Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған:Кәрімова Ж. М

Тобы:ТК-421

Тексерген:Бауыржанова А. З

Семей-2015

Slide 2

Жоспар:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Терінің топографиясы, құрылысы мен химиялық құрамы

2. 2. Малдың терісіне әсер ететін факторлар

2. 3. Теріні консервілеу және сақтау

3. ҚОРЫТЫНДЫ

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі - оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі - теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.

Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы - жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.

Кіріспе

Slide 4

Тері топографиясы

Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты.

ТЕРІ

Slide 5

Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.

Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге.

Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беттік қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол коллаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Slide 6

Коллаген талшығы - белок коллагеннен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - коллаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин белогынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.

Slide 7

Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді:

Slide 8

Терінің топографиялық құрлысының негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ІҚМ терілерімен байланысты. Олардың топогграфиясы біршама өзгеше.

ІҚМ терісі келесі бөліктерге талданады:

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ІҚМ терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол былпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.

Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Терінің ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімінің жоғарғы жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.

Slide 9

Малдың терісіне әсер ететін факторлар

Бағу және тамақтандыруды 4 негізгі жағдайға бөлуге болады:

Slide 10

Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы. Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы малдың қоректенуіне байланысты. Қорек, біріншіден, жеткілікті, екіншіден теңестірілген (сбалансированный) болу керек. Өйткені, жаман сіңіретін малдың терісі борпылдақ, жұқа болып келеді, бұлар механикалық әсер нәтижесінде әртүрлі аурулармен оңай зақымданады. Әсіресе, жүнді жабының жетілуі кезінде өте қауіпті. Ол мамықтың, жүнді жабынның, қылшық жүні төмен, сирек болып, шала жетілуіне әкеліп соғады. Көміртектің жетіспеуі кезінде белокты қоректің мол болуы жүнді жабынды айтарлықтай жуандатады.

Еркіндік. Малдар кең жерде тұруы керек және көп уақыт өрісте жайылғаны дұрыс. Әйтпесе, тері борпылдақ, иілімсіз, ал жүнді жабын сирек, әрі байланып қалады.

Тазалық - гигиеналық жағдайды қадағалау. Нашар күтімдегі малдарды лас жерлерде ұстау, терілерде кірдің пайда болуына себеп болады. Бұндай жағдайда, теріні өндеу кезінде кірлердің араласып кетуі әбден мүмкін. Тіпті, тері ауруларына әкеліп соғады. Сонымен қатар, біріншілік процесті айтарлықтай қиындатады.

Паразиттермен күрес кезіндегі: бөгелек, кене түйінді, беттік кене және тағы басқалар.

Slide 11

Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері:

Сыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюы. Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:

Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т. б. )

Гельминтозды жаралар

Жұқпалы аурулар

Таз аурулар

Шіркейдің шағуынан

Механикалық зақымдану және т. б.

Slide 12

Малдың жынысы мен жасы. Терінің өлшеміне қарай малдың жынысын білуге болады. Көбінесе еркек малдың терісі ұрғашы малдың терісінен ірілеу келеді. Негізінен мамықтық еркек аңның жүні, тері сапасына қарағанда қатқылдау. Еркек малды піштіру терінің сапасын жақсартады. Сонымен қоса, түріне қарап жасынан айыра білу қажет. Көбінесе жас малдың жүнді жабыны үлкен малдарға қарағанда, бірінші түлеуден кейін жұқа, нәзік, әрі жұмсақ келеді. Кейде оны түсіне қарап біледі: жас мамықтық аңдардың жүнді жабыны қаралау болады. Тек қана жас, кейбір үй жануарларының терісін мехтік шикізатқа пайдалануға болады. Бұған қаракөл қойлары жатады. Олардың жаңа туған қозыларының жүнді жабыны мықты, берік, бұйра келеді. Бірақ жүнді жабын біраз күннен соң өседі, беріктілігі мен әдемі пішінінен айырылады. Көбінесе, жас үй жануарларының терісі, керісінше арзанырақ болады.

Slide 13

Жыл мезгілі. Малдардың жүнді жабыны үшін жыл мезгілдерінің де өзіндік әсері бар. Мерзімдік өзгерістер: олардың жүнді жабыны жыл мезгіліне және тыныштық стадиясына, қылшықтың өсуі тоқтағанда (қыс, жаз) және жаңа қылшықтың өсуіне байланысты болады. Жүнді жабынның алмасуы кезінде ескі қылшық түсіп қалады. Бұл уақытты түлеу уақыты деп атайды. Өрісте көп жайылатын үй малдары мен жабайы аңдарға жыл мезгіліндегі көптеген факторлар (күн сәулесі, жауын-шашын, қар т. б. ) әсер етеді. Ақырғы түлеу -негізінен жаздың аяғында, күзде және ерте көктемде болады. Сиыр, бұқа және жылқыларды тамыздың соңынан, желтоқсанның аяғына таманғы аралықта сойған жөн. Себебі, бұл кезде тері тығыз және сау келеді. Сонымен қатар, егер теріде сыздауық болса, осы уақытта жазылып, қайта шығып үлгере алмайды. Ал қойды бірінші сою уақытында маусым, шілде, тамыз айларында сойған дұрыс. Екінші сою мерзімі қыркүйек, қазанда нашарлайды, ал үшінші сою кезеңінде - күзде қылшықтары ұзарып, жұқарып кетеді. Көктемде сойылған тері мүлдем жарамсыз. Ешкілер үшін союға ең ыңғайлы уақыт - күз.

Мамықтық аңдарға мезгілдік өзгерістер қатты әсер етеді. Қыста олардың жүні ең ұзын, жұмсақ, жылтыр қалыпқа жетеді. Қыста ұйықтайтын аңдар басқа малдар сияқты екі рет түлемейді, бір рет қана түлейді. Сондықтан оларды кеш күзде және ерте көктемде союға болады. Күзде жүнді жабындары жұмсақ, жылтыр болып келеді және түсінің өзгеруі болмайды. Көктемде жүнді жабын құрғақтау, қатқылдау болып келеді.

Бұрын қыстың бас кезінде, суық күнде аңшылықпен алынған, егер тез арада терісі сыпырылған болса, онда ол аңның мехі - ең жақсы мех болып есептелген. Тері үшін қысты күні аңды (бірінші айынан басқа) союдың қажеті жоқ, себебі, олардың қыста терісі жұқарып, өздері арықтайды.

Slide 14

Теріні консервілеу және сақтау

Жаңа тepiнi - жас тepi деп атайды. Осыдан 1-2 сағат ішінде өңдеуге кipice алмасаңыз, оны мiндeттi түрде консервілеу керек. Әйтпесе, жас терілерде шіріткiш бактериялар көбейіп кетеді.

Tеpiні консервілемес бұрын пайдалануға болмайтын бөліктерді алып, реттеген жөн. Олар салмағын жоғарылатып келсе, өңдеу процестерін қиындатады. Оларға: май, ет, қан, кip, ерін, құлақ, мүйіз, лай, тұяқтар жатады. Кір мен майды қолмен, тупикпен тазартады.

Slide 15

Реттеуден кейін енді бip гигиеналық операция - тepiні жуу. Әдістелген жолмен мұқият жуу - микроптарды екі есе төмендететінін көрсеткен. Сонымен қатар, еритін белоктар да жуылып, консервілеуді жеңілдетеді. Теріні шелек, шлангалы тазартқыштармен жуады. ІҚМ терісінің қылшығын арнайы тазартқышпен тазалайды. Тазартқыштың eкi жағы болады: бipiншi жағының ені - 10см, ұзындығы - 40см бipтегic, eкіншіci - тістермен айналдырылған, биіктігі - 2 см, негізгі eні - 3 см болады. Tepiнi кір мен қан толықтай кеткенше жуған дұрыс. Бip теріні қылшық жағынан жуу ұзақтығы 2 минуттай, ал шел жағынан 4 минуттай жуу керек. Осыдан кейін тазартқыштың тегіс жағынан 30-40 минуттан суы сорғу үшін іліп қояды. Нәтижесінде жуған терінің ылғалы, жас тepi ылғалымен бірдей болады.

Slide 16

Консервілеудің негізгі әдістері:

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау
Тері топографиясы құрылысы және оның химиялық құрамы
Малдың терісіне әсер ететін факторлар Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар
Тері құрылысы және химиялық құрамы
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Малдың терісі және оған әсер ететін факторлар
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Мал терісіне әсер ететін Факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz