Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат



Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім
Орындаған: Тоқтасынова Құралай
Топ: Т-413 ЖМФ
Семей 2015 ж

Жоспар:
Азаматтық құқық
Қазақстандық елжандылық
Этносаралық келісім
Пайдаланылған әдебиеттер

Азаматтық құқық - бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық - құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад.


Глоссарий 1. Абсолютизм- жогары окімет билігі шексіз жеке-дара бір адамнын қолында турган мемлекеттік басқарудын турі. 2. Атеизм(грек. Atheos-қудайсыз) -социализм кезінде оқу пәні және гылыми ілім турінде кен оріс алды, басты мақсаты-дінді бекерге шыгару, қудайды мойындамау. 3. Апатридтер- ешбір мемлекеттін азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде турса, сол елдін занына багынады, бірақ саяси қуқықтары болмайды.
4. Азаматтық қогам- адамгершілік, діни, улттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы қатынастарынын және институттарынын жиынтыгы. 5. Әмбебап партиялар- муше санын емес, сайлаушылар санын кобейтуге тырысқан партиялар. 6. Билеуші партиялар- қолдарына мемлекеттік билік тиген, қогам дамуынын басты багыттары мен сипатын айқындауга мумкіндік алган партиялар. 7. Билік- 1) адамдардын іс-әрекетіне, қызметіне, тагдырына белгілі бір адамдардын (бедел, жігер, қуқық, зорлықтын) комегімен әсер ету мумкіншілігі; 2) адамдарга саяси билік жургізу; 3) мемлекеттік органдардын жуйесі;




Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris - Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі кагандыгы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапкан.
«Патриотизм», «елжандылық», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркін аймаққа мүше болуға ұмтылысы, білім беру жүйесінің Болон декларациясына сәйкес әлемдік білім кеңістігіне кіруі біздің алдымызға үлкен маңызды міндеттерді жүктейді. Бүгінгі жаhандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады. Қазақстан патриотизмі әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады.

Патриоттық тәрбие берудің педагогика және психология ғылымдарында зерттелу бағыттары Еліміздің егемендік алуымен байланысты «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақ патриотизмі» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары жаңа санатқа ие болып, қайта қолданысқа енді. Зерттеу барысында «Патриотизм» ұғымына философиялық, педагогикалық тұрғыда ғалымдардың анықтамаларын негізге ала отырып, «елжандылық», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні бүгінгі күн тұрғысынан зерделедік. Педагогика тарихында түрлі кезеңдерде патриотизм, қазақ патриотизмі, советтік патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық, отанжандылық, қазақстандық патриотизм т. б. ұғымдардағы айтылған тұжырымды ойлар бұл проблеманың тамыры тереңде екендігін көрсетеді. Философиялық сөздікте «патриотизм (грекше patris - отан) - адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.


Этносаралық келісім
Мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінің негізінде әртүрлі этностар арасында ауызбіршілікті қатынас орнап, олардың өзара төзімділікте өмір сүруі және әр түрлі діндер арасында сұхбаттың болуы қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның құрамы көпэтносты әрі көпконфессиялы болуына байланысты тәуелсіздік алған тұста сарапшылар Қазақстанды қақтығыстық (конфликт) қаупі жоғары аймаққа жатқызды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz