Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар. Ойын түрлеріне сипаттама




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минситрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ № 5,
6, 7.
Тақырыбы: Ж.Пиаже және оның мектебі. Бала психикасының
дамуына әсер етуші факторлар. Ойын түрлеріне сипаттама.

Орындаған: П-407 топ студенті
Уразбекова Балжан
Тексерген: Кулмышева Н.А.
Жоспар:

• Ж.Пиаже және оның мектебі.
• Бала психикасының дамуына әсер етуші
факторлар.
• Ойын түрлеріне сипаттама.
1. Ж.Пиаже және оның мектебі
Пиаже Жан (1896-1980)
-Швейцария психологы.
Психиканың түрлі кезеңмен
дамуы концепциясының
авторы. "Генетикалық
эпистемология" ілімін
жасаушы. Женева және Париж
университетінің профессоры.
Сорбонна (Франция), Гарвард
және Чикаго университетінің
құрметті профессоры.
Ж.Пиаже 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты
басқарады, 1940 жылдан Женева университетіні ң
эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялы қ
лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалы қ
эпистемология жөнінде Халықаралық Орталы қ" құрды. Ол
бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол
"Логика және эпистемология" (таным теориясы) ж өніндегі
еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар
жүйесі — дейді. Операция — ішкі қимыл-әрекеті, сырт қы
заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер
арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ ар қылы ж үзеге
асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланы ң
эмоциялық іс-әрекет генезисін, қабылдауыны ң дамуын
қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр т үрлі
ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология
т.б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол к өрсетеді.
Еңбектері:

"Баланың ойлауы мен сөйлеуі",
"Генетикалық психологияның проблемалары",
"Қарапайым логиканың құрылымдық генезисі"
т.б.
Ж.Пиаже психологиялық зерттеудің әдістемелік
ұстанымы ретінде генетикалық әдіс ережесін
пайдалануды ұсынды. Ж.Пиаженің пікірі бойынша,
жекелеген ғылымдар ғана емес, танымдық теория да
генетикалық негіз бойынша жасалуы керек. Бұл оған
генетикалық эпистемалогияны, яғни адамдардағы әр
түрлі білімдердің, ұғымдардың, танымдық
операциялардың және т. б. қалыптасуының алғы
шарттары мен механизмдері туралы ғылымды жасауға
негіз болды.
Ж.Пиаже өз талдауының бастапқы пункті ретінде
біртұтас жеке адамның –психиканың немесе снаның
емес – қошаған әлеммен ара-қатынасын қарастырды.
Ж.Пиаженің пікірі бойынша,
онтогенетикалық даму барысында
сыртқы әлем балаға объект ретінде
бірден білінбей, онымен белсенді ара-
қатынас нәтижесінде білінеді. Объекті
мен субъектінің өзара тереңірек әрі
толығырақ ара-қатынас жасу
барысында олар бір-бірін
толықтырады: объектінің сипаты
жаңарған сайын, әлемді тану және
саналы түрде қойылған мақсатқа жету
үшін, субъектіде әлемге әсер етуші
күрделі амалдар қалыптаса бастайды.
Ж.Пиаженің басты мақсаты – адамның ақыл-
ойын зерттеу болды. Ол оны эволюция
барысындағы төмен ұйымдасқан органикалы қ
құрылымдардың табиғи дамуы ретінде
қарастырды. Бірақ Ж.Пиаженің психологиялы қ
көзқарастары даму үрдісін, ассимиляция ж әне
аккомодацияның өзара байланысы сияқты жалпы
биологиялық тұрғыдан түсінуді негіз етті.
Ассимиляцалау кезінде ағза өзінің мінез- құлы қ
схемаларын ортаға ұсынады, ал аккомадация
кезінде оларды ортаның ерекшеліктеріне
байланысты қайта құрды. Осы актілер арқылы
ғана ағза өзінің айналасына бейімделеді.
• Ж.Пиаженің психика дамуының мәселесіне
көзқарасы 30-шы жылдары түбегейлі өзгерді.
Ақыл-ой актілерінің құрылымын сипаттау
мақсатымен, ол арнайы логикалық-
математикалық аппарат жасады. Ж.Пиаже ақыл-
ой дамуының кезеңдерін, олардың мазмұны мен
мағынасын басқаша анықтай бастады. Енді ол
баланың танымдық дамуының басқа
адамдармен қарым-қатынас жасау емес әрекет
көрсетеді деп санады.
• Ж.Пиаже ақыл-ойды зерттеу кезінде кескін
әдісін пайдаланды: ол әр түрлі жастағы
балаларға бірдей тапсырма беріп, оның
нәтижесін салыстырады. Бұл әдіс баланың
ақыл-ой әрекетіндегі кейбір өзгерістерді
өзгерістерді көрсетті. Бірақ бұл әдіс баладағы
жаңа ақыл-ой амалының, ұғымының, білімінің,
психологиясының қалыптасуын ашып
көрсетеді.
Ж.Пиаже концепциясының басты кемшілігі:
баланың толық тұлғалық дамуын ескермей, ол
ақыл-ой дамуының басты қозғаушы күші
ретінде ақыл-ойдың өзін көреді. Ақыл-ойдың
даму факторларының арасында іс-әрекет
сияқты фактор болған жоқ.
Ж.Пиаже ақыл-ой дамуының бір деңгейден
екінші деңгейге өтуінің маңызды шарты
ретінде үйретуді жете бағаламайды. Көптеген
зерттеушілер баланың ойлау қабілетінің
дамуы дұрыс ұйымдастырылған үйрету
жүйесіне байланысты болатынын көрсетті.
2. Бала психикасының дамуына
әсер етуші факторлар
Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі
және диалектикалық процесі. Балада анадан туа
біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет,
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың
адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық
сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік
тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және
оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі
ерекшеліктер мен процестер пайда болады.
Психология ғылымында бала психикасының
дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде
2үлкен бағытқа бөлінеді:

•Биогенетикалық;
•Социогенетикалық.
Биогенетикалық заң — табиғаттағы
әрбір тірі организмнің жеке дамуы
(онтогенез)кезінде сол түр эволюциясының
(филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін Социогенетикалық даму- баланың
қысқаша және жылдам қайталап өту қоршаған ортадағы адамдармен
заңдылығы. Мұндай заңдылықты 1864 ж. неміс
эмбриологы Ф. Мюллер (1821 — 1897) және
байланысы, әлеуметтік тұрғыда даму
1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель (1834 — 1919) болып табылады. Баланың
өз зерттеулерінде дәлелдеп берген. әлеуметтенуі балабақшаға, мектепке
Биогенетикалық заң онтогенездік пен барғанда жақсы көрінеді.
филогенездік дамудың арасында болатын өзара
тығыз байланыстылыққа негізделген.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым
қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық
ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап,
бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады.
Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен
көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы,
жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін
биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі,
музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік
ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік
ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін
жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың
ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар
болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан
отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты
деп қарастырған жөн.
Орта — адам дамуына табиғи және
әлеуметтік орта ықпал жасайды.

• Табиғи орта — бұл түрлі табиғат
жағдайының адам тұрмысына қызметіне ы қпал
жасауы. Жылы және суық климат жағдайы
халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі
ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін
шаруашылығымен шұғылданады. Ал
солтүстіктегі жерде балық, бұғы
шаруашылығымен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-
құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
• Әлеуметтік орта — жеке адамның
мінез-құлқының дамуына ықпал
жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың
көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік
ортаға мектептің ықпал жасауы
нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы,
құлықтық, эстетикалық және осы сияқты
болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
Егер адамдардық қалыптасуына ортаның
қатысы шамалы болса, онда орта
адамдардық талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан адам
өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер
бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда
оның даму дәрежесі жануарлардан
жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында
Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік
ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту,
қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігіне ғылыми
мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанны ң
Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен
аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын,
бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Олар ға
Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал
Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала к үн
сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана
күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап
түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда,
түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлитын
уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын
болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін
Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен
жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты
қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету
бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала
45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі
екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой- өрісіні ң
дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең
жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және
дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір
сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда
және Филиппиннің Менданао аралы
ормандарынан табылған жабайы адамдардық
сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі
байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де
алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір
сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы
анықталады.
3. Ойын түрлеріне сипаттама
Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының
дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс.
Ойын – баланың бірінші әрекеті .Баланың
психологиялық ерекшеліктері, еңбек қатынасы ,өмірді
тануы ойын барысында қалыптасады.Сондықтан
да,оның мән-мәнісі ерекше. Ойын- балалар өмірінде өте
маңызы зор нәрсе.
Себебі, ойын балалардың қызығушылықтарын
арттырып,танымдық қабілеттерін дамытады.
Ойын баланың қабылдау,ойлау,қиял,есте сақтау сияқты
техникалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.
Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын,
алған білімдерін тереңдететін де- ойын. Ойындар мен
жаттығулар негізінде балалар жағымды қарым-қатынас
жасау дағдыларын игереді,өмірлік дағдыларды
меңгереді.
Практикалық психологиядағы қолданылатын әдістердің
ішінде,ойын мектеп жасына дейінгі баланы ң дамуына е ң
пайдалысы.Бұған теориялық негіз ретінде сюжетті-
рөлді ойын мектеп жасына дейінгі баланы ң е ң негізгі
қызметі.
Сюжетті рөлді ойындардан басқа ойындар пайда
болып,дамиды.Мысалы, дидактикалы қ, қоз ғалысты қ,
драматизациялық ойындар.
Қозғалыстық ойындар – сюжетті-рөлді ойынның
қарапайым рөлдері бар варианты, мұнда негізгі р өл
ережелерді ұстану мен орындауда. Ал дидактикалы қ
ойын негізіне оқу-үйрену жұмысына жа қын.Б ұл
ойынның негізгі ерекшелігі баланы ойын ережелерін
сақтай отырып,қойылған тапсырманы орындатуда.
Дидактикалық ойын баланың
білімін,қабілетін,мүмкіндіктерін дамытуға ба ғытталуы
мүмкін. Мектеп жасына дейінгі баланы ң коррекционды қ
және терапевтік дамуына ойындардың пайдасы шет ел
әдебиетінде де,отандық әдебиетте де жа қсы жазыл ған.
Қазіргі уақытта бар барлық мүмкіншіліктерді негізге ала
отырып О.С.Қарабанова коррекциондық дамудағы ойынның
психологиялық механизмдерінің ішінен мыналарды ерекше
атап өтеді.:

1.Кейбір ойын жағдайларында бала әлеуметтік
қатынастардың жүйесін моделдеуге,дамытуға мүмкіндігі бар.

2.Ойын жағдайларында өзіндік эгоцентристік
көзқарастарынан арыла бастайды.Бұл өз кезінде оның өзін-
өзі тануына,әлеуметтік жағдайларға бейімделуіне,
қиыншылықтарды шешуде тәжірибе жинақтауға
көмектеседі.

3.Ойында әріптестік қатынастық болуы да жеке тұлғаның
дамуына оң ықпал етеді.
4.Ойында сатылы түрде қиыншылықтарды
шешуге бағытталған тәсілдерді үйрену, қайталау,
игеру процесі жүреді.

5.Ойында бала өзінің ішкі вербалдық уайымдарын
негізге ала отырып,қиыншылық
жағдайларын,қарым-қатынастық өзгеруінің
негізін түсінуге мүмкіндік алады.

6.Ойын ережелеріне бағыну баланың өзін-өзі
ұстау мен еңбек етуінің қалыптасып дамуына
ықпал етеді.
Осылай ойынның көп функционалды қызметі
ашылады,оның баланың тәртібі мен жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал көрінеді.
Эмоционалдық –жігерлік қасиеттерін дамуына
бағытталған ойындар бар.Олардың негізгі
бағыттары:

вербальды емес қатынас түрлерін дамыту.
өзіндік сезімдерін түсіну.
құрдастарына қызығушылығын дамыту.
келісе отырып қызмет жасау мүмкіндігін
дамыту.
диалогқа түсу мүмкіндігін дамыту.
Бұл ойындар эмоционалдық қиыншылықтардың
жойылуына ,қорқыныш сезімінің
төмендеуіне,шыдамдылықтық қалыптасуына, басқа
адамдармен физикалық қатынасқа қорықпай түсе
білуге,өзіне-өзі келуінің дамуына жагдай жасайды.
Сондай-ақ :

- ойлау қабілетінің;
- тыңдау,қабылдау қасиетінің;
- сөйлку ,сөздік қорының;
- есептеу мүмкіндіктерінің;
- аңғарымпыздықтық және де сенсорлық эталондарды
қабылдау мен жан-жақты білім алуына ықпал
жасайтын ойындар да бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дүйсенова Ж.Қ,
Нығметова Қ.Н.
Балалар психологиясы.
Алматы, 2012.
2. Мухина В.С. Мектеп
жасына дейінгі
балалар психологиясы.
Алматы, 1986.

Ұқсас жұмыстар
СӨЖ
Ж.Пиаже және оның мектебі
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Бала дамуының жақын аймағы
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, ес, қиял үдерісінің дамуына сипаттама
Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы
Ж.Пиаже 1921-1922 жж.  Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы
Пәндер