Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы

жұмыссыздық себептері мен формалары

Орындаған: Бәделқан Рауан

Тобы: АГ- 413

Тексерген: Қуантқан Биболат

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Жұмыссыздық

1. 2 Жұмыссыздық түрлері

1. 3 Еліміздегі жұмыссыздық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін . Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Slide 4

Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады:

Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз

Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты

Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз

Slide 5

Жұмыссыздық негізгі себептері:

Жұмыссыздық негізгі себептері:

Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.

Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.

Slide 6

Жұмыссыздықтың төмендегідей түрлері бар:

Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылысына жұмыс

орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.

. Циклдық жұмыссыздық -экономикалық дағдарыста өндірістің төмен құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады.

Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық - белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.

. Аймақтық жұмыссыздық - жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік - психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады

Slide 7

Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі, ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді.

Slide 8

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:

Ғылыми - техникалық прогресс;

Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;

Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі

Slide 9

Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:

ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.

Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.

Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.

Slide 10

Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.

2.

әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық әрбір септеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.

3.

Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.

4.

Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.

Slide 11

тапсырма биржаларында және жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлерін құру

жаңа жұмыс орындарын құру

оқыту мен жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау

қылмысқа қарсы күрес

мінез-құлық тұрақтандыру саясаты

мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру

мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру

Жұмыссыздықпен күрес жолдары

Slide 12

Еліміздегі жұмыссыздық экономикамыздағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Соған сәйкес жұмыссыздық деңгейін төмендету жолында әр түрлі шаралар атқарылуда. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5, 8%-ды құрап, 2011 жылы 5, 4%-ға дейін төмендеген, ал 2012 жылы 5, 3% болса, 2013 жылы қаңтарға жұмыссыздық деңгейі 5, 4%-ды құрап отыр.

Елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі Қазақстан үшін экономикалық өсуге септігін тигізуде. Оның үстіне одан әрі жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни жұмысбастылықты көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Оның бір дәлелі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын орындау аясында 2016 жылға қарай -1, 5 миллион адамды жұмыспен қамту қарастырылуда.

Slide 13 Slide 14

«2013 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 488, 1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 4% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қаңтар айының соңына 47, 9 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 5%-ын құрады (2012ж. қаңтарда - 0, 5%) » 2013 жылғы қаңтарда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 4%-ын құрады. Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, республика экономикасында 2013 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 8, 5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 57, 0 мың адамға немесе 0, 7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5, 8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68, 8%) құрады.

Slide 15 Slide 16

«2015 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459, 2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы қаңтар айының соңына 47, 3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 5%-ын құраған (2014 жылғы қаңтарда - 0, 5%) »

Slide 17

Жұмыссыздықтың себертері

Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама тарады . Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкідік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді . Керісінше жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады . Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формаларықажыг
Экономикалық ауытқудың себептері
ӨНДІРІСТІ ЖҰМЫС КҮШІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты статистикалық талдау
Жұмыссыздық мəселесі
Оңтүстік Корея инновациясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша мемлекеттік іс шаралар
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Халық және еңбек статистика сы
Жұмыссыздықтың негізгі экономикалық формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz