Жүн мен қылшықты жинау, сұрыптау, тазалау және тасымалдау әдістері


Slide 1

Жүн мен қылшықты өңдеу

Орындаған:Камзанова Асия

Slide 2

Жоспар:

Жүн мен қылшық

Жүн мен қылшықтың сипаттамасы

Жүнді жинау, тазалау және тасымалдау

Slide 3

Жүн мен қылшық былғары мен тон өндірісінің өте бағалы өнімі, себебі олар тоқыма өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Солай бола тұрса да былғары өндірісінде жүнді жинап алуға жөнді көңіл бөлінбейді. Мех және тон өндірісінде жинайтын жүнді зауыттық жүн деп атайды. Зауыттық жүннің сапасы тірі малдан қырқып алынған жүннен нашарлау болады. Теріде ұзақ, нәрсіз тұрған жүн қаттылау, бос және жөнді боялмайды.

Былғары өндірісінде жүнді өзеңмен байланысын әлсіретіп барып, механикалық жолмен жүн сыпырғыш машиналарда сыпырып тастау арқылы алады.

Бағалы жүні бар терілерді мысалы: қой, ешкі немесе шошқа терілері, ферментативтік немесе механикалық жолмен тазартады. Мех өндірісінде жоғары бағалы жүнді қой терісінен қырқып алады.

Алынған жүнді тоқыма өндірісіне жібереді. Жүн мен қылшықтың сапасы мен шығымы малдың тұқымына, жынысына, сойған кездегі салмағына және оның тұрған жерінің климатына, бағу жағдайына байланысты.

Slide 4

Жүн мен қылшықтың сипаттамасы

Былғары зауытынан алынатын жүн шикізат түріне қарай бөлінеді: сиыр (мүйізді ірі қараның терісінен алынған) жылқы, қой және ешкі жүндері.

Негізінен былғары зауыттарынан сиыр жүні алынады. Бірақ ең бағалысы қой жүні. Жағу арқылы алынған жүннің сапасы онша жақсы болмайды, өйткені күкіртті натрий оның сапасына кері әсер етеді, жүнді бұзады. Ешкі жүні ұзын қалдықтан және майда түбіттен тұрады. Ол екеуі де өте бағалы шикізат. Қылшық жүн щетка өндірісінде қолданылады.

Slide 5

Жүн сапасының негізгі көрсеткіштері ондағы болатын майлы заттардың, минералды қосындылардың, тері өзнңі мен шелдің шамасына байланысты болады. Шошқа терісінің қылшығы бағалы қосалқы шикізат болып табылады. Қылшықтың жүннен айырмашылығы оның ұшының сыртқы қабатының бірнеше тарамға бөлінуінде. Мұндай қылшықтардытсурет салатын және бояйтын щетка жасауға қолданады.

Қыста сойылған жасы жеткен шошқаның қылшығы өте ұзын, қатты, берік және жылтыр болады, оның ішінде арқа мен мойын қылшығы бағаланады. Қылшық жүннің сапасы оны алу әдісіне байланысты. Оны алу үшін натрий сульфиді мен ферментативті әдіс, күлдеу, қыру және жұлу әдістері қолданылады.

Slide 6

Өндірісте жүнді қалыңдығы бойынша сұрыптайды:

1 - жіңішке;

2 - жіңішкерек;

3 - қатты;

4 - қаттылау .

Ұзындығы бойынша:

1) 35 мм және одан ұзын;

2) 25 - 35 мм;

3) 10 - 25 мм .

Түріне қарай:

1) ақ;

2) сұр;

3) түрлі түсті.

Slide 7

Жүнді жинау, тазалау және тасымалдау

Мех өндірісінде қырқылған жүн, желдеткіш - вентиляторлар арқылы арнаулы бункерге түседі, әртүрлі ұзындықтағы жүннің араласып кетпеуі үшін бункер тез - тез босатылып тұрады. Тері қалдықтарынан тазартылған жүн сортталып, 2 - 3 рет көпсітіліп, кептірілгеннен соң, суытып орап, салмағы 60 - 70 кг-ға жететін бума тең жасалынады. Жүнді матаға желімдеу арқылы жасанды мех алуға болады.

Slide 8

Былғары өндірісіндегі қалдық жүнді былай тазартады. Жүн сыпыратын машинадан өткен соң, оны шайып, кептіріп, буып тең жасайды. Күлдеу цехындағы жүн майлы заттар және минералды тұздармен былғанып түседі. Мұндай кезде ол тез гидролизге түсіп, бұзылып кетпеуі үшін оны жуады. Күлдеуден өтен жуылмаған жүнді 6 сағаттан аса сақтамау керек, ал жағып сылау әдісі арқылы сыпырылған жүнді 1 сағаттан аса сақтауға болмайды.

Slide 9

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.

Slide 10

Сылаусыз әдіспен шыққан жүн шайынды суымен бірге барабан астындағы жинағышқа түсіп, үздіксіз суды рециркуляциялау арқылы алынады.

Бұл әдістің артықшылығы:зиянды химиялық реагенттерде аз уақыт болғандықтан жүн біршама жақсы сақталады, тазартылған суды қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Құс еті мен жұмыртқаны классификациялау, жинау, сұрыптау, буып-таңбалау, сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификациясы және жұмыртқаны жинау, сорттау, буып-түю, таңбалау және сақтау мен тасымалдау
Қолданбалы социологиялық зерттеулер: әдістеме, кезеңдер және сұрыптау әдістері
Массивтерді сұрыптаудың әдістері және жылдам сұрыптау алгоритмі
Бейорганикалық қосылыстарды тазалау және анықтау әдістері
Ағынды суларды тазалау және залалсыздандыру әдістері
Сандық зерттеулердегі мәліметтерді жинау құралдары мен әдістері
Ауыстыру, көпіршікті (шейкер) және жедел сұрыптау: әдістері мен тиімділігі
Бағалы аң терісін сұрыптау, алғашқы өңдеу, сақтау және сату әдістері
Сүзудің түрлері мен әдістері, сүзгі құрылғылары және сұрыптау мен ұнтақтау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz