Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : 1 Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Орындаған : Есенова Т. А
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Мурзалимова А. К
Семей 2015 жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
2) Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
3) Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиет

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық этика және биоэтикалық білім берудің
маңыздылығы және оны жүргізу үшін қажетті жағдайлар мен
заңдылықтарын қарастыруға бағытталған зерттеулердің
жоқтығы байқалады.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау,
іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен
практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты
қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту
жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді,
әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды
дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау
жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша
экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және
үздіксіз болуы қарастырылған.

Биологиялық этика - ол қайырымдылық пен қатыгездіктің, ар-ұят пен
парыздың, намыс пен абыройдың биологиядағы эксперименталдық
және теориялық жұмыстардың аясына және де оның нәтижелерінің
практикада қолданылуы барысында жалпы адамзаттың тіршілікиелеріне
деген адамгершілігінің қарым-қатынасының жиынтығы.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Биоэтиканың қалыптасуының ең алғашқы маңызды алғы шарты экологиялық қозғалыс идеологиясы болып табылады. Ғылыми-техникалық прогресс адам мен адамзат үшін орасан зор игілік әкелгенімен қатар оның өзінің тіршілігі мен мекен ортасына қауіп төндіруде. Экологиялық ойлаудың биомедицинаға әсері әсіресе әдетте қолданатын дәрі-дәрмектердің адам организміне көптеген жағдайда қолайсыз етеуінен өрши түскен.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ; 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс.
. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т. б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді.

1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т. б. ұйымдар қатысады.
Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Ақсу-Жабағылы қорығы
Алматы қорығы
Наурызым қорығы
Наурызым қорығы
Қорғалжың қорығы
Үстірт қорығы

Марқакөл қорығы
Батыс Алтай қорығы
Алакөл қорығы
Қаратау қорығы
Барсакелмес қорығы

Ұлттық парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ұлттық табиғи парктер] ] дің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.

Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50, 7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы, биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай « Жалауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы», т. б деп аталады.
Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181, 6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.
Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Ауданы 90, 3 мың га. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212, 1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т. б. ) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135, 8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.

Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz