Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары :СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы.

Орындаған: Жайсаңбаева С.

Тексерген: Омарбекович Е. О.

Топ: БЛ - 309

Семей 2015

Slide 2

Вирустар адам баласының серігі десек қателеспесбіз. Өйткені олар адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ак болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар - маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.

Slide 3

Құтырық

Жылы қанды жануарлардың арасында жіті түрде өтетін, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, қатты ұозумен және салданумен сипатталатын індет.

Құтырық ауруының табиғаты XIX ғасырдың бас кезінде белгілі болған. Цинке 1804 жылы алғаш болып

Құтырыққа шалдыққан жануарлардың сілекейінің жұқпалы екендігін анықтаған. Л. Пастер құтырық қоздырғышының бас миы ұлпасында болатындығын, 1903 жылы П. Ренленже құтырық вирусының этиологиясын зерттеп, дәлелдеген. 1892 жылы В. Бабеш және 1903 жылы А. Негри құтырықтан өлген жануарлардың бас миыжасушаларында ерекше денешіктердің пайда болатындығын айқындаған. Кейіннен ғалымның атымен Бабеш Негри денешіктері деп атаған. Л. Пастер бас миынан дайындалған супсензияны пайдаланып антирабикалық вакцина оилап тапқан

Slide 4

Ауру қоздырғышы -Rabies Lyssavirus, Rhabdoviridae тұқымдастығының Lissavirus туысына жататын РНҚ - ды вирус. Вирионның пішіні тапаншаның оғына ұқсас келген, ұзындығы 180 нм, диаметріт 75 - 80 нм шамасында болады. Ол гемагглютинациялаушы қасиеті бар, гликопротеид пен

гликопептидтен тұратын

қабықшамен қапталған.

Вирионның құрамынан

протеинкиназа және

РНҚ - полимераза

ферменттері анықталған.

Бабеш - Негри денешіктері

жүйке жүйесі жасушаларының цитоплазмасында дөңгелек, сопақша немесе көпбұрышты пішінде орналасады.

Slide 5

Әртүрлі әдіс арқылы боялған Бабеш - Негри денешіктері.

Slide 6

Төзімділігі

Құтырық вирусы төменгі температураға, сонымен қатар глициринге төзімді келеді, жүйке ұлпаларында ұзақ уақыт, ал 50% лгицерин қосылған буферлік ерітіндіде 1 жылға дейін сақталады. Вирус +100 ̊С температурада 2 минутта, +60 ̊С - та 10 -15 минутта жойылады. Тікелей түскен күн сәулесі мен ультракүлгін сәулелер, фнеол, лизол және басқа да дезинфекциялаушы препараттар вирусқа жойқын әсер етеді, эфирге сезімтал келеді.

Slide 7 Slide 8

Белггілері:

Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін. Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте) .

Slide 9

Құтырманың атиптік (ауруға тән емес) түрінде жануар арықтайды, асқазан-ішек ауруларының белгілері білінеді, ашушаңдық, еліру, шабуылдау белгілері білінбейді.

Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді. Аурудың белгілері ит құтырмасы секілді. Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды.

Құтырған жабайы аңдар адамдардан қорқуын қойып, ауыл арасын кезіп жүреді, малға, адамға шабады.

Мүйізді ірі қараның құтыруы көбіне тыныш түрінде өтеді. Қарлығып мөңірейді, сілекейі ағады, қалтылдап штқаяқтап жүреді, аяқ параличі тез пайда болады. Құтырманың

белгісіз түрінде өтуі де сирек емес. Бұл жемнен бас тарту, асқазан әлсіздігі, құмалақ тастау бейнесіне жиі тұрады, сіресу ұстамасы, соңы салданумен аяқталады.

Ірі қарада құтырманың еліру түрінде ноқтадан босануға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға шабуылдайды.

Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай өтеді.

Жылқы мен шошқада құтырма көбіне елірме түрінде өтеді.

Құтырма қандай

Slide 10

Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.

Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.

Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға

вакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен

иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Slide 11

Шешек

Совет елінде балаларға шешекке қарсы

вакцина егетіні баршаға аян. Бұлай егу

адамдарды аса қауіпті шешек

ауруынан аман сақтап қалудың басты

шарты, шешек вакцинасын егу совет

елінде міндетті түрде жүргізіледі. Бұл

жөнінен 1919 жылы 10 апрельде

В. И. Ленин қол койған документ бар.

Осының аркасында бірте-бірте шешек

азайып ақыр аяғында мүлде жойылды.

Көптеген адамдар бүның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден бастап белгілі. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бүрын шешек Африка, Индия және Қытай елдерінде болған. XVI-XVII ғасырларда Европада шешекпен ауырмаған адам ілуде біреу-ақ болды. Шешек ауруы бірқатар адам өмірін жойды да. Сол кездің өзінде Германияда шешектен 70 000 адам қырылды, ал Францияда өлім осының жар-тысындай болса керек. Тірі қалғанның өзінде олардың беттерінде секпілі, яғни шешек дағы болды.

Slide 12

Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.

Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі) . Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі

Slide 13

Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде

1) розеолдар (қызарған дақтар) ; 1-3 күн аралығында

2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы) ; 5-6 күнде сарысуға толған

3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді) ; келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы) ;

4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады

Slide 14

Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді.

Олар:

Ортопоксвирустар

Парапоксвирустар

Авипоксвирустар

Каприпоксвирустар

лепорипоксвирустар

суипоксвирустар.

Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

Slide 15

Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері -тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай - бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни табиғи шешегі және сиырдан жұғатын, яғни вакцина (vасса - сиыр) шешегіне (синонимы вакциния) байланысты.

Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері: торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек вирустары .

Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері: ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит (сүйел) вирусы.

Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі - үй қоянының фибромасының вирусы, коян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы. Ларапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің (жұғымтал эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйеліні вирусы, сиырдың пустулезді стоматитінің вирусы.

Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен, Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителиийге әуес, торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели денешіктері)

Slide 16

Аурудың өтуі мен симптомдары

Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады,

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады.

Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып, өліп кетеді. Сиырда шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: бірі - cow оrtһорохvirusсиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі vассіпа оrtһорохvirus ваксина шешегін, яғни вакцинияны, қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта есеппен 5 күндей. Клиника алдындағы кезеңде дененің ыстығы көтеріліп, сауын

Slide 17

Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының


Ұқсас жұмыстар
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау
Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Жұқпалы аурулардың жіктелуі
Біріктірілген иммун тапшылығы
Балалардың жедел ішек инфекциялары
Инфекциялық аурулардың классификациясы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz