Жануарлардың асқорыту жүйесі



Жануарлардың асқорыту жүйесі
Орындаған: Кабидолдинова Н. Т.
Беікбол Н. Н.
Тексерген: Сатиева Қ. Р.

Мазмұны
Азық қорыту аппараты
Ерін, ұрт, қызыл иек, қысқа сауытты тістер, тандай,
Өңеш, жұтқыншақ
Қарын,
Жіңішке ішек, жуан ішек
Бездер

Кіріспе
Азық қорыту аппараты (пищеварительный аппарат) - apparatus digestorius - азықты қабылдау, оны механникалық өндеуден өткізу (үсақтау, жібіту, араластыру), мүшелерден мүшелерге жылжыту, биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен бактериялар, қарапайымдар, саңырауқүлақтар) жөне химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректік заттарды сіңіру, азыққалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратын ішкі мүшелерден түрады. Азық қорыту аппараты сыртқы ортамен жануарлар денесіндегі екі табиғи дене тесіктері (кіреберіс тесік - ауыз саңылауы, шығаберіс тесік - аналь тесігі) арқылы қатысады. Ол негізінен жүйелі түрде кезектесе орналасқан түтікше мүшелерден және олармен өзектер арқылы байланысқан ірі ас қорыту бездерінен қүралған.

Азық қорыту аппараты
Азық қорыту аппаратын фило-онтогенездік
түрғыдан терт бөлімге бөледі:
1. Бас бөлімге - ауыз қуысының мүшелері мен жүтқыншақ жатады. Олар бірігіп, ауыз-жұтқыншақты қүрайды.
2. Алдыңғы бөлім - өңеш пен қарыннан түрады.
3. Ортаңғы бөлімге - ащы ішек (он екі елі, аш, мықын ішектер) пен ірі ас қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады.
4. Артқы бөлім - жуан ішектен (бүйен, тоқ, тік ішектер) түрады.


Ауыз қуысы (cavum oris )
Жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді қүрайды. Оның кіреберіс тесігі - ауыз саңылауы (rima oris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі - ecils (isthmus faucium) деп аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ таңдай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) және өзіндік ауыз қуысынан (cavum oris proprium) түрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын - еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын - қызыл иек пен тістер қүрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы - қызыл иек пен тістен жүтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер үлпасы) тұрады. Ауыз қуысының мүшелері: жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жүмсақ тандай, тіл, сілекей бездері.

Ерін
Ерін (губы) - labia - ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш кабықтан:ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздың доңгелек бүлшық еті) қабықтардан және сыртқы теріден түрады. Кілегейлі қабык екі кабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан түрады. Жоғарғы және томенгі ерін (labium superiuset inferius) кілегейлі қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiales) орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бүрышын езу (angulus oris) - деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.

Ерін
Иттің асқорыту бөлімі:
1 - танау;
2 - жоғарғы ерін;
3 - фильтр;
4 - кескіш тістер.
Ерінінің ерекшелігі: жүқа жөне нашар қозғалады. Ауыз саңылауы үзынынан созылып, оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп түрады. Тәменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда сәл көлемділеу келеді.
Шошқа:
1 - төменгі ерін;
2 - кеңсірік айнасы;
3 -азу тіс ойысы;
4 - ауыз бұрышы.
Ернінің ерекшелігі: жоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді. Ерін езулері 3-4 азу тістердің түсына дейін созылады.

Ірі қара
1 - төменгі ерін;
2 - жоғарғы ерін;
3 - ерін-мұрын айнасы;
Ернінің ерекшелігі: қалың, бірақ қысқалау келеді және нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мүрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған қаңсар (planum naso-labiale) созылып жатады. Қаңсарда сір сүйығын бөлетін сірлі бездер орналасады. Әдетте, сүйықтың булануы нәтижесінде қаңсардың сыртқы беті түрақты ылғалды да, салқын болып түрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады.
Жылқы
1 - жоғарғы ерін;
2 - төменгі ерін;
3 - иек;
4 - танау.
Жылқының еріндері қалың, үзын және қозғалмалы келеді. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен (mentum) жалғасады. Еріннің езуі азу тістің алдыңғы жағында болады.

Ұрт
Ұрт (щеки) - bucca - құрылысы ерінге үқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт бүлшық еті түзеді. ұрт ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын қүрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысальі, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бүған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың үрты үзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің тұсында шықшыт (қүлақтүбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae buccales) орналасады. Әсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальды және вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.

Ерекшеліктері
Жылқы ұрты ұзын болып келеді. Шықшыт безінің өзегі ұрттың ішкі бетіне, 3 -інші жоғарғы азу тіс түсында ашылады.
Сиыр ұртының кілегейлі қабығында ұшы ауыз саңылауына кері бағытталған, пішіні конус төрізді емізікше бүртіктер орыаласады. Олар ауыз куысындағы азықтың кері түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Шықшыт безінің өзегі 5 -інші азу тіс деңгейінде ашылады.
Қой мен ешкі ұртында да конус тәрізді емізікше бүртіктер болады. Шықшыт безінің өзегі 4 -інші азу тіс қатарында, ұрттың ішкі бетіне ашылады.
Күйіс кайтаратын малдарда дорсальды және вентральды ұрт бездерінен басқа аралықұрт бездері де кездеседі.
Шошқада шықшыт безінің өзегі 4-5 -інші азу тістің деңгейі түсында ашылады.
Ит ұртының кілегейлі қабығы пигменттелген. Шықшыт безінің өзегі 3 -інші азу тіс қатарында ашылады. Дорсальды ұрт бездері орналасу орнына қарай бет бездері (gl. zygomatica) -- деп аталады. Вентральды ұрт бездері болмайды.

Қызыл иек
Қызыл иек (десны) - gingiva - жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс үяларына бекітіп түратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары.
Ит тістер:
1 - жоғарғы қысқа тістер;
2 - ортаңғы кескіш тістер;
3 - езу тіс;
4 - төменгі азу тіс;
5 - жоғарғы азу тіс;
6- қызыл иек.

Тіс
Tiс(зубы) - ауыз қуысының қатты туынды мүшесі. Ол қызметіне байланысты:
күрек тістер (dentes incisivi - I),
сойдақтістер (dentes eanini - C),
алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) және
нағыз азу тістер (молярлар - dentes molares - М) болып бөлінеді.
Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes deeidui - Dd) және түрақты тістерге (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Қүрылысына байланысты: қысқа сауытты және үзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, түмсық және төменгі жақ сүйектерінің тіс үяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.

Қысқасауытты тістер (brachiodontes)
Бір-бірінен анық ажырайтын үш бөліктен: тіс сауытынан (тістің ауыз қуысындағы бөлігі), тіс түбірінен (тістің жақ және түмсық сүйектер үяларындағы бөлігі) -және тіс мойнынан (тіс сауыты мен тіс түбірі шекарасындағы қызыл иек қаптап түрған жіңішкелеу бөлігі) -тұрады. Tic сауыты үш қабаттан қүралған. Оның сыртқы қабаты ақ түсті тіс кіреукесі (эмаль) ауыз қуысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, яғни ол даму барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізін қүрайтын қүрылысы ерекше сүйек үлпасынан түрады. Дентиннің ішкі жағында қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жүмсақ дәнекер үлпасы пульпаға толған тіс қуысы болады. Tie түбірі де үш қабаттан қүралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тіс сауытына үқсас, яғни дентиннен және тіс қуысындағы пульпадан түрады. Қысқа сауытты тістің тіс сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып, қартайған жануарларда толығымен желініп көрінбей кетеді. Қажалған тіс тіс түбірі жағынан өсіп шықпайды.

Ұзын сауытты тіс
Тек тіс сауытынан түрады. Оның мойны мен түбірі болмайды. Бірақ, тіс сауытының кішкене бөлігі ғана ауыз қуысында көрініп түрады. Ал қалған белігі тіс үясында орналасып, тіс түбірінің қызметін атқарады. Tie үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс үясынан ауыз куысына қарай өсіп шыға береді. Жасы үлғайып сақайып қартайған жануарлардың тіс сауыты қысқа болып, аздап тіс түбірі пайда бола бастайды. Үзын сауытты тіс сыртынан ішіне қарай төрт кабаттан: цементтен, кіреукеден, дентиннен және пульпаға толған тіс қуысынан түрады. Даму барысында цемент, дентин және пульпа мезенхимадан жетіледі, яғни олар кілегейлі қабықгың өзіндік тақташасының туындылары болып саналады.

Тіс кіреукесі
Бір қатарда орналасқан ұсак алты қырлы тым қатты эмаль призмаларынан түзілген. Tiс кіреукесі қүрамының 98% минералды тұздар құрайды. Сондықтан, кіреуке жануалар организміндегі ең берік зат. Оның тығыздығын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға болады.
Дентин тістің негізін қүрайтын қүрылысы ерекше сүйек үлпасы. Дентин жасаушы торшалар одонтобласттар сүйек үлпасынан тыс, тіс қуысындағы пульпаның дентин жағындағы сыртқы бетінде бір қатарда орналасып, дентинді кіреуке қабатына жапсарлай түзеді. Дентин қүрамынының 70 - 80% -ы минеральды түздардан түрады.
Цемент қүрылысы сүйек үлпасына үқсас. Оның 60 - 70% -ы минеральды түздардан түрады.

Тіс жұмсағы
Қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жіңішке талшықты дәнекер үлпасынан түрады.

Ерекшеліктері
Биеде сойдақ тістер болмайды немесе олар нашар жетілген. Жылқының түрақты тістері үзын сауытты, қатпарлы тістерге жатады. Тұрақты курек тістердің пішіні иілген сына тәрізді болып келеді. Жас төлдер тістердің жанасу беттері көлденең орналасқан сопақ пішінді болады. Күйіс қайтаратын жануарларда күрек тістер тек төменгі жақтың әр жарты бөлігінде төрт-төрттен орналасады. Қүрылысы жағынан олар қысқа сауытты тістерге жатады. Тістердің пішіні күрекке үқсас. Азу тістері үзын сауытты айшықты тістерге жатады. Бірінші премолярдан молярларға қарай тістер көлемі үлкейе береді. Жоғарғы азу тістер төменгі тістерге қарағанда екі еседей жалпақ та жуан келеді. Жоғарғы премолярларда айшықты бір тіс мөрі, ал молярларда екі тіс мөрі болады.
Шошқаның барлық түрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады. Күрек тістерінің пішіні конус тәрізді. Жоғарғы жақта күрек тістер аралығында тіссіз жиектер болады. Үрғашы шошқаның сойдақ тістері онша жетілмеген, ал қабандардың тістері тым жақсы жетілген, олар өте еткір, үшбұрышты болып келеді. Азу тістері жанасу беттерінің пішініне қарай бүдырлы тістерге жатады.
Иттің түрақты тістерінің жанасу беттерінде үш-үштен өткір тісшелер болады. Олардың ортаңғысы биіктеу келеді. Сойдақ тістері конус тәрізді, төменгі бірінші премолярдың бір ғана тісшесі болады. Ол кішілеу келеді. Оны “касқыр тіс” - деп атайды. Азу тістерінің мөлшері артқа қарай үлкейеді. Жоғарғы және төменгі тіс аркадаларындағы қарама-қарсы орналасқан ең биік тістері “кескіш тістер” - деп аталады. Иттің барлық түрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады.

Қатты таңдай
Сүйек тандаймен жанасып, ауыз қуысының төбесін қүрайтын кілегейлі қабық қатпары. Қатты тандайдың ортасында үзынынан тандай жігі (raphe palatini) өтеді. Тандай жігінен оңға және солға тандай білеуліктері (rugae palatini) орналасады. Күрек тістің артқы жағында тандай жігінің бойында күректіс бүртігі (papilla incisiva) байқалады. Оның екі жақ бүйіріне ауыз және мүрын қуыстарын өзара жалғастырып түратын жүп күректіе өзегі (ductus incisivus) ашылады.
А - ірі қара; Б - шошқа; В - жылқы; Г -ит; 1 - таңдай жалы; 2 - таңдай жігі; 3 - кескіш бүртіктер; 4 -жылқы бүртіктері; 5 - күрек тістер; 6 - азу тістері; 7 - түбірлі тістер.

Ерекшеліктері
Жылқыда күрек тіс бүртігі тек жас қүлындарда ғана жақсы байқалады. Тандай білеуліктерінің пішіні доға тәріздес болып келеді. Саны 16-18. Кілегейлі қабық астында өте жақсы жетілген көктамыр (вена) торабы болады.
Сиыр таңдайында 15-20 шақты таңдай білеуліктері көрінеді. Олардың алғашқы он екісінде жиектері артқа қарай бағытталған өткір тісті қырлары болады. Негізгі білеуліктер аралығында үсақ білеуліктер де кездеседі. Соңғы 3-6 -ншы білеуліктердің қырлары тегістеу келеді. Қатты тандайдың кілегейлі қабығы астында кілегей бөлетін таңдай бездері (gl. palatinae) бар. Күрек тіс бүртігінің алдында қалыңдау келген тіс жастығын (pulvinus dentalis) байқауға болады.
Қойдың қатты таңдайында 14, ал ешкіде 12 таңдай білеуліктері орналасады.
Шошқада 20 - 22 тандай білеуліктері бар. Қатты таңдайдың кілегейлі қабығында жекеленген лимфа бадамшалары жақсы жетілген.
Итте 6-9 тандай білеуліктері болады. Олардың пішіні доға тәрізденіп келеді.

Жұмсақ таңдай
Немесе таңдай шымылдығы (небная занавеска) - velum palatinum - қатты таңцайдың артқа қарай жалғасы. Оның негізін тандай сүйектен бастала- тын таңдай бүлшық еті (m palatinus) қүрайды. Жүмсақ тандай ауыз қуысын жүтқыншақтан бөліп түрады, оның ауыз және жүтқыншақ беттері болады. Жүмсақ таңцайдың жоғарғы беті мүрын қуысына тән кілегейлі қабықпен, ал төменгі беті ауыз куысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Жүмсақ тандайдың артқы жағындағы. бос иілген жиегін таңдай доғасы - деп атайды. Ол екі бүйірінен жүтқыншаққа ауысып, оң және сол таңдай-жүтқыншақ доғаларын түзеді. Тандай доғасы мен тіл түбірінің аралығында, ауыз қуысын жүтқыншақпен жалғастыратын ауыздың шығаберіс тесігі жатады. Таңдай шымылдығының кілегейлі қабығы, тіл түбіріне қарай өтіп, тіл денесінің түсында тандай-тіл доғасын түзеді. Осы доғаның артқы жағында және тіл түбірінің екі бүйірінде таңдай бадамшалары орналасады.
Жүмсақ тандайдың ауыз қуысына қараған бетінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда кілегей бөлетін тандай бездері (gl. palatinae) болады. Ал жүмсақ тандайдың мүрын-жүтқыншақ (аңқа) бетіндегі кілегейлі қабық бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.

Таңдай шымылдығының бұлшықетері
1. Таңдай бүлшық еті (m. palatinus) жүмсақ тандайдың негізін қүрайды. Ол таңцай сүйегінің артқы жиегінен басталып, тандай доғасына бағытталады. Бүл бүлшықет жүтынғаннан кейін жүмсақ тандайДы қысқартады.
2. Таңдай шымылдығын көтергіш бүлшық ет (m. levator veli palatini) самай сүйектің ет өсіндісінен басталып, таңдай шымылдығының орта түсына келіп аяқталады. Аталмыш бүлшық ет жүтыну кезінде тандай шымылдығын көтеріп, есінді кеңейтеді.
3. Таңдай шымылдығын қатайтқыш бүлшық ет (m. tensor veli palatini) таңдай шымылдығын көтергіш бүлшық етпен бірге басталып, қанатша сүйектің ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтігі тандай шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Бүл бүлшық ет жүту кезінде тандай шымылдығын көтеріп, азықтың ауыз қуысынан жүтқыншаққа өтуіне көмектеседі.

Ерекшеліктері
Жылқыда таңдай шымылдығы өте үзын. Оның тандай доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа малдармен салыстырғаңда аузымен дем ала алмайды. Таңцай шымылдығында тақтандай бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жүп тандай бадамшалары орналасады.
Күйіс қайтаратын малдардың жүмсақ таңдайы сәл қысқалау келіп, көмекей бөбешігінің үшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде таңдай бадамшалары болады.
Шошқада тандай шымылдығы қысқа және қалың болып келіп, бөбешікке горизонтальды бағытталады, Таңдай шымылдығында тақ таңдай бадамшасы орналасады.
Итте таңдай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталып, бірақ оған сәл жетпей аяқталады. Тандай бадамшалары ерекше бадамша қуыстарда (sinus tonsillares) орналасқан.

Тіл
Тіл (язык) - linqua, s. glossa - қимылы жақсы жетілген бүлшық етті мүше. Ол бүлшық еттердің көмегімен тіласты және төменгі жақ сүйектермен байланыскдн. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықгы араластырып, шайнау мен жүту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықгың татымын анықтайды. Тіл тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae), тіл үшынан (apex linguae), тіл арқасы (dorsum linguae) мен екі бүйір бетінен (fades lateralis) түрады. Оның негізін үзынынан, көлденеңінен және тігінен өтетін бүлшық ет талшықгарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде екі түрлі: механикалық және татым емізікшелері болады. : жіпше емізікшелер (papillae filiformes) және конусша емізікшелер (papillae сопісае), ал татым емізікшелерге: еаңыраукүлакдіа емізікшелер (papillae fungiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae) және жапыракдіа емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым емізікшелерде азықтың дәмін анықтайтын татьіім баданалары орналасады.
Тілдің қатысуымен жануарлар организмінде дәм сезімі, сипап сезу сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын реттеуге де қатысады.

. Тілдің негізгі бүлшық еті (m. lingualis proprius) үзынынан, көлденеңінен, тігінен орналасқан бүлшық ет талшықтары шоғырларынан түзілген. Тілдің еттік негізін қүрайды.
2. Біз-тіл (бүйірлік) бүлшық еті (m. stiloglossus) тіласты сүйегі үлкен бүтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның үшына дейін жетеді. Бүлшық еттің оң және сол жағы бірдей жиырылғанда, тілді артқа тартып қысқартады. Ал олардың әрқайсысы жеке жиырылғанда, тілді өз жағына қарай бүрады.
3. Тіласты-тіл бүлшық еті (m. hyoglossus) тіласты сүйектің денесі мен көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бүлшық етінде аяқталады. Бүлшық ет тілді артқа тартып қысқартады жөне оған жалпақ пішін береді.
4. Иек-тіл бүлшық еті (m. genioglossus) төменгі жақ сүйектің иек бүрышынан басталады да, тілдің үшы мен денесінде аяқталады. Аталған бүлшық ет тілді алға тартып, оған жалпақ пішін береді және оны қатты таңдайдан ажыратады.
5. Иек-тіласты бүлшық ет (m. geniohyoideus) пішіні үршық төрізді ет. Ол томенгі жақ сүйектің иек бүрышынан басталып, иекіл бүлшық етінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл осіндісінде аяқталады.

Еркешеліктері
. Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей боледі. Тілде бір жүп қорғанша емізікше, кейде үшіншітақ емізікше де кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс кэйтаратын жаиуарлар тілінің жоғарғы арқа бетінде тіл жастығы (torus linguae) болады. Олардың тілдерінің үштары үшкірлеу болып келеді. Тілдің кілегейлі кдбығында пигментгі аймақгар көрінеді. Бұларда ко- нусша емізікшелер жақсы жетілген, қорғанша емізікшелердің саны тіл- дің бір жақ жартысында: сиырда - 8-7 (21), қойда - 18-28, ешкіде - 11-18 -ден болады. Жапырақша емізікшелер болмайды. ЕрекшеліктеріШошкңның тілі жіғушке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның дорсальды бетінде бір жүп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі кдбық астында тіл шеміршегі болады. Ит тілінің пішіні жаппақ, жіңішке және ұзын болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталықсайы (sulcus medianus linguae) өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұілының төменгі бетіндегі кілегейлі кдбық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан саландаған тілді үстап түрады. Тілдің сілекей безі кшегейлі сөл бөледі.

ЖҮТҚЫНШАҚ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz