Макроэволюция жолдары: дивергенция,конвергенция, параллелизм


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Макроэволюция жолдары: дивергенция, конвергенция, параллелизм. Бұл процестердің биологиялық маңызы.

Орындаған: Балғанбай Ж. С.

Тексерген: Мадыбекова А. С.

Топ: БЛ - 309

Семей 2015ж.

Slide 2

Жоспар: 1. Макроэволюция. 2. Макроэволюция жолдары: дивергенция, конвергенция, параллелизм. 3. Бұл процестердің биологиялық маңызы.

Slide 3

Макроэволюция (макро және эволюция) - түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т. б. ) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю. А. Филипченко енгізген (1927) . Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады. Микроэволюциялық деңгейде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциялық процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде, микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының жалпы бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биолог-ғалымдар (Р. Вольтерек, Р. Гольдшмидт) 20 ғасырдың 1-жартысында макроэволюция терминін өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын) пен ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданады. Эволюциялық дамуды зерттеуші көптеген биологтар түр, туыс, тұқымдас, т. б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады.

Slide 4

Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Дивергенция(лат. divergo - кері шегінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс. Бір аймақта қорек қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, қорек таусылғанда олар қорегі мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әртүрлі организмдер тіршілік етсе арасында бәсеке аз болады. Себебі әрқайсысы бір-біріне тәуелді емес, өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді. Ч. Дарвин табиғатта 1-2м жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа. 18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Бастапқы бір популяциядан дивергенция процесіне бірнеше ормалар таралады. Оған мысал ретінде бұғылардың 7 түрін алуға болады. Дивергенция мен жойылу процестері тығыз байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-өсіп, артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады. Қалғандары тіршілігін сақтай алмай, жойылып кетеді. Дегенмен әртүрлі формалардың арасында бәсекке азырақ болса, басым көпшілігі тіршілігін сақтап қалады. Табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болған түр тармағы жаңа түрге айналады. Мұнда тұқым қуалау белілерінің айырмашылығының әсері күшті болады. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын Ч. Дарвин белгілерінің ажырауы немесе дивергенция деп атады.

Slide 9

Дивергенция (лат. diverge - ауытқимын, ажырасамын) - екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық болып екі тұрғыда қаралады. Дивергенция - табиғи сұрыпталудың әсерінен түр немесе популяция ішіндегі даралардың белгілерінің ажырауы. Бұл эволюцияның жалпы заңдылығы, табиғатта жаңа түрлердің, туыстардың, кластардың пайда болуына әкелетін.

Slide 10 Slide 11

Дивергенция 2-ге бөлінеді:

Глоттогониялык дивергенция

Құрылымдық-диахрониялық дивергенция

әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасуындағы негізгі жол.

тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы дивергенция ұғымын қалыптастырғандар - Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс.

Slide 12

Конвергенция( лат. conergo - ұқсас болу ) деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілердің класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған. Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу қызметін атқарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес үшін қажет болса, құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбе орналасқан. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады. Жануарлар дүниесінен мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады.

Slide 13

Конвергенция - дивергенцияға қарама-қарсы құбылыс. Этнографияда әртүрлі халықтардың мәдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин.

Ал мәдениет конвергенциясы - мәдениеттердің жақындасуын, бірігуге бейімділігін, процестерді айқындайтын термин. Мәдениет айырмашылығы күннен-күнге азаюда, бүның аяғы синтездік нәтиже беруі мүмкін деген болжам да жоқ емес.


Ұқсас жұмыстар
Макроэволюция жолдары: дивергенция,конвергенция, параллелизм. Бұл процестердің биологиялық маңызы
Биологиялық регресс
Макроэвалюция,жолдары:конвергенция,параллелизм.Бұл процестердің биологиялық маңызы
Биологиялық прогрестің жолдары
Макроэволюция жолдары: конвергенция,параллелизм
Дивергенция. Конвергенция. Паралельділік
Бірінші ұрпақ будандары үшін будандастыру кезінде көбінесе гетерозис тән қасиет
Систематикадағы гомология
Табиғи сұрыптау
ОЖЖ қозу. Қозудың таралу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz