Қан патологиясы



Қазқстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Қан патологиясы
Тобы: ВМ - 305
Орындаған: Мырзағалиқызы А.
Тексерген: Нуркенова М. К.
Семей 2015

Жоспары:
Кіріспе
Қанға жалпы сипаттама
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қан құрамы және қан құю
2. 2. Эритроциттердегі өзгерістер (анемия)
2. 3. Лейкоцитоз, лейкопения
2. 4. Қанның ұюы
2. 5. Қанның биохимиялық құрамының өзгеруі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қан тамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді.
Ересек мал ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары- эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадағы артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Қанның атқаратын қызметтері:
Асқорыту
қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Терморегуля
торлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің


Ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5 - 9 процентін құрайды. Соның ішінде 55 - 60 проценті сұйық бөлігіне, 40 - 45 проценті формалық элементтерге жатады. Плазманың жалпы көлеміне формалық элементтердің проценттік қатынасын нормоволемия деп атайды.
Әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері эритроциттер мен плазма арасындағы қатынастың өзгеруімен сипатталады.
Қанның құрамы плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер) . Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6, 5-7 % құрайды.
Қан плазмасы - құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-) . Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар және биологиялық белсенді заттар бар.
Негізгі бөлім

Қан құрамының шамамен 60% плазма
40% қан жасушалары

Плазмадағы нәруыздар
Фибриногендер 0. 4%
Альбуминдер 4, 5%
Глобулиндер 1, 3 - 3, 5

Гиперволемия
Гиповолемия
Қан көлемінің өзгеру формасы:
Қарапайым
Олигоцитемиялық
Полицитемиялық

Қан мөлшерінің көбеюін - гиперволемия деп атайды.
Гиперволемияның 3 түрі бар.
Қарапайым гиперволемия - формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көр мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ткань сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын құбылыс.
Олигоцитемиялық гиперволемия - жалпы қан мөлшерінің ондағы сұйық есебінен көбеюі, ал форалық элементтердің азаюы.
Полицитемиялық гиперволемия - эритроцитте есебінен қан көлемінің көбеюі. Эритроциттердің көбеюі қан құрайтын органдарда қатерлі ісіктің зардабынан, ал биік тауда компенсаторлық сипатта болуы мүмкін.
Жалпы қан мөлшерінің кемуін - гиповолемия деп атайды.
Гиповолемияның 3 түрі бар
Қарапайым гиповолемия - плазманың және клетка элементтерінің біркелкі кемуі. Көп қан кеткенде немесе талықсыған кезде қанның едәір көлемі айналысқа қатыспағанда пайда болады.
Олигоцитемиялық гиповолемия - эритроциттер мөлшерінің, кемуі есебінен қан көлемінің азаюы.
Полицитемиялық гиповолемия - қанның сұйық бөлігінің кемуі есебінен оның көлемінің азаюы. Мүндай жағдайда эритроцит мөлшері бірқалыпты болады.

Қан құю
Қан құю әр түрлі реакцияларда және жарақатта қан азайғандығы байқаладыү қансыраған кезде организмде байқалатын негізгі зардапты белгісі - айналыстағы қан көлемінің азаюы және органдар мен тканьдерде басталатын гипоксемия, гипоксия.
Мал көп қан жоғалтқан жағдайда неғұрлым тиімді құрал - қан құю.
мал дәрігерлігі практикасында қан құю көбінесе жылқыларды, кейде басқа малдарды емдеу үшін қолданылады. Құйылатын қан үйлесетін болуы тиіс.
Үйлеспейтін қанды құйған жағдайда гемотрансфузиялық талықсу пайда болады. Талықсу үйлеспейтін қанды құйғаннан кейін бірнеше минуттан кейін басталады. Талықсудың себебі:
Реципиенттің изоантителасы донор эритроциттерімен ерекше реакцияға түсіп, оларды агглютинациялайды. Мұндайда малда бірден қозу паййда болады, қатты демігіп, жүрек соғуы жиілейді. Реципиент күйзеледі, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алуы ауырлап, сырыл пайда болады, кілегей қабықтары көгереді. Қан қысымы түседі, құсады, еріксі несеп және нәжіс бөледі. Мал талықсиды немесе өледі.

Алғашқы қан құюдың тарихы
1881 жылы англиялық туыт дәрігері Джеймс Бланделл ауырлық күші арқылы қан құятын жабдық ойлап тауып, көп қан жоғалтқан босанып жатқан әйелге қан құйып, тарихтағы алғаш қан құю процесін сәтті орындады. Бұл қан құю технологиясы денсаулық сақтау саласында ұлы төңкеріс тудырды.
1628 жылы Уильям Гарвей адам денесіндегі қан айналым жүйесін байқап, адамзаттың тіршілік қайнарына жаңа мән қосты. 1665 жылы англиялық анатомия-физиология маманы Ричард Лауер екі итке қан құю сынағын жасады. Ол бір иттің күре тамырының қанын жіңішке түтік арқылы қансыраған екінші бір иттің артериясына құяды. Тәжірибе аяқталғанда қансыраған ит дереу қалпына келеді де, қан берген ит жалп етіп құлап түседі. Осылайша бұл тәжірибе бүкіл әлемге тіршілік иесінің өмірін сақтап қалу үшін қан құю әдісін пайдалануға болатындығын дәлелдеді.
Қан құю арқылы басқаларды ажалдан арашалауға болатындықтан, бүгінгі күнде қан беру құрметті іс екендігі белгілі. Адам денесінің қан жасау қызметіне зерттеу жүргізу арқылы, лайықты мөлшерде қан берудің адам денесіне зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы екендігі белгілі болды.

Эритроциттер ” (грек. erythros - қызыл және kytos - ыдыс) - адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай) . Эритроцитдің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2, 5 млн-дай эритроцит түзіледі.
Эритроцит

Қызметтері
Тыныс алу
Тасымалдау
Адсорбциялау
Қан ұюы,
қан топтары

Эритроциттердің құрамындағы өзгерістер.
Қандағы формалы элементтердің өзгеруі сандық және сапалық болып бөлінеді.
Эритропоэз (эритроциттер өнімі) Эритроциттердің өнімі және эритроциттердің бүлінуі процестрі организмде тепе теңдік күйінде болады осы процестердің өзара қатынастарының бұзылуы қандағы эритроциттердің көбейтуі (эритроцитоз, полицитемия) немесе кемітуі (анемия, олигоцетемия) мүмкін.
Эритроцитоз - эритроциттер санының көбеюі арқылы қанның өзгеруін айтады. Эритроцитолдар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.
Эритремия- Вакез ауруы эритроциттердің де, гемоглобинніңде көп мөлшерде болуы. Эритромияда негізінен қан құрау жүйелері ауруға шалдығады. Эритромия кезінде қан тамырларында қоюланған қанның жалпы массасының артуы артерия қысымын жоғарлатады, жүрек жұмысы қиындайды, капиллярлар кеңейеді, оларда қан ағысы баяулайды, соның салдарынан тромбалар пайда болуы мүмкін. Тамырлар үнемі қанталағандықтан тері қызғылттанады.

Анемия немесе қан аздық - қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюын айтады. Анемия әртүрлі аурулардан, уланулардан, қан құрауға қатысатын фактролардың жеткіліксіздігінен жілік майындағы гипоплпзиядан, эритроциттер гемолизінен т. б пайда болады. Анемия кезінде қанның тыныс алу функциясы бұзылады. Асқынған анемия жағдайында оттегі жетіспеушілігі ауыр зардапқа ұшыратып, организм өлуі мүмкін.
Анемия

Регенеративтік анемия
жілік майының гиперплазиясымен, эритроциттердің күшті бөлінуімен сипатталады. Анемияның бұл түрі көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизінде байкалады
Гипорегенеративті анемия
эритропоэз бұзылады немесе зардап шегеді. Қан құрайтын факторлардың жеткіліксіздігінен немесе организмде темірдің аздығымен, қансыраудан, инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы
Арегенеративті анемия
мұнда жілік майының функциясы едәуір тежеліп, эритропоэз процесі мүде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды
Диэритропоэздік анемия
басқаша айтқанда эритроидты клеткалардың жетілген сатысына жетпей, жілік майы гемолизсалдарынан бүлінеді
Анемия түрлері

Анемия этиологиясы бөлінеді
Постгеморрагиялық
Гемолиздік
Апластикалық
Анапластикалық

Эритроциттердің патологиялық формалары:
Әр түрлі анемияға эритроциттер гемоглобиндердің саны азаюы ғана емес, сондай-ақ эритроциттердің сапалық өзгеріске ұшырап, түсі, мөлшері формасы құрлымы және қасиеті өзгеруі де тән сипат.
Гемоглобиноз- эритроцитте патологиялық гемоглобиндердің болуы.
Талласемия- А2 гемоглобині мен Ғ гемоглобині көп мөлшерде болғанда агемоглобин синтезінің бұзылуына негізделген.
Эритроцитопатия- қанда тұрақсыз шар тәрізді эритроциттердің болуымен сипатталады.

Лейкоциттер - қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4-8, 8х109/л.
Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Лейкоциттер

Фагоциттік.
Антитоксиндік қызмет. Эозинофилдер табиғаты белок токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, гистаминді бұзатын гистаминаза жасап шығарады (аллергиялық реакциялар) .
Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофилдер гистамин және гепарин жасап шығарады.
Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.
Лейкоциттердің қызметі

Лейкоцитоз, лейкопения
Лейкоциттер санының нормадан артып кетуі -лейкоцитоз, кеміп кетуін-лейкопения дейді.
Абсолюттік лейкоцитоз-қан көлемінің бірлігінде лейкоциттердің жалпы санының көбеюі.
Салыстырмалы лейкоцитоз-лейкоциттердің бір түрінің кемуінен екінші түрінің көбеюі арқылы пайда болады.
Патологиялық лейкоцитоз -инфекциялық аурулардан уланудан қабыну процестерінен ішкі секреция бездерінің қан құраудың нервтік регуляциясы бұзылудан пайда болады

Физиологиялық лейкоцитозға мыналар жатады:
а) жаңа туған төл лейкоцитозы
б) ас қорыту лейкоцитозы
в) миогенді лейкоцитоз дене жұмысына байланысты
г) буаз малдың лейкоцитозы

Лейкопения лейкоциттердің мөлшерінің кемуімен сипатталады.
Лейкопенияның пайда болуына мынадай факторлар ықпал етеді:
а) лейкоциттердің қан арнасына бөлінуі
б) лейкоцттердің тез бүлініп олардың тепе-тең өнімдерінің толықпауы
в) лейкопоэздің бәсеңдеуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz