Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері




Презентация қосу
БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР.
ТЕХНОГЕНДІ СИПАТТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР, ОЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ. ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Орындаған: Абдуллаева А. Е.
Тобы: Е-513 биология
Тексерген: Нуржуманова Ж. М.
ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше
жағдайлар
2. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың
классификациясы

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат
немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен,
қаражатпен жоюға мүмкіндік
бермейтін, ол үшін әдейі материалдық,
техникалық, ақша қаражатын және
адам күшін талап ететін жағдай.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза
табуына әкеліп соққан немесе әкеліп
соғуы мүмкін, олардың
денсаулығына, қоршаған ортаға және
шаруашылық жүргізуші нысандарға
ңұқсан келтірген немесе келтіруі
мүмкін, халықты едәуір дәрежеде
материалдық шығындарға ұшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған немесе
бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе
апат салдарынан белгілі бір аумақта
туындаған жағдай
БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТТАҒЫ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы" Заңы Қазақстан Республикасы
аумағыңда табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды
реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны
және шаруашылық жүгізуші объектілерді
төтенше жағдайлар мен олар туғызған
зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты
жүргізудің басым салаларының бірі болып
табылады.
БЕЙБІТ УАҚЫТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙДЫ 5 ТОПҚА БӨЛУГЕ БОЛАДЫ:

қоршаған ортаға зиянды заттарды тастау ға
алып келіп соғатын;
жарылыс,өртке алып келіп соғатын;
көлік комуникациясындағы орын алатын
қатынас жолы;
әскери саясаттық сипатта болатын;
стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.
ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙ
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер
сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны ж әне бас қалар), таби ғи
өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандарды ң
кеселдері мен зиянкестері арқылы за қымдануын ту ғызатын
төтенше жағдайлар.
ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА:
-геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел,
сырғыма, тастың құлауы);
- метеорологиялық және арометеорологиялық қауіпті
құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б.);
- теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз
деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т. б.);
- гидрологиялық кауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар,
грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);
-адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
-ауылшаруашылык малдардың жұқпалы ауру ға шалдығуы
(эпизоотиялар);
-ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге
шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙ
Техногендік сипаттағы
төтенше жағдай - өнеркәсіп,
көлік авариялары және басқа да
авариялар, өрт (жарылыс),
күшті әсер ететін улы,
радиоактивті және биологиялық
жағынан қауіпті заттарды
тарататын (тарату қаупі бар)
авария, үйлер мен
ғимараттардың кенеттен
қирауы, бөгендердің бұзылуы,
тіршілікті қамтамасыз ететін
электр-энергетика және
коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы
авария туғызған төтенше
жағдай.
ТЕХНОГЕНДІ СИПАТТЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАРҒА:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, те ңіз ж әне өзен
қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар
(апаттар), магастральді өткізу құбырларында ғы авариялар);
- өрттер (жарылыстар);
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі
авариялар;
-тазартқыш құрылыстардағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналарды ң, б өгеттерді ң
бұзылуы) жатады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ
Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай
туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай таралу аума ғынаж әне
келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік,
жергілікті, өңірлік және жаһанды қ болып б өлінеді.
АВАРИЯ
Авария - технологиялық процесстің
бұзылуы, механизмдердің
жабдықтар және ғимараттардың
зақымдануы.
Авариялар зардаптарының сипатты
түріне, көлеміне және олар пайда
болған көсіпорынның олардың
ерекшелігіне байланысты
авариялардың әдеттегідей
зардаптары жарылыстар, өрттер, су
басу, шахтаны үйінді басу болуы
мүмкін.
Көбінесе авариялар ауаның
газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті
сұйықтықтардың, қатты әсер ететін
улы заттардың төгілуіне
АПАТ
Апат - бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың
үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен
немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірдумен, ед әуір
экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын
табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді.
Көлеміне бойынша: кіші, орташа, үлкен болады

Көлемді анықтау кезінде белгіге екі к өрсеткен алынады:

1. зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны;
2. апат зардабына ұшыраған аумақ

- Турі бойынша:
1.табиги (табиғи немесе дүлей зілзала);
2. жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен)
болды
ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың
пайда болуына әкеліп соққын зілзала.
Төтенше жағдайлардың көбесі адамға
бағынышты емес табиғат күші әсерінен
болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны,
сырғьшалар, қар кешкіні, дауылдар
күртік, орман және дапа өрттері т. б.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН
АЛУ

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін
және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін
болғанынша азайтуға, адамдардың
денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен
материалдық шығын мөлшерін кемітуге
арналған шаралар кешені
ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы т өтенше
жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына
сәйкес табиги сипаттағы т өтенше жағдайларды  жер
сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тас қыны ж әне бас қа да
зілзалалар табиғи өрттер, індеттер ж әне эпизоотиялар, ауыл
шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен за қымдалуы
секілді дүлей зілзалалар ту ғызуы м үмкін.

Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлардың
ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп
соғатын үрдістер немесе қауіпті таби ғи к ұбылыстар
нәтижесінде болады.
ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы
факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен
немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи т өтенше жа ғдайлар
ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе
анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы
әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл
шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалы қ нысандар ға
және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің
зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.

Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу
ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына
және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи
үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. 05.07.1996 жылғы Қазақстан Республикасыны ң
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы» Заңы.
2. «АҚ құрылымдары туралы нұсқаулық»
(23.06.2000 жылы №139 ҚР ТЖА бұйрығы).
3. Республикалық біліктілігін арттыру курсында
(РБАК) АҚ және ТЖ саласындағы басшы құрамы
тыңдаушыларына көмек оқу құралдары, РБАК,
Алматы 2009 ж.
4. ҚР ТЖ Министрінің 09.02.2011 жылғы №02 қ
«Бейбіт және соғыс уақытындағы облыстың ( қала,
ауданның) Азаматтық қорғаныс Жоспарына типтік
құрылым әрекеттерін енгізу туралы» бұйрығы.
5. ҚР ТЖМ, РФ ТЖМ сайттары.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері және классификациясы
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
ТЕХНОГЕНДІ ТӨТЕНШЕ
Экологиялық апаттарға сипаттама
Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары
Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы
Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері
Пәндер