Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері



Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Орындаған: Әбдікәрімова Р. А
Группа : АГ-313 III- курс
Тексерген: Каламов Б. Х

Сабақтың мақсаты:
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері мен танысу
Егіншілік жүйесі және оның түрлері туралы жалпы түсінік беру

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Егіншілік жүйелерінің тарихи дамуы ның нобайы
Егіншілік жүйесінің тиімділігі
Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Осы күнгі егіншілік жүйелері әр түрлі теорияларға негізделеді және олардың бәрі егіншілік жүйелерінің алдына қойған міндеттерді орындауға бағытталған.
Бірінші орында егіншіліктің жалпы заңдары тұрады және олардың дұрыс пайдалану - егіншілік жүйелерінің теориялық негізі болып саналады.
Екіншіден, егіншілік жүйесінің ғылыми негізін құрайтын теориялық қағида-топырақтың құнарлылығы туралы ілім.
Келесі бір көңіл аударатын жайт - топырақты эрозиядан қорғау мәселелері мен өсімдіктерді зиянкес, аурулардан тазартып алу шаралары. Бұл шаралардың маңызы күннен - күнге артып, құрғақшылық аудандардағы ылғалды үнемді пайдаланумен бір қатарға шығып отыр.

Егіншілік жүйелерінің тарихи дамуының нобайы және олардың ерекшелік нышандары
Егіншілік жүйелері
Жерді пайдалану деңгейі
Топырақ құнарлылығын арттыру тәсілдері
Қарапайым (тыңайған, кесіп- өртеу; тыңайтылған, ағаш - танапты. )
Өңдеуге жарайтын жердің аз ғана бөлігі пайдаланылады. Егістікте, негізінен дәнді дақылдар өсіріледі.
Табиғи процесстер, адамның араласуынсыз
Экстенсивті (парлы, көптанапты - шөптік)
Өңдеуге жарайтын жердің жартысы, одан да көп бөлігі пайдаланылады. Егістікте, дәнді дақылдар мен көп жылдық шөптер басым болады. Таза пар қолданылады.
Табиғи процесстер, адамның араласу - бағыттауының көмегімен
Интенсивті (ұрық алмастыру, өндірістік - зауыттық ж. б. )
Өңдеуге жарайтын барлық жерлер егіс егуге пайдаланылады. Кейде егіс көлемі өңделетін жердің көлемінен артық болуы. отамалы дақылдар қолданылады.
Өндірісте алынатын заттарды кең түрде пайдалану арқылы

Егіншілік жүйесінің тиімділігі оны құрайтын бөліктерін іске асыруда жүргізілетін жұмыстарды толық жүзеге асыруына байланысты болады. Бұл міндетті орындаудағы жағдайлар:

ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНДАРЫ

Шаруашылықтың жерін дұрыс ұйымдастыру және ауыспалы егістер жүйесі
Жер бедеріне, топырақ жамылғысының ерекшеліктеріне, су көздеріне т. б. жағдайларға сәйкестендіріп, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді ғылыми түрде, тиімді етіп орналастыру қажет.
Егістікті қолайлы жерлерге орналастыру жағын қарастыру керек .
Ауыспалы егіс - егілетін дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Ауыспалы егістерді ендіру және игеру егіншілік жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі.
Шаруашылықта ауыспалы егістерді құрастыру және территорияға орналастыру үшін алдымен олардың түрлерін, алып жататын жердің көлемін, танаптың орташа мөлшерін т. б. көрсеткіштерді анықтау керек.

Топырақ өңдеу жүйесі
Егін шаруашылығында жауапты жұмыстардың бірі.
Топыраққа жан-жақты әсер етеді, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуда атқаратын ісі өте маңызды. Сондықтан ауыспалы егістерде топырақ өңдеу жүйесін жасағанда ол топырақтың ерекшеліктеріне сай, өнім алу барысында қолданылатын агротехникалық шаралармен үйлесімді, ауа райының нақтылы жағдайларына байланысты болып келуі керек.
Топырақ өңдеу жүйесін жасағанда оны минимализациялауды пайдаланған жөн. Осы сияқты топырақ өңдеудің нақтылы көрсеткіштері көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп, егіншілік жүйесінің буыны ретінде беріледі.

Тыңайтқыштар жүйесі
Тыңайтқыштар қолдану жобасын орындауға бағытталған ұйымдастыру - шаруашылық, агрохимиялық және агротехникалық шаралардың жиындығы.
Тыңайтқыштарды артық бергенде алатын өнімнің сапасының төмендейтіні және қоршаған ортаның ластануы.
Сондықтан тыңайтқыштар жүйесі ғылыми тұрғыдан жасалынып, дұрыс қолдануын табуы керек.

Мелиоративтік шаралар
Топырақты және микроклиматты түбегейлі түрде жақсартатын жұмыстар жатады. Олардың қатарында - жерді суландыру мен құрғату, тоғандар мен суаттар салу, химиялық мелиорация сілтілі топырақты гипстеу, жайылымдар мен шабындықтардың беткі қабатын және терең жақсарту және т. б. Жұмыстар жатады.
Топырақты екінші тұздануына қарсы күресу үшін шайып суғару, дренаж жүйесін жасау, жоңышқа егу, топырақты терең өңдеу, гипс беру, тұрақты каналдардың жағасына ағаш отырғызу сияқты тәсілдерді қолдану қажет.

Өсімдік зиянкестері, аурулары және арамшөптермен күресу жүйесі
Қазақстанның егін шаруашылығында фитосанитарлық жағдай нашарлауда екенін көптеген фактілермен дәлелдеуге болады. Сондықтан егіншілік жүйесінде зиянды организмдермен күресудің үлесі зор.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері, аурулары және арамшөптерімен күресу кешенді түрде жүргізілуі керек, сонда ғана дұрыс нәтиже шығады. Химиялық заттарды қолдану өте мұқият әзірленгенде ғана қолданғаны жөн. Бұл зиянды организмдермен күресуде алдын ала болжаудың маңызы зор екенін ұмытпау керек.
Зиянды организмдермен күресудің құрамында карантиндік шаралардың жеткілікті орын алуы қажет.

Тұқым шаруашылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz