Энтомология пәніне қысқаша шолу.Орман зиянкестері


Slide 1

Энтомология пәніне қысқаша шолу. Орман зиянкестері

Slide 2 Slide 3

Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М. Мальпиги (1628 - 94), және француз табиғат зерттеушісі Р. Реомюр (1683 - 1757) болды

Slide 4

Энтомологияның ішінде мына салалар бар:

колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді)

лепидоптерология (қабыршаққанаттыларды)

мирмекология (құмырсқаларды)

Slide 5

Колеоптерология-энтомология ғылымының бір саласы. Ол қаттықанаттылар отрядын зертееумен айналысады. Әлемге әйгілі ХІХғ колеоптерологы - Чарлз Дарвин болған

Slide 6

Лепидоптерология-энтомология ғылымының саласы, қабыршаққанаттыларды, яғни көбелетерді зерттейтін бөлім

Slide 7

Мирмекология(гр. «құмырсқа» и λόγος «оқу») -құмырсқаларды зерттейтін энтомологияның бір саласы

Slide 8

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы.

Оны жануарлардың әртүрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 7 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 40 отряд бар

Slide 9 Slide 10

Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршын, суқандала сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын) ; шаншыл-сорушы (маса орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар) ; кеміріп-жалаушы (балара) ; түтік тәрізді ауызбен сорушы

Slide 11

Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады

Slide 12

Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай:

жапырақ жегілер (қылқан жапырақты қоса)

дің кемірушілер

тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер

жеміс

тұқым зиянкестері т. б

Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т. б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады

Slide 13

Жапырақ жегілер (лат. Chrysomelidae) мұрттылардың ең жақын туысқандары, бұрынырақ оларды біртұқымдасқа жатқызатын. Жапырақ жегілер - ең көп таралған қоңыздың бірі.

Тұқымдаста келесі классификациясы бар

Synetinae

Donaciinae

Criocerinae

Clytrinae

Cryptocephalinae

Eumolpinae

Chrysomelinae

Galerucinae

Alticinae

Cassidinae

Hispinae

Lamprosomatinae

Slide 14

Иісті жасыл қоңыз-хризомелин (Chrysomelinae) отрядының Chrysomelidae

туыстың жапырақжегіштердің бір өкілі. Оңт. орт. Европада, Кіші Азияда, Кавказда, Иранда және орталық Азияда кемекендейді. Денесінің ұзындығы 8-11мм.

Иісті хош жапырақтармен қоректенеді

Slide 15

Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер) . Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады.

Slide 16

Сүген қоңызы - қаяз (отын кесетін) қоңыздар тұқымдасына жататын қоңыз түрі. Денесінен бірнеше есе ұзын көпбунақты мұрты бар. Олардың аталуы көбінесе мекендейтін ортасына байланысты болады. Қоңыздардың көбі ағаштардың бір түрінде мекендейді. Ұрғашылары жұмыртқаларын ағаш қабығының жарықтарына салады, кейін олардан дернәсілдер дамып жетіледі.

Күшті кеміргіш ауыз аппараттары бар жұмсақ дернәсілдер ағаш сүрегінде бір ғана жыл тіршілік етпейді, бірнеше жыл өмір сүреді. Тек қана ағаштарды ғана емес, сонымен бірге ағаштан жасалынатын жабдықтарды, ағаш құрылыстарын толығымен зақымдайды

Slide 17

Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді.

Slide 18

Зауза қоңыз(Melolontha) -қаттықанаттылар отрядының тақта мұрттылар тұқымдасына жататын жәндіктер.

Мекені:Еуразия құрлығы

Түрі:(36 түрі белгілі) . Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар

Денесінің ұзындығы 20 - 32 мм

Түсі қара қоңыр, қанатының үсті қоңырқай жирен түсті болады.

Ауыз аппараты -''кеміргіш''.

Дернәсілінің түсі ақшыл, басы қоңыр түсті, кеудесінде үш жұп аяқтары болады.

Дернәсілі топырақ арасында (3 - 4 жылда) өсіп-жетіледі де, жас ағаштардың тамырын зақымдайды.

Көктемде ағаш жапырағын жейді. Зауза қоңыздың дернәсілін жою үшін топыраққа инсектицидтер шашады. Ал қоңыздарды ағаштан сілкіп түсіріп, жинап құртады

Slide 19

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Энтомология ғылымы және зиянкестердің түрі
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Артқы жағындағы дене кеңейген
Каусар
Орман зиянкестері, олармен күресу тәсілдері
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
ӨСІМДІК ЗИЯНКЕСТЕРІ
Құстарды топтарға бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz