Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы



Тақырыбы:
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы
Орындаған:
Бисенхан Жайна

Ешкім басқаға
өзінде жоқ нәрсені бере алмайды,
өйткені өзі дамыған, тәрбиелі,
білімді болмаса, басқаларды
дамыта, тәрбиелей, білім
бере алмайды.
А. Дистервег

Педагог - шығармашылықпен өзін - өзі дамытушы тұлға. Педагог - зиялы тұлға және мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.
Педагог - зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Педагог - рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады.
Педагог - шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру - оның қалыпты кәсіби үлгісі.
Мұғалім - еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Педагог - адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды.
Педагог - бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек.
Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін бағалайды, біледі.
Педагог тәрбиеші. Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі - тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады

«Өнегелі ұстаз: «өзім бол», - демейді, «өзің бол» - дейді, - дей отырып,
әр адамның өзіндік биігін тануға нұсқаған. Ұлы ойшыл Абайдың гуманистік
дүниетанымы адам баласының «таразысы да, қазысы да өз бойында»,
тек «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» немесе
«Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма - жыл», - дегенінен көруге болады.
Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді.
Жеке тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менің» сезіне бастауы,
Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне -өзі ұдайы есеп беруінен,
өзін -өзі аңғара, байқай алу \қабілетінен көрінеді.
Өзіңе -өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге
тырысу, белгілі мақсат көздеу - осы
істегі шығармашылыққа бастапқы қадам.

Әрбір педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді.
Ұстанымдар:
өз-өзіне сенім - бұл өмірдің негізі;
педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;
кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;
балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;
психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.

Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы:
педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;
баланы сөзсіз қабылдау;
баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;
Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;
без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;
жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;
балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;
балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;
ашық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;
баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;
баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;
сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;
тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан түсіне алу;
зиянын тигізбеу.

Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз - ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзіңнің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге, өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың тұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік тұлғаңды өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде өзіңді даму деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін жетілдіріп отыруы керек.
Танымдық біліктерді -жетілдіру ең алдымен ақыл-ойымен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар.
Коммуникативтік біліктілік - ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі. Қарым-қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек. Оған үйренуге болады.
Ұйымдастырушылық білік - ол оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Ғалым Л. И. Уманский бұл білікке төмендегі қасиеттерді жатқызады.
1. Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;
2. Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым-қатынасқа бейімділігі,
3. Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері;

Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz