Қаптама және қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау: қоршаған ортаға әсері және қайта өңдеу стратегиялары


Slide 1

Қаптама және қоршаған ортаның жағдайы.

Slide 2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау жолдары.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау және залалсыздандыру проблемасы қоршаған ортаны қорғау облысындағы аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады. ҚТҚ-дың едәуір бөлігі полигондарда утилизацияланады. Бұл жерде проблемалар туындайды:

- полигон көп жер алады;

- полигондар мен свалкалардың саны көбейіп келеді;

- қалдықтар қоршаған ортаға миграциялайды.

Slide 3

ТҚҚ полигондарында физико-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсер тигізеді. Олардың өнімі - сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар сақтау полигондарында жаңа экологоиялық қауіпті заттардың пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді. ТҚҚ-дың ОС-ға биогендік әсерінің нәтижесінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің, сүтқоректенушілердің, микроағзалардың көбеюіне қажетті жағдай туғызады. Бұл бактериялар мен вирустардың үлкен қашықтықтарға таралуына әсер етеді.

Slide 4 Slide 5

Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою және қалалық аймақтардың ластануы әсіресе саны 1 млн. -нан астам тұрғыны бар ірі қалаларда (мегаполистерде) бірден-бір мәселе болып отыр. ТҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта нормасы 1м3/жыл (көлем бойынша) немесе 200 кг/жыл- масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік, радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар оларды пайдаланудың ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ТҚҚ сақтау полигондарын жасау.

Slide 6

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТҚҚ полигондарының айналасында жерасты және жерүсті суларының поликомпонентті ластануының, қоқсық астынан шығатын жоғары температуралы (шамамен 40-500С) улы фильтраты бар басқа табиғи орталардың динамикалық ореолдар аймақтары қалыптасуда. Фильтраттың жоғары температурасы қалдықтарда жүріп жататын экзотермиялық химиялық реакциялармен анықталады. Сондықтан бұл лас ағымдарды түрлі геохимиялық тосқауылдармен (қышқылдандырып қалпына келтіретін, сорбциялық), гидродинамикалық қақпанмен (ағынсыз су қоймалары, көлдер, жайылмалар, батпақтар) . Бірақ бұл қондырғылар бұл аудандағы жерасты суларын іріктеумен байланысты депрессиялық воронканың болмауын ескеріп, жер суларының ластанбауын қамтамасыз ету керек. Жерасты гидросферасы ластануының аса жайылған «тілдері» терең эрозиялық ойымы бар жоғарғы суағарлар бойында байқалады.

Slide 7

ҚТҚ жою салдарларына жүргізілген анализ олардың қоршаған ортаны бұзатынын көрсетеді. Осыны түсіну пластмассадан жасалған қалдықтарды қалдықсыз немесе аз қалдықты цикл бойынша ұқсатудың жана концепциясын және жаңа тәсілдерін зерттеп дайындауға мәжбүр етті.

Бұл концепцияның негізгі идеясы ҚТҚ жою емес, халық шаруашылық мұқтаждары үшін қолдану, қалдықтарды пайдаға айландыру болып табылады.

Slide 8

Осы концепцияны іске асыру үшін қалдықтарды қолданудың жаңа стратегиясы қолданылу керек. Жаңа стратегияның құралдары болып мынадай технологиялыр табылады:

• өзі жойылатын (саморазлагающаяся) қаптама;

• заманға сай жабдықтардың қолданылуымен қайта ұқсату.

Slide 9

Өзі жойылатын қаптаманы шартты түрде биологиялық жолмен ыдырайтын және фото жолмен ыдырайтын қаптамаға бөлуге болады.

Slide 10

Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлер негізінде жасалған қаптама саңырауқұлақтар және бактериялардың әсерінен ассимиляцияға ұшырайды. Саңырауқұлақтар мен бактериялар полимердің қолайлы жағдайларда (жоғары ылғалдық, температура) ыдырауына жол ашатын ферменттер түзеді (шығарады) .

Slide 11 Slide 12

Төмен молекулалы фракциялар ортаның микроорганизмдерінің әсерінен ыдырайды. Полимерлердің биоыдырауына қажетті жағдай болып оның тізбегінде микроорганизмдердің әсерінен ыдырайтын буындарының болуы табылады.

Slide 13 Slide 14

Жарықтың әсерінен ыдырайтын (фотоыдырайтын) полимерлер негізінде жасалған қаптамалар күннің ультрафиолет сәулесінің әсерінен қысқа буындар және сегменттерге бөлініп ыдырайды.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Кейбір қаптамаларың құрамына крахмал, протеин, лигнин сиақты табиғи материалдар кіреді. Бұндай қаптама күн сәулесінің және атмосфералық осадоктардың әсеріне тұрақты болып табылады, бірақ топырақ бактерияларының әсерінен тез арада ыдырап кетеді.

Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21

Қаптама қалдықтарын утилизациялаудың ең рационалды тәсілі болып оларды қайта ұқсату табылады. Нәтижесінде пайдаланудан шыққан және/немесе тозған қаптамадан алынған полимер шикізаттан пайдалы бұйымдар шығаруға болады.

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және ағынды суларды, қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды талдау және қайта өңдеу әдістері
Теректі ауданы (Покатиловка ауылы): қатты тұрмыстық қалдықтардың экологиялық әсері және қайта өңдеу перспективалары
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және қоршаған ортаны қорғау
Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу және энергияға айналдыру
Полимерлік қалдықтарды басқару және қайта өңдеу: анықтамалар, технологиялар және Қазақстандағы тәжірибе
Қалдықтарды қайта өңдеу: технологиялар, кәсіпкерлік кезеңдер және Қазақстандағы даму перспективалары
Адамзаттың энергия өндіруінің климатқа және қоршаған ортаға әсері
Өндірістік экология және ірі өндірістің қоршаған ортаға әсері
Қоршаған ортаның ластануы және қалдықтарды басқару: денсаулыққа әсері мен реттеу мәселелері
Бензиннің сипаттамасы, қасиеттері, жіктелуі, қолданылуы және қоршаған ортаға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz