қарқынына әсерін көрсетеді.
Көптеген сарапшылардың пікірінше жоғары экономикалық көрсеткіштерге
жетуге көбінесе шикізат экспорты мен әлемдік нарықтардағы қолайлы
бағалық жағдаят әсер етті.
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің деректері бойынша
2012 жылы елдің сыртқы сауда айналымы көлемі 132,7 млрд. АҚШ долл.
құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,5% жоғарырық. Сыртқы сауда
айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр.
Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда
айналымының көлемі 34% төмендеген 2009 жылды ғана қоспағанда. 2010
жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі қайтадан өсе бастады.
Көбінесе бұл еліміздің басшылары қолданған дағдарысқа қарсы
шаралардың нәтижесі еді.
Сыртқы сауда айналымының ішіндегі импорт үлесінің серпінінде соңғы 15
жыл ішінде қысқару үрдісі байқалады. 1998 жылы импорт үлесі 45% құраса,
2012 жылы оның деңгейі 35% дейін төмендеді. Осыған сәйкес сыртқы сауда
айналымындағы экспорт үлесі өсті. Осы оң серпін сыртқы әлемдік
жағдаяттың (шикізат қорларының әлемдік бағаларының өсуі) әсер ету
нәтижесі. Экспорттың жалпы көлемінің 75% минералдық өнімдер құрайды.
Сонымен катар, ел Үкіметінің де экономиканың өңдеуші саласында ғы
экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуды қолдау бойынша әрекеттерді
жандандыруын атап өтуіміз жөн. Осылайша, «KAZNEX INVEST» Экспорт
және инвестициялар ұлттық агенттігінің деректері бойынша Үдемелі
индустриалдық инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен
«Экспорт-2020» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда
соңғы жылдары өңделген өнімдердің экспорты едәуір өсті.
Соңғы 15 жыл ішіндегі импорт пен экспорт көлемінің серпінінде өсу үрдісі
байқалады. 1998 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 11,5 есе, экспорт
көлемі 17,2 есе өсті. Сонымен қатар, 2009 дағдарыс жылымен
салыстырғанда импорт деңгейі 1,6 есе, экспорт деңгейі 2 есе өсті.
Импорт және экспорт көлемінің серпіні, млрд. теңге
ТМД елдерінен импорттың үлкен үлесін Кедендік Одаққа мүше-елдердің тауарлары
құраса, импорттың жалпы көлеміндегі Ресей мен Беларусьтың үлесі 2012 жылы 2007
жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа төмендеп, 80% құрады. Бұл
Украинадан импорттың өсуі салдарынан баолды – осы елдің үлесі 2012 жылы 13%
өсті.
Қазақстанның басты тауарлық топтар бойынша
импортының құрылымы, 2014 жыл.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің айтуынша, Қазақстан өзін тек
60% ғана өз ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді, қалған 40% импорт
үлесінде. А.Мамытбеков атап айтқандай, өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың басты
мақсаты өндірістің өзіндік құнын төмендету және өндірілген өнімнің ішкі және
сыртқы нарықтарда басекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сонымен
қатар, мемлекет өңдеуші кәсіпорындарға жағдай жасауы керек, яғни олар ары
қарай мемлекеттің қолауынсыз-ақ өзін-өзі қамтитын және басекеге қабілетті
кәсіпорындар болып қалатындай деңгейге көтеру қажет. Қойылған мақсатқа жету
үшін, министрдің айтуынша, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен, жоғары
технологиялық өндіріс пен дайын өнімдерді өткізуді қамтамасыз ету керек.

Ұқсас жұмыстар
Тауарлар импорты
Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы туралы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ БАЛАМАЛЫ (АЛЬТЕРНАТИВТІ) ТЕОРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы.»
Қазақстан Қытай қатынасы
Болжам мен жоспарлаудың методолоиялық қағидалары
БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ МЕН ПОСТЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Хекшер - Олин моделінің мәні
ҮНДІСТАН ТУРАЛЫ
Пәндер