Азиялық шегіртке: билогия, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдстемесі




Презентация қосу
АЗИЯЛЫҚ ШЕГІРТКЕ: БИЛОГИЯ,
ЗИЯНДЫ ФАЗАСЫ, ТАРАЛУЫ,
ЕСЕПТЕУ ӘДСТЕМЕСІ

Орындаған: Өкенова Ж.А
Группа: АГ-213
Тексерген: Сағандыков С.Н
Азиялық шегірткенің қарқынды көбейетін мекен – жайлары
Алматы облысында- Балхаш,Алакөл көлдері мен іле өзенінің
жағалуларындағы қамыс қопалары, Атырау облысында Каспидің
аралдары мен жағалауы, Жамбыл облысында Шу, Талас
өзендерінің жағалулары мен Мойынқұм өңірі, Батыс
Қазақстанда Қамыс-Самар көлдері жүикесі, Чижин, Балықты
қызылсу жиналатын аймақтары Қызылорда облысында телікөл ,
Қараөзен алабы, Қостанай облысында Жангелдин, Наурызым
аудандары екендігі анықталып отыр.
Азия шегірткесінің түсі қоңыр, жасыл, сарғыш, алдыңғы арқа бөлімі
қырлы келеді, ұзындығы 35-55 мм болады. Ал жұмыртқасы —
сопақша аздап доғаша иілген, қызғылт немесе сары түсті, ұзындығы
6,5-8,5 мм. Азия шегірткесінің жұмыртқалары қыста күбір ішінде
топырақ арасында сақталады. Көктемде одан құрт тәрізді дернәсілдер
шығады. Олар 35-45 күннен кейін, 4 рет түлеп, ересек шегірткеге
айналады. 30-40 күннен кейін күзге таман шегірткелер 4-5 қатардан 55-
115 жұмыртқа салады.
Қамыс қопаларының шөбі сиректеу келген шеткі учаскелерінде әрбір ұрғашы
шегіртке 2- 3 күбірше салады. Одан соң кешікпей- ақ жұмыртқа клеткаларыны ң
қоры біткен соң шегірткелер өледі. Күбіршенің ұзындығы 58- 75 мм, пішін аздап
доғаша иілген цилиндр тәрізді. Күбіршенің төменгі бөлімінде жұмыртқалар
жатады. Олар төрт –бес қатарға орналасқан, саны 55- 115 дейін жетеді. К үбіршені ң
жоғарғы бөлімі мөлдір көбікті қоңыр нмесе қызғылттау затпен толтырыл ған.
Жоғарыда айтылғандай, ұшқыш шегірткенің үйірлі және саяқ формалары
болады. Үйірлі формасының личинкалары жиналыптобымен едәуір қашықтыққа
кейде 45-50 км дейін миграция жасайды. Ал ересек шегірткелерді ң үйірі
жұмыртқалайтын негізгі мекендерін 200-300 км қашықтыққа дейін ұшып бара
алады.
Ұшқыш шегірткенің ұялайтын
жерлеріндегі негізгі қоректік
өсімдіктері қамыс пен құрақ. Ал
ұшып барған жерлерінде олар әр
түрлі өсімдіктермен қоректенеді,
олардың ішінде ең ұнататындары -
астық тұқымдас дәнді дақылдар.
Шегірткенің өзі және оның
личинкалары өсімдіктің жапырағы
мен сабағын, кейде дәнін де
жартылай немесе түгелдей кеміріп
жеп қояды. Е.В Цыпленконың
мәліметі бойынша бір шегірткенің
маусым ішінде жейтін қоектік
заттарының жалпы салмағы 300-
500 г дейін жетеді. Сондықтан
ұшқыш шегіртке жаппай өсіп-
өнген жылдары ауыл
шаруашылығына орасан зор зиян
келтіреді.
Олар өсімдіктерді астық
тұқымдас дәнді
дақылдарды зақымдайды.
Жаппай өсіп-өніп, көбейген
жылдары Азия шегірткесі
егін жайларға, пішендікке,
мал жайылымдарына көп
зиян келтіреді. Азия
шегірткесінің әрқайсысы
өз өмірінде 300 г көк жем
жейді , ал бір аналықтың
ұрпақтары бір жазда екі
қойға жететін жемді жейді .
Негізгі қорегі қамыс
болғанына қарамай , үйір
1-2 сағат ішінде мыңдаған
астық алқабын жоқ
қылып жібереді , сонымен
қатар капуста , қарбыз ,
күнбағыс және тағы басқа
қоректеніп , біршама зиян
келтіреді
Күресу шараларның маңыздысы ерте көктемде шегірткелер
табылған егістік танаптарды біз тұмсықты немесе дискілі
тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе
бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап
аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін
жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары
инсектицидтермен саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсіл/м2 ,
үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және оданда көп дернәсіл/м2
болғанда жүргізіледі
Дернәсілдерді есепке алу
жұмыстарын таңертелікте
немесе кешкілікте
маршрутпен жүріп 100
метр сайын әрқайсысы
1м2 алаңқайда көзбен
шолып жүргізеді немесе
рамканың көмегімен
әрбәр секірген шегірткені
есептеп, кейін 1м2 қанша
болатындықтарын
анықтайды. Егер бір
станцияны мекендеген
шегірткелердің түрі көп
болса, жұмыртқалардан әр
мезгілде шықса және
жастары әр түрлі болған
жағдайда ұзақ уақыт әсер
ететін инсектицидтерді
пайдаланған дұрыс.
Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін
жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға
байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары
жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің
жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1.ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ, 9 ТОМ "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАНУАРЛАР
ӘЛЕМІ" , АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ , А.Ф. КОВШАРЬ , В.А. КОВШАРЬ
2.ӨСIМДIКТЕРДIҢ ҚОРҒАУЫ БОЙЫНША АНЫҚТАМА, САГИТОВ А.О.,
ИСМУХАМБЕТОВ Ж.Д., А., 2004.
3.ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНДІРМЕ
СӨЗДІГІ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ. А.Қ.ҚҰСАЙЫНОВ. –
АЛМАТЫ: «МЕКТЕП» БАСПАСЫ» ЖАҚ, 2002 ЖЫЛ. – 456 БЕТ.
ISBN 5-7667-8284-5
4.СПРАВОЧНИК ПО ЗАЩИТЕ ЛЕСА ОТ ВРЕДИТЕЛЕЙ И БОЛЕЗНЕЙ, М., 1980.
5.ПОСОБИЕ ПО АГРОХИМИЧЕСКОМУ ОБСЛУЖИВАНИЮ ХОЗЯЙСТВ
КАЗАХСТАНА, А.-А., 1977
ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ, 4 ТОМ 3 БӨЛІМ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік
Қара жолақты саяқ шегіртке
АЗИЯЛЫҚ ШЕГІРТКЕЛЕР
Сабақ немесе жүгері көбелегі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Табын шегіртке зиянкестері
Тышқан тектестер: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
ШВЕД ШЫБЫНЫ
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕЛЕРІ
Пәндер