Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту


Slide 1

Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту

Тексерген:Бауыржанова А. З.

Орындаған:Тұрсағатова Қ.

Тобы:ТК-421

www. PresentationPro. com

Slide 2

Жоспар:

Теріні жібіту

Жібіту үрдісінің негізгі операциялары

Теріні жүннен арылту

Теріні күлдеу

5. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Консервіленген теріде мал денесінен жаңадан сыпырылған теріге қарағанда ылғалдылық аз болады. Жас теріде талшықтар суланған және еркін орналасқан, ылғалдап тұздалған консервілеуде ылғалдың мөлшері аз болғандықтан талшықтар жақын орналасады, ал құрғақ тұздауда жабысады.

Консервіленген теріде қан, лас, кір, лай қалдықтары болуы мүмкін, ал ылғалды және құрғақ тұздалған теріде тұздың мөлшері көп болады.

Малдың үстінен сыпырылған жас тері дұрыстап жуылып, ары қарайғы өткізілетін үрдістерде жақсылап өңделеді. Сондықтан өңдеу үрдістерінде консервіленген терілерді мүмкіндігінше, малдың үстінен жаңадан сыпырылған күйге жақындату қажет. Бұл операция жібіту деп аталады. Ол теріні суға салып жібіту арқылы оның бойынан кір, лас, қан, лай қалдықтарынан және консервілеген заттардан, яғни тұздан тазартуға негізделген.

Жібіту үрдісінде келесідей факторлардың мәні зор: терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.

Теріні жібіту

Slide 4 Slide 5

Жібіту үрдісі

Slide 6

Терінің жағдайы. Теріде лас, кір, лай және қанның болуы оның шіруін тудырады. Егер тері жаман немесе бірқалыпты консервіленген болса, онда оларды жібіту біркелкі жүрмейді. Консервіленген теріде ылғалдың мөлшері неғұрлым аз болған сайын, жібіту соғұрлым ұзақ өтеді. Сондықтан, жоғарыда көрсетілгендей, шикізаттың өндірістік партиясын жағдайы беркелкі терілерді таңдау арқылы жүргізу керек.

Slide 7

Жібіту суының температурасы мен сапасы.

Суланған кезде тері ісінеді, оның салмағы мен қалыңдығы жоғарылайды. Ісіну дегеніміз тері талшықтарының арасындағы кеңістікке судың бойлап енуі, соның әсерінен олар біршама жылжиды да терінің көлемі ұлғаяды.

Су теріге ақырындап сіңеді, әрбір қабат суланады. Олар қалың болған сайын, тері баяу суланады. Жібіту үрдісінде терінің ісінуіне белгілі бір шамаға дейін ғана рұқсат етіледі. Тым артық сулану терінің негізгі ақуыздық заттарын жоғалтуға әкеліп соқтырады, нәтижесінде былғарының сапасы төмендейді, яғни борпылдақ, беріктігі азаяды. Теріні жеткіліксіз немесе тым артық сулау кезекті былғарыны өңдеу операцияларының жүруіне және соңғы өнімнің сапасына кері әсерін тигізеді.

Slide 8

Шикізатты жібітуге арналған судың маңызы зор. Өзен, көл суларында көптеген бактериялар болады. Сондықтан, жібітуга арналған су таза, бактериялардан тазартылған болуы тиіс, ал жібіту операциясы неғұрлым қысқа мерзімде жүруі керек. Жылы (20÷25°С) суға қарағанда, шамамен 2 ден 10°С дейінгі температуралы суық суда бактериялар баяу дамиды. Алайда жібіту суының температурасы төмен болған жағдайда терінің сулануы өте баяу жүреді. Егер де температураны 20°С дейін жоғарылатқанда, жібіту үрдісі тездейді, бірақ бактериялардың да өміршеңдігі біршама күшейеді. Сондықтан қалыпты жібіту температурасы 16÷20°С, себебі мұндай температурада теріні суландыру ұзақтығы азаяды және шіріткіш бактериялар қауіпсіздігі азаяды.

Slide 9

Тері партиясының салмағы 2000 кг болса 8000 л суда жібітіледі

1 кг жібітілетін теріге кететін су көлемі сұйықтық коэффициенті деп аталады. Ол жібіту кезіндегі терінің салмағынан судың (сұйықтың) салмағы қанша есе көп екендігін көрсетеді. Мысалы

Slide 10

Жібіту үрдісі кезінде суда көптеген мөлшерде кір, лай жиналады, ол бактериялардың дамуына оң әсерін тигізеді. Сондықтан жібітуге мүмкіндігінше таза су пайдаланған дұрыс, яғни кірленген суды таза сумен ауыстырып отыру қажет. Суды ауыстыру саны шикізатты консервілеу түріне, оның сапасына және шикізаттың ластану дәрежесіне байланысты анықталады.

Теріні суландыру үрдісін тездету үшін әртүрлі механикалық операциялар қолданылады.

Slide 11

сс

Жібіту үрдісінің негізгі операциялары

Slide 12

Жуу - теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан және тұздан арылту. Терілер барабандарда және баркастарда жуылады.

Slide 13

Қырқу - теріде қалған салмақ бергіш қалдықтар (ет және май кесіндісі, басқы және т. б. ) Обрядка қалыпта қолмен жүргізіледі, шелдегіш немесе тұйықтық қолданылады.

Шелдеу - теріні шелден арылту, яғни малдың үстінен сыпырылған теріде қалып қойған тері асты шел қабатынан, жарғақшадан, сіңірден, еттен, майдан арылту. Операция шелдеу машиналарында орындалады.

Slide 14

Жібіту (суландыру), яғни консервіленген терінің күйін құрылымы бойынша да, суландыру дәрежесі бойынша да жас терінің күйіне жақындату. Және де жібіту үрдісінде терідегі лас, кір, қан және тұз қалдықтарынан арылту тоқтайды. Жібіту чандарда, барабан мен баркастарда орындалады.

Шикізаттың сулану сапасын және ластану дәрежесін пайымдау үшін жібітуден кейін теріні өлшейді. Жібітуден кейінге былғары шикізатының өндірістік партиясының салмағы жібіту салмағы деп аталады.

Slide 15

www. PresentationPro. com

Slide 16

Жібіту үрдісінде суланған теріде жүн, қыртыс және тері асты шел қабатының қалдықтары болады. Тері талшықтарының өзара аралықтары өзара талшықтық ақуыздық заттармен толтырылған. Келесі өңдеу үрдісінде теріні осы қалдықтардан, яғни жүн, қыртыс және тері асты шел қабаты қалдықтарынан тазартып, аралық талшықтық заттардан арылтып, өзең қабатына илегіш ерітінділердің енуі үшін талшықтар шоғырларын бөлу керек және талшықты жұмсартып қопсыту қажет. Теріні жүн мен қыртыстан арылту үрдісі жүннен арылту деп аталады.

Теріні жүннен арылту

Slide 17

Жүннен арылтудың әртүрлі әдістері бар:

Slide 18

www. PresentationPro. com

Slide 19

Теріні күлдеу

Күлдеу теріні жүннен арылту әдістерінің ең көп таралған әдісі. Күлдеу үрдісінде сілтілердің әсерінен түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді, қыртыс бұзылады, талшықаралық ақуыздық заттар ериді және жойылады, коллаген талшықтары қопсиды.

Slide 20 Slide 21

Температураның әсері

Ізбестпен күлдеу үрдісі кезінде терінің жүннен арылуы өте баяу жүреді, мысалы, 170 сағат. Күлдеу үрдісіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі күлдеу сұйығының температурасы болып табылады. Температураны жоғарылатқан кезде, жүннен арылту үрдісі жылдамдайды, алайда бұл кезде жарғақтық заттардың шығыны болады да терінің шіруіне әкеп соқытарады. Сонымен берге температураны жоғарылатқан кезде ісіну азаяды. Төмен температурада күлдеудің ұзақтығы өседі және коллагеннің еруі азаяды.


Ұқсас жұмыстар
Теріні жүннен арылту
Теріні өңдеу
Теріні қалай өңдеу керек
Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу
Былғары шикізатының тағайындалуы
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Жібіту үрдістерінің орындалуы.Теріні күлдеу
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Былғары шикізатының ақаулары
Малдың терісіне әсер ететін факторлар Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz