Химиялық талшықтардың ерекшелігі, қасиеті және қолдану аймағы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ “Химия” кафедрасы “ Жалпы химиялық технология” пәнінен БӨЖ №4 Тақырыбы:“ Химиялық талшықтардың ерекшелігі, қасиеті және қолдану аймағы” Орындаған: Шайзадаева А. М Оқу тобы: ХО-303 Тексерген: аға оқытушы Лебаева Ж. Т Семей, 2015

Мазмұны
Талшықтардың классификациясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Химиялық талшықтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Жасанды талшықтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Синтетикалық талшықтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Талшықтардың классификациясы - талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді.
Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға жатқызамыз.
Химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызамыз.

Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп 2 бөлінеді.
Жасанды деп, табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.
Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.
Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.


Жасанды талшық
Табиғи органикалық
материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрлі
химиялық заттармен:
ацетон, сіркесу, азот, күкірт
қышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады
Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады.

Вискоза талшығы
Ағаш целлюлозасын сілті және күкірт, көміртегімен өңдеп, одан шыққан тұтқыр ерітіндіні өте кішкене тесікті фильерадан сығып өткізу жолымен өте жіңішке жіп алынады. 1м3 ағаштан 200кг целюлоза, 160кг жіп н⁄е 1550 м тоқыма алынады. Вискоза талшықтарын мақта, табиғи жібек, жүн, бір қатар синтетикалық заттармен араластырып, іш киімді, көйлектік, костюмдік маталар, трикотаж даярлауға пайдаланылады.



Вискозалы
Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім.
Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%) ; тез отырып, қатты қыртыстанады
Ацетатты
Вискозалық талшықтан айырмашылығы- шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде . Асетум латын тілінен аударғанда -сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін
Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар

Синтетикалық талшық
Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.
Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б. ) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады.

полиамидті
капрон, дедерон, нейлон
Капрон маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғалсіңіргіштік.
Ең берік талшықтар,
ылғал күйінде де
беріктігін сақтайды.
Қолмен сипағанда
қаттылау, өң жағы
тегіс, беріктігі жоғары,
жууға төзімді, өңі
кетпейді, аз
қыртыстанады, күйе
түспейді, өтектеуді
қажет етпейді.

полиэфирлі
лавсан, полиэстер
Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі жоғары температураға төзбейді.
Берік, жұмсақ және иілмелі
талшықтар, қыртыстанбайды,
оларды маталардың беріктігі
мен созылғыштығын арттыру
үшін әртүрлі талшықтармен
жиі араластырады. Бұйымдағы
қатпарлар жуу мен тазалаудан
кейін де сақталады. Лавсан
талшықтарын табиғи
талшықтарға (жүн, мақта,
зығыр) қосып, көйлекке
арналған маталар, , трикотаж
шығарады.

полиакрилонитрилді
нитрон, акрил, эластан(лайкра)
Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады.
Ең төзімді, берік, жылы,
үлпілдек талшықтар.
Олардан жасалған маталар
жүнге ұқсас, трикотаж
бұйымдарын, иірілген жіп
дайындау кезінде
пайдаланылады. Жүн,
мақта, вискозаға қосып
көйлектік және костюмдік
маталар әзірленеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ы. Қ. Тойбаев, Қ. А. Жұбанов, Ү. Ә. Садықов, Ә. Қ. Қоқанбаев « Химиялық технология негіздері », Алматы « Қазақ университеті » 2008.
2. Ж. Қ. Қайырбеков, Е. А. Әубәкіров, Ж. К. мылтықбаева « Жалпы химиялық технология », Алматы « Қазақ университеті » 2009.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz