ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Slide 1

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Slide 2

Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т. б. ) ; маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т. б. жаңалықты жасаудағы инвестиция - жұмыстың жартысы.

Slide 3

Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі. Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. ­ «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.

Slide 4

“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері. Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация -бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.

Slide 5

Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта оқушылардың іс - әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

Slide 6

Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Slide 7

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр. Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.

Slide 8

Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр. Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат -> мазмұн -> форма -> әдіс -> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену -> меңгеру -> өмірге ендіру -> дамыту болып өзгерген.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ахметова, М. К.

Білімдегі ақпараттану -қоғам талабы/ М. К. Ахметова // Білім-Образование. - 2008. - №4. - Б. 27-29.

2. Мусаева, Н.

Білім беру үрдісіндегі инновациялар мен дәстүрлер арақатынасы/ Н. Мусаева // Ұлт тағылымы = Достояние нации. - 2010. - №3. - Б. 44-47.

3. Иманбекова, А. Н.

Білімдегі инновациялық үрдістер: ізденіс, зерттеу және жаңа бағыттар/ А. Н. Иманбекова // Открытая школа. - 2015. - №6. - Б. 28-30.

4. Белегова, Ә.

Техникалық жоғары оқу орындарында инновацияларды пайдаланудың маңызы/ Ә Белегова // Ұлт тағылымы. - 2008. - №2. - Б. 51-53.

5. Жұмағұлова, Қ. Ә.

Болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған инновациялық мәселелер/ Қ. Ә. Жұмағұлова, Б. А. Оспанова // Білім-Образование. - 2008. - №3. - Б. 39-41.


Ұқсас жұмыстар
Білім беру процесіндегі цифрлық технологиялар
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Ақпараттық технологиялар нарығы
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
Жазу өнертабысы
Педагогикалық технологияның негізгі деңгейлерімен танысу
Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі
САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz