Эксперттік жүйелерді жобалау және әзірлеу кезеңдері


Slide 1

ЭЖ-нің шешетін типтік тапсырмалары

Орындаған: Нуриман Е. Т

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д

Slide 2

Эксперттік жүйе (ЭЖ) -нақты салада тәжірибелі мамандардың білімі енгізілген және осы салада диагноз қою, кеңес беру сияқты эксперттік (эксперттік) шешім қабылдайтын интелектуальды жүйе. Ол саланың бір бағыты бойынша маманның шешіміне ұқсас нәтиже шығарып, қызметкердің дұрыс шешім қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Мұндай жүйелер-маманның нақты жағдайда қабылдайтын дұрыс шешімі сияқты, мәселені шешетін машиналық программалар. Яғни, ЭЖ - практикада тексеріліп, бір облыста дайындалған үлкен көлемді білім қоры бойынша эксперттік ретінде пайдаланатын жасанды интеллект, электрондық кеңесші. Егер оған дұрыс берілгендер енгізілмесе, жүйе қате нәтиже беруі де мүмкін.

Slide 3

Эксперттік жүйе - интеллектуальды жүйелердің неғұрлым таныс (атақты) және кең тараған түрі. Эксперттік жүйе жоспарының 5 кезеңін шартты түрде бөлу жеткілікті. Ол жоспар нашар құрылған, сызықтықтан гөрі циклдік және көбінесе нашар болжаушы процесс болып табылады:

Теңістіру (идентификация) кезеңі

Кезеңнің мақсаты - мәселені формальді емес, вербальді түрде сипаттау арқылы білім негізін құруға арналған бастапқы импульспен қамтамасыз ету. Осы кезеңде шынайы өмірден (дүниеден) абстракциллаудың ұзақ процесі басталады: ПА-ның бөлінуі,

Оның білімді ұсынудың нақты моделінің көмегімен білім негізінде ұсынылуы, және Білім негізінің (базасының) нақты программалық жабдықтардың көмегімен компьютерде жүзеге асуы.

Slide 4

Концептуализация кезеңі

Кезеңнің мақсаты - кезкелген пән аумағына (ПА) арналған жалпы әдіс болмағандықтан, пән аумағы жайлы білімді ұсынудың әдісін таңдау. Сондықтан осы кезеңде алдын-ала білімді ұсынудың моделі таңдалады. Ол пән аумағының нысандарының ұйымын және олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Медицина мен биологияда пән аумағы көбінесе иерархиялық құрылымда болады.

Пән аумағында (ПА) үш түрдің иерархиясын бөлуге болады. Олардың әрқайсысы пән аумағына қатысты белгілі бір көзқарасқа сәйкес келеді: құрылымдық (пән аумағында объективті түрде бола алады немесе оның моделінде, классификациясында беріле алады), функциональды, себеп нәтижелік. Ойлап отырған адам иерархия типтерін ажырату мәселесін қарастырмайды, ал білім негізін (базасын) қалауда бұл өте қажет. Құрылымдық иерархия әдетте беткейлік білімге, ал қалғаны - терең білімге жақын болады. Концептуализация кезеңінде келесі мәселелерді қарастыру қажет: негізгі ұғымдарды, қатынастарды және сипаттарды анықтау (терминдер сөздігінің қалыптасуы, оның толық болуы), жалпы стратегиялар мен жеке гипотезалардың анықталуы, білімді ұсынудың моделін алдын-ала таңдау, мәселені шешу процесіне берілген типтердің шектелуі. Бір мәселені шешу кезінде эксперттің іс-әрекеті мен ойлауына толық протокол құру және білімді ұсынуда әдістің соңғы тандауын жасамау ұсынылады.

Slide 5

Формализация кезеңі

Кезеңнің мақсаты - пән аумағын (ПА) абстракциялаудың нәтижесін, білім негізін (базасын) құру. Бұл кезеңде білімнің негізгі бөлігі алынады. Алайда, бұл процесс теңестіру кезеңінде басталады. Формализация процесі басқа кезеңдерге қарағанда нашар циклді және құрылымы да нашар. Ұғымның формализациялануы медициналық мәнін сақтай отырып олардың бағасын дәрігерлердің қайта өндіруін қамтамасыз ету қажет. Осы кезеңде білімді ұсыну моделі және эксперттік жүйе жоспарының инструменттік жабдығы нақты таңдалады. Осы кезеңде келесі мәселелерді шешу қажет: қолданылған мәліметтердің толық сипаттамасы, мәліметтер арасындағы, олардың уақытында пайда болу тәртібінің қарым-қатынасының орнығуы, білім алудың нақты әдістері, толыққандылық, біркелкілік білімдерін тексеру, іздеу кеңістігі құрылымының толық анықталуы. Орындау кезеңі Кезеңнің мақсаты - бір немесе бірнеше прототиптерді, сосын өндірісте қолдану үшін соңғы программалық өнімді жасау. Эксперттік жүйенің прототипінің алғашқы үлгісінің жоспарын жұмыстың алғашқы мысалы жақсы түсінілген кезде бастау керек. Бұл прототип қойылатын мәселе бойынша білімді ұсынудың идеяларының әдістерінің жән тәсілдерінің адекваттылығын тексеруді қамтамасыз етуі қажет. Көптеген қиындықтар мен іске асыратын инженерияның қиын методтарын талап ететін сұрақтар бұл этапта әдетте сыртта қалады. ЭС прототипінің біріншісін құру кезінде ЭВМ есте сақтауын және ЭС жұмысының жылдамдығын үнемдемейді. Әрбір өзгерістің және жалпы құжаттарды протоколдауға бса назар аудару керек. Орындау этапына қайта келгенде білім базасының кеңейген кездегі ЭС жұмысын қорытындылау, кемшіліктері туралы тұтынушылардың пікірін анализдеу, енгізу-шығарудың ыңғайлы жүйесін дайындау.

Slide 6

Жалпы, ЭЖ дайындаушы ұжымға кемінде төрт адам қатысады: Эксперттік ; білім жөніндегі инженер; программалаушы; пайдаланушы. Бұл ұжымды басқарып, жүйе дайындайтын кісі - білім жөніндегі инженер делінеді. Тәжрибелі Эксперттікдан білімді алатын жүйенің ұсынған ережесі қарапайым, орнықты және жеңіл түсінетіндей болуы міндетті. Мысалы, жүйеде мындай талаптардың орындалуы тиіс: толық емес не бір-біріне қайшы берілгендер бойынша да пікір айту мүмкіндігі; пікірлер тізбегін пайдаланушыға түсінікті тілде жеткізе білу ; фактілер мен оларды шығарудың бір-біріне айқын түрде ажырытылуы; қажет болса, білім қорын толықтыру мүмкіндігі ; ЭЖ - ден шығару кезінде айқын кеңес бере алуы; ЭЖ-нің өзіндік құнының онша қымбат болмауы (қазіргі кезде күрделі ЭЖ - лердің көпшілігінің бағасы мыңдаған - он мың даған доллар тұрады) .

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелерді құру кезеңдері мен типтік тапсырмалары
Білімді тестілеуге арналған эксперттік жүйелерді құру технологиясы мен кезеңдері
Мобильді қосымшаны әзірлеу: құралдар, интерфейс жобалау және әзірлеу кезеңдері
Сараптамалық жүйелерді әзірлеу технологиялары мен құрылымы
Эксперттік жүйелерді құру: функционалдық жүйеше, құру модулі және қабықшаның рөлі
Ақпараттық жүйелерді жобалау мен технологиялық қамтамасыздандыру түрлері
Оқу мақсатындағы веб-сайтты әзірлеу және жобалау
Бағдарламалық қамтамасыз етуді құжаттау: түрлері, стандарттары және әзірлеу кезеңдері
Жобалау әдісі: педагогикалық технологияның тарихы, мақсаты, түрлері және кезеңдері
Эксперттік жүйелер: классификациясы, қолдану салалары және ықтималдық пен жуықтау тұжырымдаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz