Қос мембраналары органоидтар. Пластидтер. Ядро. Митохондрия
Презентация қосу
Қос мембраналары
органоидтар.
Пластидтер. Ядро.
Митохондрия.
Орындаған: Сахипжанова Д.
Тексерген: Садыкова Р. А.
Органоидтар — адам мен жануарлар
организмдері жасушалары
цитоплазмасындагы белгілі қызмет
атқаратын тұрақты құрылымдар.
Органоидттар
Мембранал Мембранас
ы ыз
Бір
мембраналы
ВАКУОЛЬ Қос РИБОСОМА
ЛИЗОСОМА мембраналы ЖАСУШАЛЫҚ
ГОЛЬДЖИ МИТОХОНДРИЯ ОРТАЛЫҚ
ЖИЫНТЫҒЫ ПЛАСТИДТЕР
МИОФИБРИЛЛА
ЭНДОПЛАЗМА ЯДРО
ЛЫҚ ТОР
1938-1939 жылдары жасуша
теориясының негізі қаланды.
Жасуша теориясының қалануы-
оптикалық құралдардың дамуымен
тікелей байланысты болды.
Қос мембраналы
органоидтар
Пластидтер
Ядро
Митохондия
Пластидтер − өсімдік жасушасының
негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді:
хлоропластар, хромопластар және
лейкопластар.
Пластидтер (грек тілінен plastides -
жасайтын, түзейтін) - эукариотты
өсімдік жасушасының органоидтары.
Әрбір пластидада кос мембраналық
құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері,
құрылысы мен қызметтері бойынша
әртүрлі. Түсі бойынша жасыл
пластидтер, (хлоропласттар), сары -
ашық қызыл және қызыл
(хромопласттар) және түссіз,
(лейкопласттар) ажыратылады.
Хлоропласт − фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің
клеткаішілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар
жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады. Осы айналу
барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан
тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар
пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-
табақшаны елестетеді. Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және
ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп
атайды. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары
сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді. Оның ұзындығы 5 −
10 мкм, ені 2− 3 мкм. Әр клеткада шамамен 20−30-дай хлоропласт болса,
балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1−2 данасы ғана болады.
Хлоропласт − қос мембраналы органод. Хлоропластың негізін құрайтын
граналарда фотосинтез процесі жүреді. Хлоропласт құрамында нуклеин
қышқылдары − ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болады. Хлоропласт жасушасында
АТФ молекуласы және көмірсулар синтезделеді.
Хромопластар − ішкі құрылысы онша айқындалмаған,
пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл
қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында
болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, ұршық,
орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі
пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент −
каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер
белокты-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок
фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл
түрінде болады. Хромопластарда қос мембрана болады,
олардың көмегімен цитоплазмадан ажырайды.
Хромопластардың биологиялық маңызы зор, мұның
құрамында биологиялық белсенді заттар − май ыдыратқыш
D, E, K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ
тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады.
Лейкопластар − өсімдік жасушасындағы түрлі
пішіндегі, (шар тәріздес, сопақ, эллипса тәріздес және
т.б.), түссіз пластидтер. Көптеген жағдайларда күн
сәулесінен қалтарыста жатқан ағзаларда, тамырда,
түпте, тамырсабақтарда, тұқымда, сирек
жарықтандырылатын өсімдіктерде кездеседі.
Лейкопластар қабықшасы екі мембранадан тұрады.
Лейкопластың ДНҚ-сы, рибосомы, сонымен қатар
қордағы заттардың синтезделуін және гидролизделуін
жүргізетін ферменттері бар. Лейкопласттардың
физиологиялық орыны, органикалық заттарды
синтездеу.
Лездемелік сұрақтар:
Пластидтердің қанша типі бар?
Оларды ата.
Хромопластарда қандай
пигменттер болады?
Лейкопластар қайда кездеседі?
Түссіз пластидті ата.
Ядро
Ядро жануарлар мен
өсімдіктер
жасушаларының ең
маңызды құрам бөлігі.
Ядро тұқым қуалаушылық
ақпараттың сақталуы
және осыған байланысты
жасуша
цитоплазмасындағы
белоктар мен
ферменттердің түзілуін
қамтамасыз етеді.
Ядроны алғаш рет
тауықтың жұмыртқа
жасушасынан байқаған
1825 ж. чех ғалымы
Я.Пуркине болды. Ядроны
өсімдіктер жасушасынан
ағылшын ботанигі
Р.Броун (1831 – 33), ал
жануарлар жасушасынан
Ядро кариолеммадан (ядро қабықшасы), хромосомалардан,
ядрошықтан және кариоплазмадан (ядро сөлі, шырыны)
құралады. Кариолемма ядроны жасуша цитоплазмасынан
бөліп тұрады. Кариолеммада көптеген ұсақ тесіктер болады.
Ядро қабықшасы тесіктері арқылы жасуша цитоплазмасы мен
ядро аралығында зат алмасу үздіксіз жүріп отырады.
Ядроның біркелкі қоймалжың сұйық бөлігі кариоплазма деп
аталады. Оның құрамына су, белок, көмірсулар,
нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды
тұздар иондары кіреді.
Ядро — организмдегі протеиндік алмасуды реттеу арқылы
тұқымқуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін
жасушаның негізгі бөлігі.
Митохондрияларды
1952 жылы Палад пен
Шестранд ашқан. Осы
кезден бастап бұл
органоидтар барлық
тірі организмдердіқ
клеткаларынан
табылған. Оларды
көбінесе клетканың
энергия орталықтары
деп атайды.
Жануарлар мен
өсімдіктердің тыныс
алуының негізінде
жататын органикалық
заттардық тотығуы
және оттегімен
әрекеттесуі
митохондрияларда
Митохондриялар пішіні мен өлшемдері женінен
алуан түрлі болады, бұл клетканың әрбір типіне тән
қасиет. Қызылша тамырында олардың түрі гантель
тәрізді болады. Ал көпшілік жағдайда олар жұмыр
пішінді болып келеді. Оның сыртын қосарланған
мембрана жауып жатады, сыртқы мембрана шектеуші
болады да, ішкі мембрана үнемі ішке қарай тартылып,
жымырылып тұратын толып жатқан қатпарлар түзеді.
Олар митохондрияның ішкі қуысын сегменттерге
бөліп тұратын қатпарша тәрізді болады да, криста
деп аталады. Митохондрияның орта есеппен алғанда
8 күндей өмір сүретіндігі анықталған.
Лездемелік сұрақтар:
Митохондрияның жасушадағы
саны қанша?
Митохондрияны ең бірінші қай
жылы кім тапқан?
Митохондрия неше мембраналы
органоид?
Кестені толтыр
Органоид Құрылысы Атқаратын
қызметі
Митахондрия
Ядро
Пластидтер
Органоид Құрылысы Атқаратын
қызметі
Цилиндр, сопақша,
матрикс,
Митахондрия Энергия көзі
рибосомалар, ДНҚ,
РНҚ
Ядро шырыны,
ядрошық, Көбеюге. Негізгі
Ядро
хроматин, заты кариоплазма
хромосома.
Граналар,
түйіршіктер,
пигменттер Органикалық
Пластидтер
«хромопласт, заттар түзеді
лейкопласт,
хлоропласт)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz