Сазқұндызының


Slide 1

Тақырыбы:Сазқұндызының індетті ауруларында өнімдерді ветеринариялық санитариялық сараптау

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Саз құндызы ірілеу келген кеміргіштер қатарына жатады. Денесі құрлықта, суларда тіршілік етуге бейімделге, артқы аяқтарының бақайлары арасында жүзу жарғақтары болады. Денесінің түктері ұзын және үшке бөлінеді. Жүндерінің реңі-қоңыр қошқылдау, бір түстес, ал бүйірі сарғыштау.

Slide 3

Дене тұрқы 50-80см,

Салмағы 5-12кг

Құйрығының ұзындығы

30-50см

Жылуды сүйетін аң

Slide 4

Саз құндыз терісі бағалы аң

Slide 5

Саз құндызы бір кезде Оңтүстік Американың субтропиаклық және тропикалық суларында мекендеген. ХХ ғасырда Солтүстік Американың оңтүстігінде, Қытада қолда және торларда көбейтілуде.

Slide 6

Өнім

су

ақуыз

май

Минералды заттар

Калориялдығы

Саз құндыздың еті

66, 3

20, 7

8, 1

0, 9

203

Slide 7

Саз құндызының еті және басқа өнімдері міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтуі шарт. Сойыс өніміне қабылдамас бұрын ветеринариялық куәлікпен танысады. Артынан сазқұндыздарына ветеринариялық тексерулер жүргізеді. Сояр алдында 12 сағат азықтандырмайды.

Slide 8

Союға тек сау саз құндыздарына рұқсат етіледі. Сою арнаулы құрылғылармен жабдықталған, оңай жуылып тазаланатын орындарда жүргізіледі. Ветеринариялық-санитариялық тексеруге ұша толықтай, бассыз, құйрықсыз, терісіз жіберіледі. Сонымен қатар ішкі ағзалар-жүрек, бауыр, көк ет, бүйректер тексеріледі.

Slide 9

Саз құндыздарының ауру түрлері

Індетті

Жұқпайтын

Топалаң

Құтыру

Сіреспе

Геморрогилық септицемия

Пастерелез

Листериоз

Туляремия

Салмонеллез

Колибактериоз

Некробактериоз

Туберкулез

Тері жегіш

Арықтау

Травма

Іріңді ісік

Бітеу жара

Сарғаю

Перитонит

Өскін

Улану

Slide 10

Құтыру

Slide 11

Құтыру- Rhabdoviridae . Адамдар мен жануарларда жіті түрде өтетін, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирусты ауру.

Сойғаннан кейінгі диагностика.

Ұша төмен қондылықта, теріде тістелген іздер болуы мүмкін.

Ішкі ағзаларда гиперемия, қарынның іші бос, ішектердің кілегей қабығы қабынған, қанталаулар байқалады. Бас миы және оның қабырғалары ісінген, нүктелі қан құйылу кездестіреді. Диагнозды Бабеш-Негри денелерін табумен қояды.

Сойыс өнімдеріне ветеринариялық- санитарилық баға.

Ауру жануарлар сойысқа жіберілмейді.

Сойып қойған жағдайда ұшаны ішкі ағзаларымен өртеуге жібереді.

Slide 12

Топалаң

Slide 13

Топалаң. Ауыл шаруашылық жануарлары, жабайы аңдар және адамдардың жұғымтал індетті ауруы. Сойғаннан кейінгі диагностика. Сібір жарасымен зақымдалған жануарлардың ауруын патологиялық үрдістердің нәтижесімен анықтайды. Септикалық формада ұша нашар қансызданады, серозды қабықтарда қан ұю байқалады. Көк бауыр ұлғайған, тіндері қою қоңыр түсті, қаны қою, ұйымаған. Бауыр, бүйрек, жүрек ұлпасы дегенерация жағдайында, өкпесі тығыз, өліеттенген . Санитариялық баға. Топалаңға (сібір жарасы) күдік туған жағдайда сою үрдісін дереу тоқтатады. Күдікті ұшадан көк бауырды, өзгеріске ұшыраған ұлпалардың, зақымдалған лимфа түйіндерінен сынама алып бактериоскопиялық және бақтериологиялық зерттеу үшін зертханаға жібереді. Нәтиже шыққанға дейін, ұшаларды бөлек жерде оқшаулайды.

Бактериоскопия нәтижелі болса, бактериологиялық зерттеуді күтпей ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге өртеуге жібереді. Саз құндызынан қалған басқа да өнімдерді, шикізаттарды да міндетті түрде жояды.

Slide 14

Сіреспе. Адам мен жануарлар арасында кездесетін жіті түрде өтетін ауру. Қоздырушының уыты етті, денені салдандырады.

Slide 15

Сойғаннан кейінгі диагностика.

Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға.

Сіреспемен зақымдалған ұшада патологиялық-анатомиялық өзгерістер аса байқалмайды. Бұлшық еттің түсі піскен ет тәрізді болуы мүмкін, ал бауыр мен бүйректе дегенеративті өзгерістер, эпикардта қан жиналу байқалады.

Сіреспемен зақымдалған жануарды союға жібермейді. Сойылып кеткен жағдайда ұшаны ішкі ағзалармен бірге өртейді.

Slide 16

ПАСТЕРЕЛЛЕЗ

Жіті түрде өтетін індетті ауру. Терісі бағалы аңдардан бұл індетке саз құндыздан басқа құндыз, ақ кіс, өзен борсықтары және т. б. бейім.

Slide 17

Сойғаннан кейінгі диагностика. Көк етте (плеврада), өкпеде, эндокардта әр түрлі көлемдегі қан ұйықтары кездеседі. Кеуде қуысында іріңді жалқаяқ кездеседі. Саз құндызының өкпесі ісінген, шеттерінде қан немесе сұр гепатизация байқалады. Бауыры жұмсақ, ұлғайған, кейбір тұстары қоңыр қызылдан сарғыш-қызылға дейін әртүрлі боялған. Бүйректер де солған, кескенде шырынды, ұлғайған.

Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Сойыс өнімдерін шикі күйінде жіберуге тыйым салынады. Бұлшық етте дегенеративті өзгерістер болса, ұшаны барлық ағзаларымен қосып утилизацияға жатқызады. Патологиялық өзгерістер байқалмаса, бактериологиялық зерттеуді жүргізгеннен кейін ғана тағамға қолдануға рұқсат етіледі. Салмонела жоқ болса, ұшаларды қайнатылған немесе қайнатылып-қақталған шұжық өндіруге жібереді. Терілерді нұсқаға сәйкес залалсыздандырады

Slide 18

Ауру және ауруға күдікті саз құндыздарының қанын шығармай өлтіріп, терісімен бірг өртеп жібереді

Вирусты геморрагиялық ауру-өте жіті өтетін індетті ауру. Ауруға аса сезімтал деп сазқұндыздар деп саналады

Slide 19 Slide 20

Листериоз. Жіті және сепсис түрінде өтетін індетті ауру, ағзалар мен жүйке жүйелерінің зақымдалуымен сипатталады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Жүректің гипертрофиясы байқалады. Көк еттің ұлғаюы 1, 5 есе болады, оның сірілі қабығының астында ақшыл-сұр некрозды ошақпен, бауырдың ұлғаюымен сипатталады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық баға. Зақымдалған ағзалар мен басын утилизацияға жатқызады. Ұшаларды қайнатады. Теріні залалсыздандырып, сақтайды.

Slide 21

Салмонеллез

Ауыл шаруашылық малдарының жіті түрінде өтетін, контагиозды ауруы. Саз құндызында ыстық көтерілу, асқорыту жолдарының қабынуымен, көк бауыр мен бауырдың дегенеративті өзгеруімен сипатталатын ауру.

Slide 22

Сойғаннан кейінгі диагностика.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау.

Ұшалар арық. Қарынның кілегей қабықтарында 0, 3-0, 5 мм көлемде жаралар кездеседі. Бауыр босап, ұлғайған. Өт қабы ұлғайып, қою сұйыққа қолы, көк бауыр 8-10 есе ұлғайып, қою қызыл түстес. Нақты диагнозды бактериологиялық зерттеу қорытындылары шыққанда қояды.

Ішкі ағзаларды утилдейді. Ұшаларда өзгеріс байқалмаса, қайнатып барып пайдалануға болады. Терілерді ережелерге сәйкес залалсыздандырады.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz