*Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер


Slide 1

Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер

Кыдырбекова Айғаным Адлетовна

БЖ-515

Slide 2 Slide 3

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) - берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпараттық-есептеу желілеріне біріктірілген.

Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады. Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т. с. с. әрекеттер орындала береді.

Slide 4 Slide 5

Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:

Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру.

Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.

Желіге қойылатын талаптар:

• Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;

• Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;

• Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;

• Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;

• Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

Slide 6 Slide 7

Компьютерлік желілердің жіктелуі

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

географиялық қамтылу аймағына қарай;

өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

басқарылуына байланысты.

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін) .

Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Slide 8 Slide 9

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:

• бөлімдер желісі;

• кампустар желісі;

• корпоративтік желілер тәрізді топтарға бөлінеді

ТОПОЛОГИЯ бойынша желілердің жіктелуі:

Шиналық топология; Сақина топологиясы;

Жұлдыз топологиясы; Бұтақ тәрізді топология;

Толық байланысты топология; Аралас топология .

Slide 10 Slide 11

Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.

Шиналық топология - ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.

Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер - сервер желі жұмысын басқарады. Сервер - арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

Бір деңгейлі компьютерлер желісі - мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған.

Slide 12 Slide 13

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:

Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер) .

Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары) .

Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix) .

Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы) .

Slide 14 Slide 15

Желінің программалық-аппараттық құралдарын бірнеше сатыға бөлінген модельмен беруге болады, олар:

А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар - желі тұтынушысының шеткі жүйесі болып табылатын компьютер немесе терминалдық құрылғы (кез келген мәлімет енгізу-шығару немесе информация бейнелеу құрылғысы) . Олар хост-машина-мен байланысады. Хост-машина деп желі тораптарында (түйіндерінде) орналасатын негізгі компьютерлерді айтады.

Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компьютер мен оның программалары болғанмен, соңғы кездерде коммуникациялық құрылғылар да компьютер тәрізді маңызды рөл атқара бастады.

Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутизаторлар, модульдік концентраторлар, т. б. жатады. Қазіргі кезде коммуникациялық құрылғылар арнайы күрделі мультипроцессор түрінде де кездеседі, сондықтан оларға конфигурациялау, оптимиза-циялау және администрациялау істерін жүргізу керек.

Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС) .

Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды

Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т. б. қасиеттері есепке алынады.

В) Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәліметтер базасы, пошта жүйесі, мәліметтерді сығу (архивтеу) программалары, ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері, т. б.

Slide 16 Slide 17

E-mail немесе электрондық почта - нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.

Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады. Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:

1) шығатын хабарды жіберуге - SMTP (SMTP - Simple Mail Transfer Protocol - пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;

2) келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 - протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.

Slide 18 Slide 19

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т. б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.

Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі.

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

- жеткізу агенті - мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді.

Slide 20 Slide 21

Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады.

Поштаны орнатып оның жұмыс істеуі үшін:

- ақпараттық құралдар - модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет.

- Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек.

Электрондық пошта (ЭП) компьютері арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат түрлі басқа мәліметтер жіберумен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып қабылдауға болады.

Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26

Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл - адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар) . Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл - адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

Slide 27

Әлеуметтік желілер тарихы

1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді.

Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.

Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды. Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» - дің негізгі кемшілігі - шектеулі қолдану болды.


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Компьютерлі желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz