Техникалық керамика: қасиеттері, қолданылуы және аглопорит өндіру технологиясы


Slide 1

Орындаған: Дюсембинова М. У Тексерген : Лебаева Ж. Т ТОП: ХН -221

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОӨЖ Тақырыбы : Техникалық керамика, қолдануы. Керамикалық материалдардың технологиясының заманауи күйі. Керамикалық материалдардың жіктелуі. Жасанды саңылаулы толтырғыштар, өндіріс технологиясының негізі. Аглопорит технологиясының негізі

Slide 2

Керамика(грек. keramіke - қыш өнері, keramos - саз) - қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т. б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т. б. ) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т. б. ), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады

Slide 3

Техникалық керамика таза оксидтер және оттегісіз қосылыстар негізінде алынады. Оксидті керамиканы өндіруде негізінен Al2O3 (корунд), ZrO2, MgO, CaO, BeO, ThO2, UO2 оксидтері қолданылады. Оксидтердің балқу температурасы 2050 - 3050°С. Сондыктан осы оксидтердің негізінде алынған керамика отқа төзімділігі жоғары материал болып есептеледі.

Корунд негізіндегі керамика-химиялық төзімді материал, жақсы диэлектрик, үлкен беріктігін жоғары температурада сақтай алады. Корунд негізіндегі керамикадан жасалған бұйымдар техниканың әр саласында кеңінен қолданылады. Одан кескіш, калибр, фильер, пеш конвейерінің подшипнигі, жоғары температуралық пештің бөлшектері және т. б. жасалынады. Корундты отбақыр түрлі металл, қорытпа, оксид және қож балқыту үшін зертханада қолданылады.

Цирконий оксиді негізіндегі керамика металл мен қорытпаны балқытатын отбақыр, пеш, аппарат және реактордың жылулық изоляциясы, металды жоғары температура әсерінен қорғайтын материал ретінде қолданыс тапты.

Магний және кальций негізіндегі керамика көптеген металл мен қорытпаның қожына төзімді келеді. Магний оксиді негізінде жоғары температураға төзімді кірпіш және басқа материалдар алынады.

Балқуы қиын оттегісіз қосылысқа карбид, борид, нитрид, силицид және сульфид жатады. Бұл қосылыстар жоғары отқа төзімділігімен, тозуға төзімділігімен, қаттылығымен және морттылығымен ерекшеленіп, техниканың әр саласында қолданыс тапты.

Slide 4

Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады. Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын орны мен қасиеттеріне, негізгі шикізатына немесе күйдірілген керамиканың фазалық құрамына қарай жіктеледі. Шикізаттардың құрамы мен күйдіру темп-расына байланысты керамикалық заттар тығыз (су сіңіруі 5%-тен аз) және кеуек (су сіңіруі 15 - 25%-ке жетерлік) болып екі топқа бөлінеді.

Slide 5

Шикізаттардың құрамы мен күйдіру температусына байланысты керамикалық заттар тығыз (су сіңіруі 5%-тен аз) және кеуек (су сіңіруі 15 - 25%-ке жетерлік) болып екі топқа бөлінеді. Құрылымына қарай ірі түйірлі (құрылыстық және шамот кірпіштер) және ұсақ түйірлі (фарфор, фаянс) деп ажыратылады. Керамика өндірісінің негізгі шикізаты - саз. Саз ішінде мөлш. 5 мм-ден астам тастар болса, машинадан өткізіліп не тазартылады, не уатылады. Ұсақ түйірлі керамикалық бұйымдар даярлау үшін күйдіргенде түсі ағаратын балшықтар, ақ саздар (каолиндер), кварц, дала шпаты, т. б. қоспасыз сапалы шикізаттар қолданылады.

Slide 6

Аглопорит - кеуек құрылымды жасанды құрылыс материалы.

Агломераттау торында сазды жыныстарды немесе көмірді байыту және жағу кезінде шыққан қалдықтарды (шлак, күл) термиялық әдіспен өңдеп, алынған түйіршіктерді майдалау (фракциялау) жолымен дайындалады. Аглопорит жеңіл құйматас (аглопорит құйматас) дайындауға және жылу сақтайтын төсем ретінде қолданылады.

Жылу өткізгіштігі 0, 1 - 0, 22 ккал/(м/сағ/0С) 0, 12 - 0, 26 Вт/(мК) . Қазақстанда Аглопорит өндірудің технологиясы 1955 жылы Ғылым Академиясының Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында жасалды. Соның негізінде 1965 жылы Алматы облысы Боралдай кентінде Аглопорит цехы салынып, онда майда Аглопорит (5 - 10 мм және 10 - 20 мм, орташа тығызд. 650 - 850 кг/м3) шығарылды. Цех кейін Талғар қаласына көшірілді. 1960 - 1980 жылдары Қазақстанда Аглопорит Алматы, Қарағанды облыстарында өндірілді

Slide 7

Пайдаланылған әдебиеттер http://ref365. ru/. html http://bigox. kz/legirlengen-bolattar/ http://www. uralpsk. kz/info_armatura_a3_a1. html


Ұқсас жұмыстар
Резеңке, шыны, керамика және полиолефиндер: құрамы, қасиеттері және қолданылуы
Қиыршық тас: түрлері, техникалық талаптары және өндіру технологиясы
Азот қышқылын өндіру технологиясы мен қолданылуы
Қиыршық тас пен шағалды өндіру технологиясы мен техникалық талаптары
Көбікбетонның технологиясы, қасиеттері және қолданылуы
Кілегей өндіру технологиясы: өндірістік процестер, қолданылуы және сапа бақылауы
Мелассаның технологиялық қасиеттері және этил спиртін өндіру технологиясы
Аглопоритті гравий өндіру технологиясы: шикізат, грануляция және агломерациялық күйдіру
Соя майын өндіру технологиясы және оның құрамы мен тағамдық қолданылуы
Сұйықтардың физикалық қасиеттері және кілегейден май өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz