1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Орындаған:Байзақ Н. С.
Тексерген:Мурзалимова А. К.
Тобы:ВС-403
Cемей- 2015 жыл

1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құқығының бірі-денсаулықты және дамудыдың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық қатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауамкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялың білім беру дегенде әрбір адам-ның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім тәрбие беру және даму процетерін түсінеміз. Экодогиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне жене басқаларға сын көзбен қарай білу және т. б. Қызметі табиғи ортаға және адамың денсаулы-ғына зиянды өсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде Экологиялы дайындыгы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет. Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралың экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді. Бір бірімен байланысты экологиялың білім беру мен білім беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады. Экологиялық білім беру дегеніміз әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.
Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар:
қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат мен антроиогенді экожүйелердің өзара қатынасыныц жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортаны тұрақсыздандырушы факторлар және олардың салдарлары. Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары, Арал аймағындағы экологиялық апатты жоюдың ықтимал жолдары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. Семей ядролық сынақ алаңы және ҚР территориясындағы өзге де полигондар. Ядролық сынақтарға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Минералдық шикі заттарды игеру және олардың экологиялық зардаптары. Қазақстанның батысындағы жаңа экологиялық шиеленіс аймақтары, Каспий маңы аймағы мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті. Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ; 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар. Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы) . Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың - 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т. б. кіреді.
Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.
Алакөл қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 197, 1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликті шағала, қаз, тырна және т. б. ) қорғау.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.
Үстірт қорығы
Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223, 3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм) . Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі.
Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150, 6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1, 5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.
Батыс Алтай қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т. б. сирек аңдар кездеседі.

3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Табиғатты қорғауға қол жеткізудің негізгі әдістерінің бірі табиғатты ұтымды пайдалану болып табылады.
Табиғатты ұтымды пайдалану - адамдардың материалдық және материалдық емес игіліктердегі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табиғатты пайдалану процесінде адамның табиғи ортаға әсер ету теориясы және практикасы.
Табиғатты ұтымды пайдалануды анықтайтын критерийлерге мыналар жатады:
- минералдық ресурстарды тиімді кешенді пайдалану;
- ауа райы мен климаттың ауытқуларын болжау. Берілген мәселенің тиімді шешілуіне адамның шаруашылық қызметінің көптеген салаларының өнімділігі, ауыл шаруашылығындағы, авиациядағы шығындардың азаюы және т. б. байланысты болады;
- литосфера ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қыртысында геологиялық өзгерістерді тудыратын табиғи және техногенді факторларды айқындау және зерделеу;
- биосфераның даму процестерін реттеу. Негізгі міндеті - адамның материалдық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін биосфераның өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу;
- өндірісте жаңа техника мен технологияларды пайдалану, ал атап айтқанда: көп салалы аз қалдықты және ресурс сақтайтын технологияны қолдану, су және газ айналымдары циклдерін пайдалану, энергияны алудың балама көздерін пайдалану, биотехнологияны, ферменттер химиясын, сұрыптық және гетерогенді электркатализді дамыту (ағынды суларды, газдарды және т. б. тазарту қалдықтарын пайдаға асыру кезінде теңіз суынан металдар бөлінуі) ;
- қоршаған ортаның көп компонентті мониторингін ұйымдастыру. Адам табиғатты ұтымды пайдалану үшін оның қызметіне әсер ететін барлық құбылыстар мен процестер туралы жан-жақты ақпаратты алуы тиіс. Тек шұғыл араласу ғана қалаусыз процестер барысын өзгертуі, адамның табиғатпен әрі қарай өзара әрекеттесу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сол немесе басқа шаруашылық шараларын ұзақ мерзімді жоспарлуы, ландшафтты-экологиялық ортаның өзгерісіндегі жаһандық заңдылықтарды айқындауы мүмкін және т. с. с.
- табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық және әдіснамалық тұжырымдамаларын әзірлеу;
- табиғатты ұтымды пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың жеке салалары бойынша ұлттық және халықаралық зерттеулерді ұйымдастыру.
- экологияны ғылым ретінде дамыту, экономика мен техниканы экологияландыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz