Мақсыр


Slide 1

Орындаған: Омарова Алуа

Топ: АГ - 213

Тексерген: Джаманова Г. Е

Мақсыр

(Cárthamus tinctórius)

Slide 2

жоспар

Жоспар

КІРІСПЕ

1. 1 Астралылар тұқымдасына қысқаша сипаттама

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Мақсырдың пайда болу тарихы

2. 2 Мақсыр өсімдігіне қысқаша сипаттама

2. 3 Мақсырдың биологиялық ерекшеліктері

2. 4 Мақсырды отырғызудағы ерекшеліктер

2. 5 Мақсырдың химиялық құрамы

2. 6 Мақсырдың таралуы

2. 7 Қазақстанда өсірілетін мақсыр түрлері

2. 6 Мақсырдың пайдасы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Астралылар тұқымдасы (лат. Астерáцеае), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Цомпóсітае) - қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады. Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта - шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте - шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Slide 4

Мақсырдың отаны Эфиопия және Ауғанстан болып саналады. 1551 жылы арабтар мақсыр мен оны өсiру технологиясын Батыс Еуропа елдерiне жеткiздi. Ресейде ХХ жүзжылдықтың 30 жылдары мақсыр жаппай егiле бастады.

МАҚСЫРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

Slide 5

Мақсыр өсімдігіне қысқаша сипаттама

Мақсыр (сафлор) - тармақталған тік сабақты, бір- жылдық өсімдік . Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызылсары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша.

Slide 6

Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетелі. Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға кұнжара түріндегі малазық болып саналады.

Slide 7

Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады. Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді.

Slide 8

МАҚСЫРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақсыр ерте пiсетiн жаздық өсiмдiк. Оның тұқымы топырақ температурасы +2-3ºС болғанда өсiп-өне бастайды, ал қолайлы температура - +6-8ºС. Мақсырдың өскiндерi -4-6ºС дейiнгi қысқа мерзiмдi суықтарға шыдайды. Мақсырдың гүлшоғыры - диаметрi 2, 5-3, 5 см себетгүл. Бiр өсiмдiктегi орташа себетгүл саны 10 және 25 дана аралығында ауытқып тұрады. Жемiсi - қырлары анық көрiнбейтiн күнбағыс тұқымының пiшiнiне ұқсайтын ұзын ақ тұқымша. 1000 тұқымның салмағы 35 пен 50 г арасында ауытқып тұрады. Мақсыр құрғақ континенттiк ауа райына бейiмделген, сондықтан дала аймағында, әсiресе, құрғақшылық жылдары тұқым шығымдылығы барлық жаздық дақылдар мен майлы зығырдан неғұрлым асып түседi.

Slide 9

МАҚСЫРДЫ ОТЫРҒЫЗУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 ем болатындай етіп себіледі. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 ем. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен жинап алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды.

Slide 10

МАҚСЫРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

халконовые гликозиды

картамин

изокартамин

картамидин

5-гликозид

7-гликозид

лютеолина

Slide 11

МАҚСЫРДЫҢ ТАРАЛУЫ

ЕГИПЕТ

ИСПАНИЯ

ҚЫТАЙ

АҚШ

АФРИКА

ТУРКМЕНИЯ

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

Slide 12

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛЕТІН МАҚСЫР ТҮРЛЕРІ

Түкті мақсыр

Тікенді мақсыр

Сортаң мақсыр

Бояу мақсыр

Slide 13

Майы тағамға және техникалық мақсаттарға, маргарин, әлiпмай, сапасы жоғары ақ эмаль, сабын, линолеум өндiру үшiн пайдаланылады. Мақсырдың құрамында инулин де бар, ол қандағы глюкоза деңгейiн қалыпқа келтiредi, склерозға қарсы, өт айдағыш, несеп айдағыш әсерi бар, қалқанша безiнiң қызметiн реттейдi.

МАҚСЫРДЫҢ ПАЙДАСЫ

Slide 14

Пайданаланылған әдебиеттер

3. http://dsh. sko. gov. kz/news. php?cat=2&news=

2. https://kk. wikipedia. org/wiki/Мақсыр

4. Карпачевский М. Л., Яницкая Т. О., Ярошенко А. Я. Основы устойчивого лесо-управления: учебное пособие для вузов. - М. : Всемирный фонд дикой природы (WWF), 2009

1. https://ru. wikipedia. org/wiki/Сафлор_красильный

Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин туралы ақпарат
Халыққа білім беру
Ежелгі Мысыр мәдениеті
Тышқан мен мысық
Көк бөрі
Антика ғылымы
ҒАРЫШ ГЕОДЕЗИЯСЫ
Философияның қалыптасуы
Жер аумағы
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ АНА ТІЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz